“Мектепке дейінгі т?рбиеде ?олданбалы с?ндік ?нерді ?олдану жолдары”


“Мектепке дейінгі тәрбиеде қолданбалы сәндік өнерді қолдану жолдары”
Қолданбалы сәндік өнер де бейнелеу өнерінің өзге түрлері сияқты балалардың сұлулықты сезіну қабілетін дамытады.
Қолданбалы сәндік өнердің бір түрі декоративті сурет салу. Халықтық декоративті өнеріне жататын туындылар балалар ұғымына өзінің әсемділігімен, композициясының қрапайымдылығымен өте жақын.Педагог балаларды еліміздің әр түрлі халықтардың, өлкелердің декоративті өнерімен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға, әрі ғажап сұлулықтың жасампаз иелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге тиіс.
Декоративті сурет салуға үйрететін педагогтың алдында мына төмендегідей міндеттер тұрады:
-әр түрлі формадағы ою-өрнектерді құруға байланысты композицияларды сезіне білетін қабілетті дамыту;
-түсті сезіну қабілетін дамыту;
-декоративті өнердегі әр қилы стильдерді айыра және ондағы кейбір элементтерді өз творчествасында пайдалана білу қабілеттерін дамыту
-қарындашпен, қылқаламмен жұмыс істеуде жинақтаған техникалық дағдыларын одан әрі жетілдіруі керек;
Педагог балаларды декоративті сурет салуды үйретуде олардың өрнек – нақыштардағы барлық компаненттердің бояулардың әр қилы түсімен, композициямен, форма элементтерімен өзара тығыз байланысын көре білу қабілетін дамытуға тиіс.
Бала заттардың бойындағы әшкейлі ою-өрнектердің, сол заттардың атқаратын міндетіне және формасына қарай өзгеріп отыратындығын сезе әрі түсіне білуге тиіс. Ол, міне сонда ғана безендірудің мәнін, орынды, мақсатқа сай екендігін және форма мен мазмұнның тұтастық байланысын түсінеді.
Балалар декоративті сурет салумен таныса отырып, симметрия және ритм деген ұғымдарды анық түсініп, ұғынып алуға тиіс. Өйткені, декоративті өнер ритм мен симметриясыз өмір сүре алмайды.
Декоративті сурет салуда түсті сезіне білу қабілетін дамыту маңызды міндет ретінде дараланады. Оюлы нақышта бояудың түсі композициясымен тығыз байланысты, ал ою-өрнекте олар бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас бірлікте болады.
Әрине, мектеп жасына дейінгі балалардың түсті сезіне білу қабілеті ерте дами бастағанмен олар түстің үйлесу мүмкіндіктерінің бәрін бірдей меңгере алмайды.
Декоративті сурет салуда бояудың алуан түсін пайдалану міндеттері әрбір топтың өзінде ақ қиындай , күрделене түседі. Мұның өзі әуелде барынша ашық, анық қарама қарсы түстердің үйлесімінен басталады да, жұмсақ және суық түстердің әр түрлі реңктерін үйлестірумен аяқталады.
Бұл міндеттерді балалар қарапайым бейнелеу формаларын салуды меңгерген соң ғана жүзеге асыруды бастауға болады, себебі, олардың назарын жаңа міндетті шешуге , яғни керек формаларды белгілі бір тәртіппен орналастырылған әшекейлі өрнек алуға жұмылдыру қажет.
Балалар бейнелеу барысындағы алғашқы дағдыларды 1және 2 кішкентайлар тобында берілген тапсырмалардың декоративті сипаты бар. Бірақ бұл сабақтардың негізгі мақсаты - әшекей өрнек жасау емес, қайта керісінше, түзу сызықтарды әр түрлі бағытта жүргізе білу дкғдыларын бекіте түсуді ғана көздейді.
Балалар декоратиыті сурет салуға үйрету тікелей төрт жастан басталады. Декоративті сурет салу естиярлар тобында мынадай міндеттерден тұрады.
-Жолақтағы, квадраттағы, шеңбердегі ою-өрнектердің формаларын бір ырғақта орналастыра білетін композициялық іскерлікті дамыту
-түсті сезіне білетін қабілетті – қарама қарсы түстерді әдемі үйлестіретін дағдыны дамыту
-қылқаламды пайдалануда жинақталған, техникалық дағдыларды ұшын жеңіл тигізу, дамыту.
Әуелде балалар қылқыламмен түзу сызықтар жүргізуге және олардың арасындағы бояуды бір ырғақта жағу блмаса нүктелер салуды ою-өрнектердің күрделенуіне сәйкес түс бойынша алма кезек жүргізуді және олардың орналасуын өзгертіп отыруды үйренеді.
Алғашқы суреттердің композициясы өте қарапайым, бір ғана элементті ырғағын сақтай отырып қайталап шығу. Адамға тән қол қозғалысының ырғағы бұл қайталауды жеңілдетіп, сонымен бірге ырғақты бейнелеу формасында бере білуге көмектеседі. Естиярлар тобында балалар формасы немесе түсі бойынша екі элеметті алма-кезек ауыстыруға ғана қабілетті келеді.
Сурет пен аппликация арқылы декоративтік бейне жасағанда, бұларға ортақ жағдай, қай форманың болмасын өрнегін қағаз бетіне орналастыруды, өрнек элементтерін осы формаларға бөлуді үйрету. Сондықтан декоративтік сурет пен декоративтік аппликация сабақтары бір-біріне байланысты болуы керек.
Декоративтік аппликацияның өрнек элементтерін балалар әзір күйінде алады және ішінара өздері де жасайды. Мысалы, тік бұрышты екі бүктейді де, бүктелген жерінен кесіп-екі квадрат, квадратты диоганал бойынша кесіп екі ұшбырыш, дөңгелекті екіге кесіп екі жарты дөңгелек алады. Осы элементтерді орналастырады, егер әдемі шықпаса, орындары ауыстырып, жылжытып форманы өзгертеді, басқа түсті алуға болады, бір сөзбен айтқанда, алға қойған міндетке сәйкесуі және балалар қанағаттантындай, бұдан гөрі әдемірек болу жағы іздестіріледі. Сондықтан аппликацияға өрнек түзуді балалар тез меңгереді.
Сол себепті, жаңа формаға өрнек жасауға дағдылануды аппликациядан бастау керек, сонда декоративтік сурет салғанда балалар негізінен көңілін өрнек элементтерін беруге аударатын болады.
Ең алдымен балалар бұйымға өрнек салу дегеннің не екенін және неге керек екенін мағлұмат алуға тиіс. Ең жақсысы – мұны балалардың киімдерінен-алжапқыштарынан, свитерлерінен, шапкаларынан, шарфтерінен және тағы басқа-көрсету және түсіндіру. Мұндай әңгімені, күннің 2 жартысында, 10-15 минут уақыт бөліп, барлық балалармен өткізу керек. Өрнектің композициясы мен оны құрастырушы элементтеріне көңіл аудара отырып, әр бұйымды жеке-жеке қарастырған жөн. Егер осыдан кейін декоративтік сурет сабағы өткізілсе, балалар тапсырмаға саналы түрде қарайды.
Бес жастағы балалардың алдына декоративті сурет салудың күрделі анағқрлым қиын міндеттерін қоюға болады. Өйткені, олардың эстетикалық сезіну қабілетінің даму деңгейі әлдеқайда жоғары болып келеді. Балаларды мына төмендегілерге үйрету қажет:
-ою-өрнектердің симметриясын қағаздың формасына немес заттың көлеміне қарай орналастыра білуді үйрету;
-ою-өрнектерде әр алуан түзу, дөңес сызықтар мен формаларды шөптерге тән элементтерді пайдалана білуге үйрету;
-фонға, соның түсіне қарай әр түрлі бояулардың үйлесімін таба білуге үйрету;
-қылқаламды оңтайлы, дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Ең әуелі балалар естиярлар тобында жүріп үйренген икемділігін бекіте түседі. Бұл үшін олар түзу сызықтардан, бояу жағуды, нүктелер түсіруді әр түрлі формадағы ою-өрнек құрастыратын болады. Бірақ бұл сабақтар естиярлар тобында өткен жаттығуларды тектен-тек қайталауға жатпайды. Мұнда түстің алуан түрлерінің ішінен қежетін және ою-өрнектерде үйлеседі-ау деген әр түрлі элементтерді қалауынша таңдауға мүмкіндік беріледі.
Балалар 1- тоқсанда шеңберге ою-өрнектерді салуға үйретеді. Олар мұнда шеңбер форманың бәрін ою-өрнектермен толтырады. Олар ою-өрнектердің әлементтерін шеңбердің орталығынан бастап, концентрлі шеңбер бойынша симметриялы түрде орналастыруды бірте бірте дамытады. Квадрат пен шеңберді ою-өрнектермен толтыруды үйренген соң, оларға ұшбұрышты овал алтыбұрышты және бұлардан да қиын, формаларды ою-өрнектермен безендіру жаттығулары беріледі.
Балалар ересектер тобында түстің алуан түрлі спектрлерінен түрлі түсті фонмен үйлестіруге, ою-өрнектері әр қилы көлемді формаларды құрастыра, қиыстыра білуге үйренеді. Мұндай суретті сала білудің қиындығы, беогілі бір қажетті ою-өрнектердің композициясын бір қалыпты қолдана алудфң күрделігінен. Өйткені, әуелде композицияны тұтас елестете алмайсың да, тек оның бөліктерін ғана қағазға түсіре аласфң. Себебі композициядағы ою-өрнектер өзінің формасын жазықтықта орналасуына қарай өзгертіп отырады. Сондықтан да балаларға сурет салуға ұснылатын көлемді, ірі заттардың формасы қарапайым болуы керек.
Жеті жастағы балаларды үйретудің міндеттері: заттардың атқаратын қызметі мен ерекшелігіне орай ою-өрнектерді жазық және көлемді формасында құрастыра білетін композициялық сезіну қабілетін дамыту;
-әр алуан түсті және олардың әр түрлі құбылатын реңктерін әр қилы үйлесімде пайдалана білетін түсті сезіну қабілетін дамыту;
-халықтық декоративті әшекейлердің сан алуан түрлерінің ерекшеліктерін көре білуге және соның кейбр элементтерін өздері салатын суретте пайдалана білуге үйрету;
-қылқаламмен, қарындашпен жұмыс істеу үстіндегі техникалық дағдыларын жетілдіре түсу керек.
Балалар мектепке даярлық тобына дейін ою-өрнектерді дөңгеленген және тік бұрышты формаларға құру принціпімен таныс болып келеді. Енді олар жаңа формаларды, яғни тік бұрышты немесе көп бұрышты формаларды және вазалар, құмыралар тағы басқа заттардың жазықтықтағы әр қилы формаларын салуды қарастырады. Бұл заттардың дұрыс геометриялық формасы болғандықтан, бұларға салынатын ою-өрнектер де әр түрлі принціптерді талап етеді.
Балаларға заттарды берер алдында тәбиешінің өзі әшкейлерді ұқыппен карап, талдап алады. Олар бутоннан (гүлдің қауызы) гүлдерден және жапырақтардан тұрады. Гордецкий әшекейлерінің бояу түсінің ерекшелігі, яғни бір гүлге немесе бутонға екі түсті реңк, күңгірт қызыл және қызғылт, немесе көк және көгілдір, күңгірт күлгін және ашық көкшіл тағы басқа пайдаланады. Бұл ерекшеліктерді балалар өте жақсы меңгеріп алады әрі бояған кезде қателеспейді. Гүлді салғанда бір ізділік тән және қажетті :алдымен таңдап алынған түспен дөңгелек сызылады, оған сол түстегі күңгірттірек реңкпен дәл ортасына емес, шетіне кішкентай дөңгелекше және оның астына түстегі доға сызылады. Бұл-Бутон. Әшекейлердің құрылысы өте қарапайым, тек бірнеше ғана варианттары бар. Ортасына әдетте ең ірі гүл, ал бүйірлеріне ең майдалары салынады. Гүлдің сабағы кеске көлденең жайғасып, жоғарыға немесе бүйірге бағытталған болуы мүмкін. Сабақ доға секілді иіліп тұрады.
Бутондарды, жапырақтарды және гүлдерді салуды үйренген соң, бір түске екі реңкті пайдалану шарттарын орындауда балалар декоративтік композициялардың әр түрлі жолдарын ойланады, хвлықтық көркемсурет ерекшеліктерін сақтай отырып өздерінің творчествосын көрсетіп, гүлдер мен жапырақтарды әр алуан әшекейлейді. Бұл суреттерді гуашь бояуымен ақ немесе түрлі түсті қағазға салуға болады. Декоративті жұмыстарды балаларға тек қана қағазға салумен шектеп қоймай, егер мүмкін жағдай бола қалса, оларға балшықтан, ағаштан, картоннан, қайың қабығынан жасалған заттарға әшекейлер жүргізуді үйреткен орынды. Декоративті жұмыстар тек сабақ үстінде ғана емес, сондай – ақ бос уақытта да істеленеді. Мұндай жағдайларда балалар өз қалаулары бойынша кейде азғантай топ болып, кейде бәрі болып, мысалы, мерекелік салтанатқа даярлану, залды көркемдеу тағы басқа тартылады. Балалардың мұндай жұмысқа қатысуы әр түрлі болады, біреулері композиция бөліктерін ойып-қиып жатса, екіншілері оларды әшекейлейді, содан соң желімдейді. Материалдарды, деталдарды, үлгілерді ойлап пішіп, ұқыпты даярлау, сол сияқты орындалатын жұмыстардың барлық жоспарын жасау тәрбиешіден талап етіледі. Жалпыға ортақ іске жұмылдырылған балалар барлық уақытта бос болмай, қызыға істеулеріне көңіл бөлген дұрыс.
Даярлық топтағы балаларды суретшінің кәсібімен, оның шығармаларының қалай жасалғанымен таныстыруға болады.
Алайда балаларға не белгілі екенін білмей тұрып, бәрін оларға түгел айтуға болмайды. Кім суретші деп атайтынын олар біледі ме екен, сол жайлы сұраңыз.Егер балалар дұрыс жауап бере алса, онда олардың жауабын кеңейтіп, дәлелдеңіз, суретші деген-адам, оның қағазға қарындашпен сурет салатынын, енді біреулерінің кітапты иллюстрациялайтынын, сондай – ойыншықтар, ыдыс-аяқтар мен маталарды әшекейлейтін суретшілердің де бар екенін айтады. Топта суретшінің қолы тиген заттарды табуға балаларды жұмылдыру керек. Әрбір бала өз халінше ол заттардың әдемілігін, қалайша әшекейленгенін түгел айтып берсін. Сабақ соңында суретшілердің репродукциясын көтсеткен жөн.
Сонымен қолданбалы, яғни декоративті сурет салуды балаларға үйрету мектепке дейінгі мекемеден басталады. Олар декоративті сурет салудың негізін қалайды. Осы арқылы мектепке дейінгі балалар қазақ халқының өнері, туындылары, ерекшеліктері жайында мағлұмат береді. Осы жұмыстарды орындау барысында тәрбиеші әр түрлі тәсілдерді қолданып, барынша қызмет атқаруы керек.
Мектеп алды даярлық тобында жүргізілген бейнелеу сабағының конспектісі
Тақырыбы: Тақияны безендіру
Мақсаты: Балаларға ою-өрнек туралы туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық киімдері жайлы айту. Ою - өрнектерді қиюларын қадағалау.
Бірізділікке үйрету.
Мен мектеп алды даярлық тобында сабақ жүргізу барысында балалардың алғашқы қолданбалы сәндік өнер, яғни ою-өрнек жайында түсініктерінің қандай болатынын байқадым.
Балаларды ұйымдастырып алдым. Тақиямен ою-өрнекті жасамас бұрын қазақтың ұлттық киімдері жайлы әңгімелеп бердім.Одан шаблон бойынша қию
тақияны
ою-өрнектерді
тақияға ою-өрнекті симметрия заңдылығы бойынша орналастыру
барлығын болған соң желімдеу.
Осыларды алдымен өзім түсіндіріп, қиып, жабыстырып көрсеттім, содан кейін балалар жұмысқа кірісті. Балалар жұмысқа қызыға араласты. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін балаларға ескертіп отырдым.