Саясаттану ж?не ?леуметтану негіздері п?нінен Саяси т?ртіп та?ырыбы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ № 6
тобы күні
Пән: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Сабақ тақырыбы: Саяси тәртіп
Сабақтың мақсаты Білімділік: білімгерлерге саяси тәртіп түсінігі, саяси тәртіптің
бөлінуі жайлы білім беру.
Дамытушылық: тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жеткізе білуге,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты ұрпақ
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, дәріс жазу
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, қоғамтану
Пайдаланылатын әдебиеттер: Д.Жамбылов Саясаттану.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі
Білімгерлерді жаңа білімді қабылдауға психологиялық дайындау үрдісі жүреді. Ол
үшін білімгерлерге тақырыпқа қатысты логикалық сұрақтар қойылады
II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)
Білімді тексерудің түрі: өтілген материалды қайталау және жүйелеу.
Білімді тексерудің әдісі: ауызша.
Білімді тексерудің ауызша әдісі сұрақ-жауап формасында өтеді.
Осылайша, сабақты пысықтау үрдісі жүзеге асады.
«Қоғамның саяси жүйесі» деп нені айтады?
Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?.
Г.Алмонд пен Д.Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар
қандай?
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?
III. Жаңа материалды баяндау
(сабақты жүргізудің түрі)
Сабақты жүргізудің түрі: жаңа материалды оқып-үйрену. Оның ішінде дәріс сабақ.
Сабақты жүргізудің әдісі: түсіндірме-иллюстрациялық және проблемалап баяндау
әдістері. Сабақты пысықтау үрдісі жүзеге асырылғаннан кейін жаңа материалды
баяндау мақсатында дәріс оқылады. Дәріс оқу барысында көрнекі құралдар
пайдаланылып, тақырыпқа байланысты мысалдар келтіріледі. Тақырыпты
білімгерлерге жете түсіндіру үшін білімгерлер оқулықпен жұмыс істейді.
Осы арқылы білімгерлер бойында салыстырмалылық ойлау қабілеті қалыптасады.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Саяси тәртіп (режим) түсінігі. Саяси тәртіптің екіге бөлінуі.
2.Демократиялық тәртіп.
3.Антидемократиялық тәртіп. Антидемократиялық тәртіптің екіге бөлінуі:
Тоталитарлық, авторитарлық тәртіп.
IV. Жаңа материалды бекіту
(есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.)
Жаңа өтілген тақырыпқа қатысты білімгерлерге сұрақтар қою арқылы бекіту.
1. Саяси тәртіп (режим) түсінігі. Саяси тәртіптің екіге бөлінуі.
2.Демократиялық тәртіп.
3.Антидемократиялық тәртіп. Антидемократиялық тәртіптің екіге бөлінуі:
Тоталитарлық, авторитарлық тәртіп.
V. Үй тапсырмасы Т- кестесін толтыру
Ұқсастықтары Айырмашылықтары
Д.Жамбылов Саясаттану 60-беттегі «Саяси тәртіп» тақырыбын оқу.
VІ. Қорытынды.
Білімгерлерді бағалап, бағаларына түсініктеме беріп, кемшіліктері мен жетістіктерін
айту.
Оқытушы Жабыкбаева Ш.Е.