Д?ниетану ашы? саба? Су. Суды? ?асиеті 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиетіСабақтың мақсаты:Білімділігі:
Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.Дамытушылығы:
Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.Тәрбиелілігі:
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беруСабақтың көрнекіліктері:
Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар,қасық,сүт,қағаздар А3 форматы,маркер, магнитофонСабақтың әдісі:
Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жобалау әдістері,тәжірбие. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал орнату. « Қал-қалай? Осылай!» ойыны арқылы,оқушылардың қызығушылығын арттыру. ІІ.Смайлик арқылы 4 топқа бөлу.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру./слайд арқылы «Ауаның ластануы» тақырыбын әр топтан оқушы шығып айтады./
IY. «Ауа» бөлімін постер арқылы қорғау. Y.Жаңа сабақ:
Магнитофоннан судың дыбысы естіледі. /оқушылар су екенін айтады./
-Су туралы не білеміз?
Оқушылар су туралы білетіндерін айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі: « Су – өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ.Адам,өсімдік,жануардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Су. Судың қасиеті.»
Мақсаты: « Әртүрлі тәжірибелер арқылы судың қасиеттерімен танысу.»
Тәжірибелер арқылы оқушылар судың қасиеттерін анықтайды.
Судың түссіз екенін анықтайды.
Судың мөлдір екенін анықтайды.
Судың иіссіз екенін анықтайды.
Судың жабысқақ екенін анықтайды.
Судың пішінсіз екенін анықтайды.
Тақтаға судың қасиеттерін оқушылар біртіндеп келіп жазады.
Сергіту сәті.
Мұғалім сөздерді айтады. Оқушылар дұрыс-бұрыс екенін қимылмен көрсетеді.
Су қатпайды—жоқ
Су түссіз—ия
Суды жейміз--- жоқ
Су мөлдір --- ия
Мұғалімнің түсіндірмесі: Судың сұйық екенін,судың буға айналатынын тәжірибе жасау арқылы айтады.
Слайд: Судың мұзға айналатыны туралы. Судың үш күйі туралы түсіндіру.
СУ---- БУ----- МҰЗ
Сабақты қорыту:
Слайд: Пеште тұрған қайнап жатқан ыдыстағы суретті көрсету.
-Ыдыстағы су қайнағанда ортайып азайып ортаяды. Неге?
-Біз су туралы не білдік?
Рефлексия: Оқушылар өз жұмысын сабақта бағалауын, шыны сауытты кез-келген түсті қарындашпен бояйды.
1 деңгей-ештеңе түсінбедім.
2 деңгей- орташа түсіндім
3 деңгей- бәрін түсіндім.
Үйге тапсырма. Бағалау.