Б?рышты? градусты? ж?не радианды? ?лшемдері


Алгебра 9-сынып
Сабақтың тақырыбы Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Мақсаттары Оң және теріс бұрыш анықтамаларымен танысу;
Бұрыштың радиандық өлшемдерін табу жолдарын үйрету;
Ресурстар Оқулық, сызбалар, кестелер
Оқыту нәтижесі Оң және теріс бұрыш анықтамаларымен танысады;
Бұрыштың радиандық өлшемдерін табу жолдарын табуды үйренеді
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе
2 минут - Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
- жұпқа бөлу ( есептер бойынша)
4 жарты алма (2)
0 мен 2-нің арасындағы бүтін сан
Үстел үстінде 4 шырақ жанып тұр. Үшеуін сөндіріп тастадық. Қанша шырақ қалды? (3)
1 жұмыртқа 3 минут піседі, ал 4 жұмыртқа неше минут піседі? (3)
Ең кіші натурал сан? (1)
20 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (2) -Сәлемдеседі ;
-Көңіл-күйлерін білдіреді;
- есептерді шығарып жұпқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын
тексеру
3 минут №1 (an)- арифметикалық прогрессия
a1=10, d=-4 a9=?
a9=a1+8d=10-32=-22
№2 (an)- арифметикалық прогрессия
a1=2, d=0.1 n=5 an=?
a5= a1+4d=2+0.4=2.4
№3 геометриялық прогрессия
2,-6, … b7=? bn=?
b7=b1q6=2*(-3)6=1458
№4 bn- геометриялық прогрессия
b1=8 , q=12 S5=?
S5=b1(q5-1)q-1=8*313212=312=1512№5 (an)- арифметикалық прогрессия
a5=27, a27=60 S15=?
a5=a1+4d a1+4d=27
a27=a1+26d a1+26d=60
22d=33
d= 1.5
a1=27-4*1.5=27-6=21
a15=a1+14d=21+14*1.5=42
S15=a1 +a152*15=21+422∙15=472.5Есептердің жауабын интерактивті тақтадан қарап,бір-бірінің дәптерлерінен тексеріп, бағаларын қояды
Тұсау кесер
3 минут
10 минут БІЛУ. Бұрыш ұғымы туралы білетіндерін толтырады.
ТҮСІНУ.Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу.
Сабақтың тақырыбын айтып, бұрын нені білетінімізді және бүгін қандай ұғымдармен танысатынымызды айтып, оқушыларға жұптық тапсырма беру:
1-жұп: «Оң және теріс бұрыштар»
2-жұп: «Радиандық бұрыш, градустық өлшеммен берілген бұрышты радианға аудару»
3-жұп: «Бұрыштың градустық өлшемнен радианға және радиандық өлшемнен градусқа ауыстыру жолдарын мысалдар арқылы түсіндіру» Кластер құрады
Постер құрып, қорғайды
Негізгі бөлім
10 минут ТАЛДАУ. «Миға шабуыл»
Сұрақтарды оқушылар өздері құрайды Тақырып бойынша оқушылар ойларын айтып, бір-бірлеріне сұрақтар қояды береді
10 минут ҚОЛДАНУ.Тақырыпқа сай есептер шығару.
1-жұп: №346 Бұрыштардың қай ширекте орналасатындығын табу керек.
2-жұп: №348 Радиан арқылы өрнектеу керек.
3-жұп: №349 Градус арқылы өрнектеу керек.
Оқушылар жұпта талқылап, тақтаға орындап, дәптерлеріне жазып алады.
Қорытынды
5 минут ЖИНАҚТАУ. «Интервью» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
«Білгеніңіз,түсінгеніңіз, үйренгеніңіз, түйгеніңіз» Тақырып бойынша не білгендерін, не түсінгендерін, не үйренгендерін, не түйгендерін айтады.
Бағалау
2 минут Бағалау парағы бойынша бағалау Үйге тапсырма А тобы