?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері. Киіз ?й
Күні :
Пәні:бейнелеу өнері
Сыныбы: 2 а,ә,б,в
Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй
Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының сәндік қолданбалы мұраларымен таныстыру,киіз үй оның құрылысы мен танысу барысында қазақ халқының мәдениеті мен таныстыру төл баспанамызды танып білуге,қастерлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Киіз үй макеті, Қазақтың салт-дәстүрлері , буклеттер,түрлі түсті қарындаштар,кетіргіш,
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Амандасу Оқушыларды түгендеу Үй тапсырмасын бағалау
1Дизаин дегеніміз не?
2 Дизаинер суретші дегенде нені түсінесіңдер?
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу: Жұмбақ
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінде киіз үй дің алатын орны ерекше.Осы дәстүрді көнеден келе жатқан бастамасын бүгінгі заманымызға дейін көзінің карашығындай сақтап жеткізе білді.Киіз үй кошпенді қазақтардың жиналмалы баспанасы.Киіз үй негізінен шаңырақ,уық,кереге,сықырлауықтан тұрады.Бұлардың бәрі қайың,терек,кепкен талдан жасалады.
1 Киіз үйдің бөлігі шаңырақ.Шаңырақ отбасылық жәдігер,әулет жалғастығының белгісі.Оны еш уақытта төңкеруге және жерге тастауға болмайды.Шаңырақ киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.Оның пішіні күмбез тәріздес,ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.Шаңырақ бірнеше бөліктерден тұрады.
Киіз үйді әдетте 3, 4 адам бір сағаттың ішінде құра алады. 1 Тоғын.Ол шаңырақтың негізгі қатты ағаштан жасалып өрнектеледі. 2 Күлдіреуіш.Қайың ағашынан иіліп жасалады. 3 Беріктік.Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады,өрнектеледі.
Киіз үйді тігу
Халық ұғымында киіз үйді құрастыруды тігу деп аталады.Тігу үшін алдымен керегелерді бір біріне қосып,оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі.Есік шығыс жаққа қаратылады.Кереге басын бас арқанымен орай тартып,маңдайшшасы екі жақ басына мықтап байлайды.Үйдің берік тұруы,оның салмағы осы бас арқанға тұседі.Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп,оның жан жағынан уық шаншылары. Қазақ салтында шаңырақты ер адам көтереді.Уық тегіс шаншылып біткенен кейін,ірге киіз жабылады.Онымен үй айнала орала жабылып,түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады.Ірге киіз желді күні маң,топырақтан қыста суықтан қорғайды.Осыдан кейін туырлық 2 Босаға жақтан бастап жабылып ,үзік бау арқылы белдеуге байланады.Ең соңынан түндік жабылады.Киіз үйді жығу тігу әдісіне керісінше яғни түндікті сыпырудан басталып,соңы керегелерді жинап алумен аяқталады.
Киіз үй пайдалануына қарай бірнеше түрге болінеді.Мысалы :Қара үй Үш қанат, Қоңыр үй,Төрт қанат,Боз үй,Бес қанат,Ақ үй,Алты қанат,Ақ ала орда,Сегіз қанат,ақ орда Он екі қанат,ақ шаңқан,Он сегіз қанат,алтын үзік,жиырма төрт қанат,алтын орда отыз қанат,
Киіз үй негізгі үш бөліктен құралады.
1 Үйдің сүйектері.ағаштан тұратын бөліктері.
2 Киіздері.шиде осыған кіреді.
3 Бау, шулары баулары мен басқұр арқандары.
Міне осынндай киіз үйде ел даңқын асырып намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып өскендігін айтуға болады. Әрісі керей Әз Жәнібек Тәукехан Абылай Кенесары Ұлы Абай Мұхтар Әуезовтердің кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген.
Сергіту сәті
Саусақтарға арналған жаттығулар
Ақ парақты алайық,
Алақанды қояйық.
Жағалатып сызайық,
Не болғанын қарайық.
Екі оқушы бірігіп ,
Бір киіз үй жасайық!
Тест тапсырмасы
1.Киіз үйдің ағаш есігін не деп атайды?
А.сықырлауық Ә.Маңдайша Б.Табалдырық
2Шаңырыақ киіз үйдің қандай бөлігі?
А.Ең төменгі бөлігі Ә.Ең жоғарғы бөлігі Б.Ортаңғы бөл
3 .Киіз үйдің сүйегі қандай ағаштан жасалады?
А.Шыршадан Ә.Ағаштан Б.Қайыңнан
Қорытындылау
Қазақтың дәстүрлі баспанасы жайлы не білдіңдер?
Киіз үйдің құрылысын ата.
Бағалау
Үйге тапсырма: «Киіз үйді тігу» немесе «Жайлауда» атты композициялық сурет салу.
Үстірт орта мектебі
Тақырыбы: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй
Бейнелеу пәні мұғалімі: Жақсыбаева Айман Оразбаевна