?ылыми жоба Сандар сыры


«№4 орта мектеп» КММ-нің
2«А» сынып оқушысы
Шоқпар Әбілмансұрдың
«Сандар құпиясы» ғылыми
ізденіс жұмысына
Пікір
Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған.Қуантатыны білім,ғылымның дамуымен қатар мектеп оқушылары ,әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жаңа көзқарасы, жаңа ойлар,ізденістері, білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны. Сондай оқушылардың бірі №4 орта мектептің 2 «А»сынып оқушысы Шоқпар Әбілмансұр ғылыми ізденіске жаңадан аяқ басып өзінің «Сандар құпиясы» тақырыбындағы жұмысын назарымызға ұсынып отыр.Бұл жұмыста ол ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына бала жүрегімен шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған.Біраз сандардың сырларына қанығып, ғылыми болжамдарға , ұстанымдарға назар аударып,өз қатарларына сандар қасиетінің өмірде алатын орнын түсіндіре білген.
Шоқпар Әбілмансұр ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған.Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып, халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін.
Пікір беруші Сыдыкова Б.Т.
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ доценті,п.ғ.к.
Аннотация
«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген.Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған.Хлық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасаған.

Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Сандар тарихы
1.2. Сандар сыр шертеді
1.3. Сандар қасиеті
1.4. Сауалнама
1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізгендерім

ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
-252095-99695 Кіріспе
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады деген екен. Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан сіздермен мен бүгін шамам келгенше сандар әлеміне саяхат жасаймын. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандардың тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор екен. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сансыз күнделікті тұрмысты елестету мүмкін емес екен. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Бұрынғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған екен.
Негізгі бөлім:
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар көптеген пәндер мен ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Осы жұмысымды қолға алғанымнан бері ұққанымды баяндап көрейін.

Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған екен. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген./төменде кейбір түрлерін келтірдім/
Жіп түйіп санау

Сүйем арқылы өлшеу

Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.
Табанмен өлшеу

0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
lefttop
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.

Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық
ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді.
Олар 1 саны санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Күні-түні демалмайтын екеу:

Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең.
3 саны. Қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат.Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. өйткені қытайларда төрт – «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік
ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.


Тақырып барысында ізденіс үстінде жүріп құран кітабымызға ерекше көңіл қойған едім.Құран сөзі оқы,үйрен дегенді білдіреді екен.Осы оймен қалалық мешітке барып жүргенімде өзім үшін жаңалық болғаны құран кітаптағы бисмиллях рахмани рахим сөзінде 19 әріп бар екен.Бұл 19 санының қасиетін ашады,яғни 19 саны да қасиетті сан болып шықты.
Жоғарыдағы мәліметтерді жинай отырып маған мынадай ой келді: Осы сандар құпиясы басқаларды қаншалықты қызықтырар екен? Құрбыларым қасиетті киелі сандар жөнінде білер ме екен?
Сол ойымды жүзеге асыру барысында сыныптастарымнан сауалнама алып, бірнеше ата-аналарды және мұғалім апайларымды да ойға тартып көрдім . Сондағы алған нәтижем төмендегідей болды:
Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында өз жобаммен сыныбымды таныстырып ,сауалнама алып,білетін қасиетті сандарының санаулы екеніне көз жеткізіп, өзім білген сандар құпиясын аштым.Олар да қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.Алынған сауалнама нәтижесі:
Сауалнама:
1.Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а)ия ә)жоқ
2.Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а)ата-анадан ә)мұғалімнен

3.Қандай қасиетті сандарды білесің?
4.Қасиетті сандардың астарында не жатқанын білесің бе?
а)ия ә) жоқ
5.Қасиетті сандар жайында мәлімет жинағың келе ме?
а)ия ә) жоқ
Сауалнама қорытындысы:
1.иә -20оқушы (100%)
2.ата-анадан -5 оқушы (25 %)
мұғалімнен-15 оқушы (75 %)
15240-2802255
3.Иә-10 оқушы (50%)
Жоқ-10 оқушы(50%)
-299085-490220
4. «7 саны»-20 оқушы (50 %)
«3 саны»-20 оқушы (50%)
«4саны»-20 оқушы (50%)
-603885-612775
Қасиетті сан туралы барлық оқушыларда түсінік бар екен,бірақ ата-аналарымыз сандар қасиеті жайында көп айта қоймайтыны анықталды.Сыныптастарымның білетін қасиетті сандары 7,4,3 екен.Басқа сандар жайында түсінік болмады.Дегенмен құрбыларым сандар туралы деректер жинастырғылары келетінін қуана айтты. Меніңше оларды қызықтырдым.Жұмысымның жалғасын биылғы жылы қазақ халқымыздың қашаннан киелі саны 7 санынан бастадым
7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады.

Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жетіқарақшы– аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.


Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

Сіздермен бөлісетін келесі бір сәтсіз көрініс 7 санының киелілігін айқындай түскендей болды.Сыныптағы азаматтық қорғаныс күніне арналған тәрбие сағатындағы өмірмен алынған байланыс сыныптасым Аяулым үшін үшін ең ауыр болды.Ал менің бала жүрегімді сыздатты.Айтайын деп тұрғаным қасіретті жеті жұт . Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).Егер мүмкін болса осындай қасіретті жұт елімізді жайламаса екен. Қалай алдын алуға болар екен? 7 санын әрине кие тұтам ,тек құтылу жолы табылса деп армандаймын.

Қорытынды
Адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да әйтеуір бір сандармен байланысы бары анық. Бұл өзі Жаратқан Иемізге ғана белгілі құпия сыр ... Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады. Менің жұмысымда әлі нәтижем жоқ.Бірақ,
Ұлы Абай атамыздың
Өсек,өтірік,мақтаншақ
Еріншек,бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз деген өлең жолдарын бойтұмар қылып алып
сандар туралы айтылатын әртүрлі қызықты, мазмұнды ақпараттарды білуге талаптанамын. Қоршаған ортаның бізге ашпаған құпиялары өте көп.Сол сияқты сандар сиқыры мен құпиясы да көп. Бұл жөнінде тынбай ізденуім керек.Менің ізденісім ұстазым үшін үлкен еңбек және қуаныш,ал мен үшін шығармашылық шабыт деп сенемін. Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Алдамұратова Т.А «Математика»Алматы «Атамұра»
2.Әлімбай Т.Р. «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар»
3.»Мөлдір бұлақ», «Балдырған» журналдары
4.»Құран кітабы» беттері
5. «Сиқырлы сандар құпиясы»энциклопедиясы
6. «Ол кім ,бұл не?»энциклопедиясы
7. http://www.wikibilim.kz/