Биология ?ылымы. ?ылымдар ж?йесіндегі биологияны? орны ж?не ма?ызы.?МЖ


Күні: 03.09.2016ж Биология 10 «Б» сынып Пән мұғалімі: Оразбаева А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаратылыстану ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы
биология» курсының алатын орны. Курстың мақсаты мен міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Биология ғылымы ғылымының ерекшеліктерін тереңдете түсініп, оның басқа ғылымда алатын орны қандай екендігін практикалық тұрғыда дәлелдей отырып, биология ғылымының орның басқа ғылымдармен байланыстарын ұғыну.
Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, миға шабуыл, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже: Жалпы биология ғылыми туралы білімдерін тереңдете түсініп, сыни тұрғыда ойланып, тірі ағзаның тірішілік әрекеттерін түсініп, күнделікті өмірде өз денсаулығын сақтай білуді ұғынады.
№ Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дереккөздер, көрнекіліктер
1 2 мин Сәлемдесу, түгелдеу, карталар таңдау арқылы топқа бөліп отырғызу, зейіндерін сабаққа аудару. «Шаттық шеңбері» 2 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І. Білу. « Миға шабуыл»
1.Жалпы биология ғылымы туралы не білесіздер?
2.Биология ғылымының маңызы қандай? Миға шабуыл арқылы сыни тұрғыда ойланып, жалпы биология туралы не білетінін
өз ойларын ортаға салады. 3 10 мин ІІ.Түсіну
Биология — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. “Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген.
Биология салалары одан әрі қарай организмдердің зерттелу ауқымдылығы мен зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді.
1.биохимия - тіршіліктің химиялық негізі ілімі;
молекуляр биология - биологиялық молекулалар жүйелерінің бір-бірімен күрделі арақатынастарын зерттейді;
2.жасуша биологиясы - барлық жанды нәрселердің құрушы бөлігі - жасушаны зерттейді;
3.физиология - организмнің ұлпалары мен мүшелерінің химиялық және физикалық функциясын қарастырады;
4.экология - әртүрлі организмдердің қоршаған орталарымен байланысын саралайтын ілім.
5.зоология - Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым.
6.орнитология - зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы.
7.Арахнология- зоология ғылымының өрмекшілерді зерттейтін саласы.
8.анатомия- тірі ағзалардың ішкі және сыртқы құрылыстарын зерттейтін биология ғылымы.
9.Бриология- мүктерді зерттейтін ботаника ғылымының саласы. Оқушылар биология салалары туралы ойларын толықтырады Оқулық
дәптер
4 10 мин ІІІ. Қолдану
1 топ – Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері
2 топ - Жасушаның құрылысы мен қызметі
3 топ - Генетика Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз ойларымен бөліседі оқулық
5 2 мин «Сергіту сәті»
Оқушылар бинероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен қайталайды. Бейнеролик
6 8 мин ІV. Талдау
«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтырылады. Берілген сұраққа әр оқушы жеке жауап береді, уақытқа орындайды, бір-бірінін жауаптарын тыңдап, (кателерін) талдайды. оқулық
7 3 мин V. Жинақтау.
1. Биология ғылымының қандай салалары бар?
2. Биология терминін кім енгізді?
3. Биологияның қандай зерттеу әдістері бар?
4. Биология ғылымының негізін кім қалады? Оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылайды 8 3 мин VІ. Бағалау.
1.Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2.Түсінбеген, сендерге қиындық туғызған сұрақтар бар ма?
№ Аты-жөні Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау
Топ басшылар топ мүшелерін бағалайды 9 2 мин Кері байланыс.
Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
Үйге тапсырма:
Жалпы биология туралы оқу Күнделіктеріне жазып алады. Тексерген: ________________________