Б?рышты? градусты? ж?не радианды? ?лшемдері


Пән: алгебра
Сынып: 9 «А»
Күні: 21.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Сабақтың мақсаттары:
1.Білім берушілік: Бұрыштың радиандық өлшемін табуды, бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы қатынастарды есеп шығаруда қолдануын үйрету
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабқтың барысы:
1) І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
Жаңа сабаққа дайындау:
3121660292100 90°<α<180° У 0°<α<90° II- ширек I- ширек
1854835116205х
III- ширек IV- ширек
180°<α<270° 270°<α<360°
ІІ Жаңа сабақ
Бұрыштың радиандық өлшемі деп бұрышты құрайтын шеңбер доғасының ұзындығының оның радиусына қатынасын айтады.

-шеңбер доғасының ұзындығы;
R-шеңбер радиусы;
-шеңбер доғасына сәйкес бұрыш
Анықтама. Ұзындығы радиусқа тең доғаға керілетін центрлік бұрыш шамасын 1 радиандық деп аталады.
Шынында да радиусы r-ге тең шеңбердің ұзындығы 2πr-ге тең.Онда бұл шеңбердің ұзындығы r-ге тең доғасы 1 2π бөлігін құрайды.Сондықтан осы доғаға керілетін центрлік бұрыш 360°-тың 1 2π бөлігіне тең.
1 радиан =12π360°≈57°17 451°=2π360°≈0,17радиан
π≈3,14 π=180°90°=π2; 60°=π3; 45°=π4; 30°=π6; 20°=π9 ; 10°=π18 ; 18°=π10;
Мысалы: 40°=2∙20°=2π9 ; 50°=5∙10°=5π18; 135°=3∙45°=3π4 ; 150°=5∙30°=5π6 ; ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №345, №346, №347
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №348, №349
Сабақты бекіту кезеңі:
Толық бұрыш жалпы түрде қалай беріледі?
Бұрыштың өлшемнің екі түрін де қолданудың қажеттілігі неде?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: №354