Атмосфераны? жердегі тіршілік ?шін ма?ызы, ауа температурасыны? таралуы


Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы : Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа температурасының таралуы
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғындыру,топтық жұмыста жолдастық көмекке баулу.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға атмосфераның маңызы ,ауа температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғынады,топтық жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді
Түйінді идеясы: Атмосфера жердің қорғаныс қабаты.
Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Ыстық орындық,Мағынаны таны,электронды оқулық,Бес жолды өлең.
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, сиқырлы микрофон арқылы сабаққа ізгі тілек айтқызады
2. Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырады.
3 Рефератпен жұмыс жүргізеді. 1.Оқушылар амандасады,ізгі тілек білдіреді
2. Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.
3 Үйге орындауға берілген рефераттарың тексеріп маңыздылығын тоқталады
Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын"Мағынанытаны стратегиясы" бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды , мен мақсатын айқындайды.
Бөрі айтып келмес ,боран айтып соқпас .Жақсы туса ,елдің ырысы жаңбыр жауса жердің ырысы.
Қазанда соққан дауылда не пайда ,қарашада соққан жауыннан не пайда ?Қарылғаш төмен ұшса күн жауады, аяз ұзаққа созылса аң   ауады .желкенді жел көтереді
2.Электронды оқулықпен ,оқулықтан ,мәтінмен танысуға мүмкіндік жасайды
Қосымша мәлімет береді
1.Оқушылар мақал-мәтелдің ағынасын танып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.
2.Электронды оқулықтан ,жаңа сабақты танысады,мәтінмен жұмыс жасайды.
Негізгі
бөлім
Атмосфера бес жолды өлең
Атмосфераның маңызы:
________________________түсіреді.
__________________ қорғайды.
___________________пайда болады.
______________________білдіреді.
______________________тұрады.
2.Зерттеу жұмысын тындайды,пікір білдіріп,қорытындылайды. Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді,оқушылардың қосымша сұрақтарна жауап береді
2 Мектеп оқушысының "Қазақ халқының ауа-райын болжау негіздері"ғылыми жұмысынан негізгі бөлімімен танысады.Талқылайды,пікір білдіреді,қорытындылайды,
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Бүкіл әлем тыныс алар ауамын
Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.
«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?
Пайдасы көп адамзатқа ауаның.
Тропосфера, стротосфера қабаттар,
Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.
Болмаса ауа минутта шыдамай
Сондықтан да ластануда ағат бар.
Қорғаңыздар ауа атты қабатын,
Боласың сен осыдан пайда табатын.
Жануар да, өсімдік те, адам да
Тыныс алар ауа деген затымен.
Үйге тапсырма береді :
Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырма беріледі.
Оқушылар осы өлеі жолдарынан және осы сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.
Қосымша мәлімет
Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотерма  «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»