Таби?атта?ы жануарлар мен ?сімдіктерді? байланысы


Күні: 13.02.2015ж
Сыныбы: 3 «Ә»
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысыСабақтың мақсаты:Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға қызығушылығын арттыруТәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға үйрету.Сабақтың типі: Аралас сабақСабақтың түрі: дәстүрліСабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау,әңгімелеу, талдау, көрнекілік, стоСабақта қолданылатын көрнекіліктер: «Өмір айналысы» сызбасы, тірек - сызбалар, үлестірмелі карточкалар, жануарлар мен өсімдіктердің суреттері, интерактивті тақтаСабаққа қажетті құрал - жабдықтар: А3 плакаты, желім, түрлі түстіфломастерлерПәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнеріСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындықҚорқытпаймыз құстарды,Қызықтаймыз ұшқанды.Үркітпейміз аңдардыЖасамаймыз дұшпандық!II. Үй тапсырмасын тексеру- Үйге берілген «Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі»- Кез келген бір жануарды алып, оның тіршілік ортасына бейімділігін түсіндір- Үлкендермен талқылап, қандай жануардың дене бітімі сүңгуір қайыққа ұқсайтынын білIII. Үй тапсырмасын бекіту«Жануарлар» тақырыбында тест жұмысы1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?А) Жануарлардың мінез - құлқыӘ) Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жерБ) Жануарлардың сыртқы түр - келбеті2. Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені атайды?А) Бақалшық Ә) Мүйізі Б) Тістері мен тілі3. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?А) Өрмекші Ә) Бүйі мен қарақұрт Б) Қанқыз4. Ұлудың бақалшықты ұлулары неше күннен кейін шығады?А) 18 Ә) 24 Б) 275. Зиянды паразит құртты көрсет.А) Ішекқұрт Ә) Сүлік Б) ЖауынқұртIV. Жаңа материалды меңгерту
Жұмбақтар жасыру1. Қызығушылықты ояту«Орманның адам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы әңгімеден басталады. Әрі қарай балалар Ғабдолла Тоқайдың «Бала мен көбелек» атты өлеңін сахналайды.Бала: Гүлзар көркі көбелек,Ұштың неге тынбай?Нені қорек етесің?Қай әлемнен келесің?Көбелек: Көгалдарда, бақтарда,Орманда менің тұрағым.Күн нұрынан нәр алып,Гүлді қорек қыламын.Тағдыр берген бір күнімТыныш өтсе, тілегім.- Көбелектің өмірі неге байланысты екенін талдаңдар.Гүлдер Көбелек- Өмір сүру белгілерін атаңдар. (Қоректену, қозғалыс, тыныс алу, өсу, даму, өлу)Топқа бөлу.
1. Тірі табиғат өкілдерінің тіршілік айналысында маңызды рөл атқаратынын әңгімелеп беріледі; топырақтың осы тіршілік тізбегіндегі атқаратын рөлін, егер топырақ жойылса, осы шеңбердің де құрып кететіні туралы айтылады.2. Мағынаны тану.Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді. Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді. Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі. Олар топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.ШіріндіМикроорганизмдердің ықпалыТұздарӨсімдіктер қорегіЖануарлар қорегіӨсімдіктер, жануарлар өледіТопыраққа түседі.Міне, табиғаттағы заттар осылайша шеңбер бойымен тіршілік етеді.Өзекті сұрақ. Жер бетінен осы тіршілік шеңберіндегі құрамдас бөліктерінің бірі жойылса не болады:«Сүтқоректілер»: «Өсімдіктер жойылса»«Аңдар» тобы: «Жануарлар құрып кетсе»«Өсімдіктер» тобы: «Топырақ жойылса»Бұл сұрақтарды алдымен топ ішінде талқылап, содан соң дауыстап айтылады.Жалпы сұрақ: «Саңырауқұлақтар мен бактериялар жойылса»Мұғалім: Жердегі барлық тіршілік иелері бір - бірімен қорек тізбегі арқылы байланысады. Сарышұнақ егістікте өсетін дәнмен қоректенеді. Саршұнақтың өзін түлкі ұстап жеуі мүмкін. Яғни, «дән - саршұнақ - түлкі» қорек тізбегі пайда болды.Бірінші буыны - өсімдікЕкінші буыны - өсімдікпен қоректенетін жануарларҮшінші буыны - жыртқыштарV. Бекіту. Ой - толғанысТапсырма. Үлгі бойынша қорек тізбегін құрастыру:Астық - тышқан - түлкіШөп - киік - қасқырГүлдер – жәндіктер - құстарЖапырақ - шірінді - құмырсқаларСұрақ: Неліктен қорек тізбегін бұзуға болмайды?VI. Сабақты қорытындылау.
1. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? (тақтаға өз ойларын жазу)
VII. Үйге тапсырма беру- Оқулықтағы мәтінді оқу- Сұрақтар мен жауаптар- Табиғаттағы зат айналымы суретін салуVIII. Бағалау
Оқушыларды берілген смайликтер бойынша бағалау