Разработка открытого урока: Суды? ??рамы. Суды? физикалы? ?асиеттері


Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.
2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу.
3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО – стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.
Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой шақыру.
Сөйлемді аяқтаңыз.
Ерітінділер дегеніміз -
Ерітіндінің түрлері -
Қатты заттардың ерігіштігі -
Ерітіндінің концентрациясы -
Концентрлі ерітінді -
Сұйылтылған ерітінді -
Ой қозғау.
«Ойлан тап» 2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.
I, II – нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі. (Графопроектордан көрсетіледі).
«Үш артықты» табыңыз.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Қызығуды ояту.
Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.
Алғашқы элемент:
- Кестеге бірінші тұрған кім
Тегін тұрғанымды біл

6
Отында болам, ауа шары да болам.
Ұшқың келсе мін
Бомба болып жарыламын
Деп күш көрсетті
Беріспейтін іс көрсетті.
Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)
2-ші элемент:
-Жақындасам жанып.
Су боларсың анық.
Шамаңды білмейсің неғып?
Мен болмасам тұншығып,
Қараң болар тіршілік
Мен бар жерде бар емеспе бәрі де
Күні шығып, отындары жанатын.
Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)
Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?
H2 O - бір оқушы тақтаға жазады.
Жалпы сыныпқа тапсырма.
Су туралы не білеміз? Ассосация құру.
- Молекулалық формуласы - H2 O.
- Mr (H2 O) = 18.
- Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.
-электр тогын нашар өткізеді.
- түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы – 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.
-Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.
2. Мағынаны ажырату.
Судың құрамын анықтау. Шығармашылық жұмыс.
Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың 2 – элементтен тұратынын
дәлелдеп береді.
1 – оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.
2 H2 + O2 = 2 H2 O
Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.
2 – оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 – атом сутек, 1 – атом оттек болатындығын дәлелдеді.
7
2 H2 O = 2 H2 + O2.
Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

V. Сабақты бекіту.Есеп шығарту.
72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.
2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.
Mr (H2 ) = 2 * 2 = 4.
Mr ( O2) = 32.
72г / 36 = Х / 4 Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.
72г / 36 = У / 4 У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.
Жауабы: 8 г сутек.
7 г оттек.
Графикалық диктант
Иә ⋂ Жоқ
Табиғи таза су болады ма?
Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.
Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.
Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.
Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.
Н2 СО3 күкірт қышқылы.
СаСО3 калций карбонаты.
Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.
Су еріткіш.

VI. Үйге тапсырма.
«Судың маңызы» тақырыбына реферат.