Саба? жоспары Д?ниетану п?нінен Су. Суды? ?асиеті 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Су. Судың қасиеті» Сабақтың мақсаты: Су. Судың қасиетімен сарамандық тәжірибелер жасау, жаттығулар жүргізу арқылы таныстыру, Білімділік: судың пайдасы, оның өмірде пайдалануын санасына ұғындыру. Дамытушылық: оқушылардың білімқұмарлығын, байқағыштығын, тіл байлығын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға үйретіп, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: суды таза ұстауға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Табиғатты сүйіп, қорғауға баулу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың көрнекілігі: АКТ, кесте, үлестірмелі карточкалар. Қажетті құралдар: стакандар, су, сүт, қасық. Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал
Оқушылар бір біріне сәттілік тілейді.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Қазір қандай сабақ?
Үйге берілген тапсырма қандай?
 Үй тапсырмасын тексеру. «Ауаның табиғат пен адам өмірінің маңызы»
а) іштей оқыту(3 минут)
Бекіту сұрағы әр қатарға жұппен беріледі.
1. Зауыттар мен фабрикаларда мұржаларға не орнатылады? Не үшін орнатқан?
-Қондырғы. Себебі лас түтіннен қорғайды.
2.Ненің құрамында адам денсаулығында зиянды заттар бар?
- темекі түтінінің құрамында және лас ауада себебі ол көшелер мен машина жолдарынан көтерілген шаң ауаға тарайды.
3. Ауаны зиянды заттардан қорғау үшін не істеу керек?
Ағаш отырғызу, гүл өсіру керек және көгалдандыру қажет.
( Әр қатарды қошемет арқылы бағалау)
Мұғалімнің бекітуі: Сондықтан табиғатты біз қорғауымыз керек. Ағаш отырғызу және оларды қорғай білуіміз керек. БІЛУ Егер берілген дыбысты мұқият тыңдасаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайтын боламыз. Жаңа тақырыпқа шығу. Сылдырап аққан судың дыбысын тыңдату. (АКТ)
1. Су туралы не білесіңдер?
2. Сусыз адамдар, өсімдіктер, құстар, жануарлар өмір сүре ала ма?Мұғалім түсінігі: Сусыз тіршілік жоқ. Су- тазалық пен денсаулық көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз керек. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
- Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Су. Судың қасиеті»
Сабақтың мақсатын анықтау. 
(Сабақ мақсатын оқушыларға түсіндіру және сабақта істелетін жұмысты атау).ТҮСІНУ 
Глобусты пайдалану. Жер бетінде су құрлықтан 3 есе көп. Олар: мұхит, теңіз, өзен, батпақ, су қоймалары. Жер бетінде заттар сұйық, қатты не газ түрінде кездеседі. Су осы үш күйде болады.
Кесте: Кезеңдері
Сұйық --- Бу----- Мұз
Түсінік. Сұйық - ол сұйық күйінде кездеседі, су қоймаларынан және топыраққа сіңеді.
Бу- газ түріндегі күйі және ол түссіз, мөлдір газ.
Мұз - суық кезде су қатып, қатты күйге айналады.
ҚОЛДАНУ - Ал қалай ойлайсыңдар судың түсі қандай? Оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік. Тәжірибе жасамас бұрын ережелерді еске түсіріп алайық. Нұсқаулықты оқи отырып әр топ тәжірибелік жұмыс орындайды. 1-тәжірибе. 1 қатар оқушылары.Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құю. Екеуін салыстыру. Сүт-ақ, ал су-түссіз. 2-тәжірибе. 2 қатар оқушылары.Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға стақанға су құю. Осы ыдыстардағы судың пішініне қарау. Әрбір құйылған ыдыстың пішінінің дәл өзіндей. Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. 3- тәжірибе. Бір стақанға су, екінші стақан суға тұз салу, ушінші стақан суға қант салып салыстцыру. Әрбір құйылған судың дәмін тату. Олай болса таза судың дәмі жоқ. Тұз және қант еріп кетті. Ендеше судың еріткіш қасиеті бар деуге болады.
(Әр тәжірбиені бас саусақ арқылы бағалау)
Мұғалімнің түсінігі: сонымен су- түссіз, мөлдір, дәмі жоқ, иісі жоқ, сұйық күйінде ағады, жабысқақ.
— Кез келген затты суға малып алсаң, ол су-су болып шығады. Су жабысқақ. Тасты суға салып ал. Ол да су болып шығады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты. Бағалау өлшемдері: Сергіту сәті: «Көңілді күн» жаттығуы АКТ Бiр, екi, үш
Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймызШынығуды бастаймыз.
ТАЛДАУ ΙΥ. Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Егер суды суық жерге қойсақ су қандай күйге айналады?
Жауап: Мұзға
2. Кез келген затты суға малып алсаң, ол су-су болып шығады?
- Су жабысқақ
(Оқушының жауабын сигналды карталар арқылы бір-бірін бағалайды)