Атмосфераны? жердегі тіршілік ?шін ма?ызы


Сыныптар: 7 А
Күні: 18.09.14
Тақырыбы: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа температурасының таралуы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Оқушыларға атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру. Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу..
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІІ Ең алдымен мұғалім атмосфера дегеніміз не, ол қандай қабаттардан тұрады, климат деген не, жер шарында қандай климаттық белдеулер бар деген сұрақтарды қояды.
Сосын атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы қандай екенін балаларға еске түсіріп, оның қабаттарына тоқталады.
Сосын балаларды үш топқа бөліп, климаттық белдеулер, ауа температурасы мен қысымның таралуы, атмосфералық қысым белдеулері тақырыптарын бөліп береді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.
ІV Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.
Сосын балаларға келесі тапсырманы береді: Атластағы климаттық карталарды пайдаланып, Еуразиядағы 600ш.б. меридианы бойымен, 400 және 600 с.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар. Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Үй жұмысы:
1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. 29 беттегі 1 тапсырма, 33 беттегі 1,2,3 тапсырмаларды жазбаша орындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.