С?ндік ?олданбалы ?нер


Сабақтың тақырыбы : Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты : Білімділік. Оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну, қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
дамытушылық : Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру,оқушының ой –қиялын дамыту, сәндік бұйымдарды дұрыс бейнелеуге баулу.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге, отанды сүюге, ұлттық өнердің ерекшеліктерін сезінуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Қолөнер бұйымдары , сөзжұмбақ ,құрал – жабдықтар , слайд.
Түрі : дәстүрлі сабақ
Әдісі : Сұрақ – жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі .
а) Оқушылармен амандасу,
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар , үйге қандай тапсырма берілді?
Сұрақтары :
Мүсін дегеніміз не ?
Мүсінді қандай материалдардан жасайды?
Мүсін неше түрге бөлінеді?
Монументті мүсін неге байланысты жасалады?
Қазақтың ең алғашқы кәсіби мүсіншісі кім ?
ІІІ. Жаңа сабақ .
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар.
Сіндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.
Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи және жасанды заттар.
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері : керамика ( фарфор), әйнек (ыдыстар, құмыра, мозайкалар ), көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар
( зергерлік бұйымдар ), жиһаздар ( сәндік маталар, киімдер ), ойыншықтар. Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдары мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Алдымен бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталайықө

Бейнелеу өнері
Кескіндеме сәндік қолданбалы өнер
Мүсін
Сәулет өнері дизайн графика

Сәндік қолданбалы өнер

Керамика тоқыма бұйымдары, жиһаздар
металдан жасалған бұйымдар
Көркем оймыш
Қолөнер
Ұста зергер ісмер шебер
Ұста – қару – жарақ , ер – тұрман , сауыт – сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Зергер – алтынмен аптап, күміспен алқа, сырға , білезік жасайтын адам.
Шебер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ісмер - ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Тұрмыста сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады.
Ал , балалар, «Ойлан тап ребусын» шешейік.

РЕБУС ШЕШУ
ʼʼʼʼʼʼʼʼ ʽ ʼʼ ʽʽ ,,, ʽʽ ,,,
Шебер
Оқушыларды үш топқа бөлу
І топ Ұста
ІІ топ Зергер
ІІІ топ Ісмер
Әр топ өз атауларына байланысты бірнеше сурет салу.
Сөзжұмбақ .
Қ О Л Ө Н
Е Р 1. Мойынға тағатын зергерлік зат ( алқа )
2. Суретшінің өз кейпін салған шығармасы ( автопортрет )
3 . Суда жақсы еритін бояу ( акварель )
4 Халық қолөнерінің қолтаңбасы (ою – өрнек )
5. Көркем өнердің бір түрі ( мүсін )
6. Табиғатты бейнелеу ( пейзаж )
7. Әшекей бұйым жасайтын адам ( зергер )
Қорытынды .
Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?
Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс – аяқтарды кімдер жасайды ?
Ісмер деген кім ?
Ұста деген кім
Бағалау .
Үйге тапсырма . Оқушылардың үй тапсырмасына ұлттық бас киімдерді салып келу