Монша? пен сымнан жасал?ан с?ндік б?йымдар (2-сынып)


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Моншақ пен сымнан жасалған сәндік бұйымдар
Мақсаты Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Су моншақтың аты араб сөзінен“ бусер ” жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады.XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет.Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.Сумоншақпен кестелеу технологиясы: Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды.. Оның қолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады. Берілген тақырып бойынша қағазға эскиз - жоба салынады. Дайын суретті матаға қарындашпен сызып көшіреміз. Моншақты матаға бекіту технологиясын пайдалана отырып, матаның ең оңай деген жерінен жұмысты бастауға болады. Суреттегі түстердің бір - біріне ауысуын ескере отырып бейнелеуді тігіп шығуға болады. Инені матадан өткізіп суреттегі түсіне лайықтап моншақтар тізіп, салынған сурет өте кіші болса, 1, 2 су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан бекітіледі тігілген моншақтар көлденеңінен жатуға тиіс. Жұмысты екі инемен немесе бір инемен де орындауға болады. І. Бір инемен тігу үшін қажетті түстегі су моншақты 4 - 5 см ұзындықта тізіп инені мата астына өткізіп, бастау етіп түйіндеу керек. Осы қатарды басынан бастап сол инемен 2, 3 моншақтың арасынан жіппен бекітіп матаға тігу керек. ІІ. Екі инемен тігу үшін бір инеге моншақ тізіп екі инемен 1, 2, 3 моншақтан кейін матаға бекітіп отыру керек. Моншақты матаға бұдан көп бекітуге болмайды. Егер моншақ көп болып кетсе матаның бетінде 1 салбырап бос қалады. Бисердің отаны - Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте - бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтын атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда - гарданы,Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.
Мағынаны тану

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды 3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады