Д?ниетану п?нінен саба? жоспары Суды? ?асиеті


Пәні: Дүниетану
Тақырып: Судың қасиеті.
Мақсаты:
а) білімділік : Оқушыларға судың қасиетін тәжірибе арқылы түсіндіру.
ә) дамытушылық:Тәжірибе арқылы судың қасиетін анықтай білуге үйрету; тәжірибе жасау барысында бақылау, талдау,салыстыру және қорытынды шығара білуге жаттықтыру.
б) тәрбиелік: Байқампаздыққа, көздеген мақсатына жетуге баулу.
Көрнекілік: Оқулық, тәжірибеге қажетті заттар, слайд,топтың аттары,үнтаспа
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сарамандық жұмыс.
Жұмыс түрлері: Әңгіме, деңгейлік тапсырмалар,талдау-жинақтау, тәжірибе жүргізу, топта талқылау.
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы. 1-кезең
301180513970І. Ұйымдастыру кезеңі
Психалогиялық дайындық .
Қуан шаттан,қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң,қайырлы күн
Деп тілейміз біз бүгін!
Сабағымызды бастамас бұрын үнтаспадан табиғаттағы дыбыстарды ажыратып көрейікші.
Ең алдымен ненің дыбысын естідіңіздер? Су.Қалайша су деп ойлайсыздар? Судың сылдырлап аққанын естідік.Су ағады,тас қалады,демекші,ендеше су ағады екен.
Өткенді пысықтау. Оқушыларды төрт топқа бөлу.Топпен таныстыру.Топта қандай жұмыс болатынын түсіндіру.Әр тапсырма барысында бағаланып отырады. 1-ші топ (Тынық мұхит). 2-ші топ (Үнді мұхит). 3-ші топ Атлант мұхиты). 4-ші топ (Солтүстік мұзды мұхиты).слайдтан көрсету Әр топқа сұрақтар таратылып, сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру.



4-топ 1. Су туралы ассоциация.
-Су- сұйық зат.
-Аспаннан жауын түрінде түседі.
-Күн суытқан кезде,су қатты күйге айналады.
-Су буға айналады,ұшып кетеді.
-Бу-мөлдір,түссіз
2-кезең: Жаңа сабақ. Мына мақал-мәтелдің мағынасын қалай түсінесіздер?Су анасы-бұлақ,Сөз анасы-құрақ. Бүгін жаңа сабақта «Судың қасиетімен» танысамыз.Су туралы мұғалімнің түсініктемесі.
Cу тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет. Жер бетінің 23-нен астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98%- ы пайдалануға жарамсыз. Теңіз, мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2%- ы ғана тұщы су. Жер шарының 60%-нда тұратын адамдар тұщы су аз болуынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афины және Персияға жақын аудандарда ауыз су жеткіліксіз. Югославияға су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті. Бірақ сол суды біз ластанудан қорғауымыз керек. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан ауыз су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп. Судың ластануы денсаулыққа зиян.
Бұл жаңа сабақты тәжірибе жасау арқылы танысып білеміз.
1- тапсырма: 4-топқа төрт тапсырма беру. Тәжірибе жасау.


Тәжірибе жұмысын қорытындылау үшін тақтада тірек схемасын көрсету.
Жасаған тәжірибелерің сәтті және қызықтыболған шығар. Енді өзіңді тексеріп, судың қасиеттерін есте сақта.
Сұйық күйінде судың пішіні болмайды, оны қандай ыдысқа құйсаң, соның пішініне ие болады.
Су түссіз.
Су мөлдір.
Суда дәм болмайды.
Суда иіс жоқ.
Су сұйық күйінде ағып кетеді.
Суда еритін және ерімейтін заттар болады.
Сергіту сәті: Кім көп біледі? Мақал –мәтел жарысы.
3- тапсырма:Ой толғау. Логикалық тапсырма
♦ Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, мына заттардың қайсысын алар едің?• Қара көзілдірік• Бір қорап сіріңке• Фонарь• Жұлдызды карта
♦ Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?
4-кезең Білімді бекіту.
Нақыл сөздер есте сақта
А) –Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер бар:• Суды босқа төкпе!• Сумен ойнама!• Бұлақ көрсең көзін аш.• Судай таза бол.• Судан таза, сүттен ақ.Ә)▪ Пішіні жоқ▪ Түссіз▪ Мөлдір▪ Дәмі жоқ▪ Иісі жоқ▪ Ағады.
5-кезең: Сабақты қорытындылау.
Сабақта алған әсерім: Оқушылар өздерінің жаңа тақырып бойынша
алған әсерін және ұсынысын жазады.
Білемін Үйрендім Білгім келеді
6-кезең: Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.
7-кезең Үй тапсырмасы: Еркін жазу стратегиясы. « Су тіршілік мекені