Суды? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеті та?ырыбы бойынша химия п?нінен саба? жоспары


«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Химия пән мұғалімі: Саманова Жанар Муратовна
8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Судың физикалық және химиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға судың физикалық және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.
2. Судың физикалық және химиялық қасиеті туралы мағынаны ашу.
3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың әдісі: аралас
Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыс дәптері 1,2,3,4 тапсырмаларды орындау
Су туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
Географ, физик, биолог ретінде су туралы мағлұмат әкелу.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Қызығуды ояту.
Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.
Алғашқы элемент:
- Кестеге бірінші тұрған кім
Тегін тұрғанымды біл
Отында болам, ауа шары да болам.
Ұшқың келсе мін
Бомба болып жарыламын
Деп күш көрсетті
Беріспейтін іс көрсетті.
Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)
2-ші элемент:
-Жақындасам жанып.
Су боларсың анық.
Шамаңды білмейсің неғып?
Мен болмасам тұншығып,
Қараң болар тіршілік
Мен бар жерде бар емеспе бәрі де
Күні шығып, отындары жанатын.
Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)
Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз? ЖАУАБЫ: СУ
А) Судың физикалық қасиеттері. Ә) Судың агрегаттық күйі

Судың химиялық қасиеттері 1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі

Металдардың кернеу қатары.

1.Судың жай заттармен әрекеттесуі. 1.Белсенді металл+су=сілті+сутек газы. 2.орташа белсенді+су буы=металл оксиді+ сутек
2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі. 1.Негіздік оксид+су=негіз. Негіздік оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,сілті түзетін металл оксидтері.2.Бейметалл оксид+су = қышқылҚышқылдық оксид дегеніміз-сумен әрекеттесіп,қышқыл түзетін бейметалл оксидтері
ІV. Сабақты бекіту.
1. Графикалық диктант
Иә ⋂ Жоқ
Табиғи таза су болады ма?
Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.
Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.
Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.
Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.
Н2 СО3 күкірт қышқылы.
СаСО3 калций карбонаты.
Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.
Су еріткіш.
2.Реакция теңдеуін аяқта. жауабы
K+H2O = 2K+2H2O =2KOH+H2
Mg+H2O= Mg+H2O=MgO+H2
K2O+H2O= K2O+H2O=2KOH
SO2+H2O= SO2+H2O=H2SO3
Есеп шығарту.
10 % натрий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз қажет?
Жауабы: 10 грамм
Тапқан оқушы 10 грамм тұздың ерітіндісін дайындайды.
Ү. Қорытынды.
Әрқайсымыз су туралы өз ойымызбен қорытындылайық
VI. Үйге тапсырма. §39,40 оқу, жұмыс дәптері 22,23
ҮІІ. Бағалау