9-сынып, химия п?нінен саба? жоспары Суды? кермектігі
Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі және оны жою жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Судың кермектігінің сырын ұғуға және оны жою жолдары туралы оқушыларда білім қалыптастыруға ықпал ету. Формула, реакция теңдеуін сауатты жаза білу біліктерін дамыту.Оқушылардың денсаулық мәселесіндегі функционалдық сауаттылығын дамыту.
Дамытушылық: интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін арттыру, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: белсенді әрекет ұйымдастыру, өзара көмек көрсету, топта жұмыс істеуге қалыптастыру, өз жұмыстарына әділ баға беруге және өз бетімен білім алуға тәрбиелеу. Экономикалық ,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: тренинг- сабақ білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру
Сабақтың әдісі : Джиксо,А.Айзенкрафт 7Е, миға шабуыл, ойлан-жұптас-бөліс, мұзжарғыш, топтық, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,компьютер, стикерлер,.
Пәнаралық байланыс: биология,география , экология.
топқа бөлу.
- оқушылар біз топпен жұмыс істейтін болғандықтан, бәріміз бірге бағынатын топ ережесін құрайық (оқушылармен бірге құрастыру).
1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз.
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
3. Бірлесіп жұмыс істеу.
4. Өз ойларымызбен бөлісеміз.
5.Уақытты үнемді пайдаланамыз.
Табыс критериилері:
Кермек су туралы біледі.Кермек судың түрлерін ажыратады.
Оны жұмсартудың әдістерін біледі.
Кермек суды жұмсартудың әдістерін реакция теңдеуі арқылы өрнектей алады, мәнін түсінеді.
Кермек судың зиянды жағы мен пайдалы жағын жинақтап, постерге толтыра алады. Тақырыптың құндылығына баға бере алады.
«Миға шабуыл» стратегиясы
1.Кальций атомының электрондық құрлысы атаңдар
2.Өзгерістерді жүзеге асырыңдар
СаСО3 →СО2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3
Кальций қосылыстарының табиғатта кездесуі туралы не білесіңдер?
Анықтау кезеңі ” Мұзжарғыш ” стратегиясы
1.Кермек су дегеніміз не?
2. Кермек судың зиянды жағы мен пайдалы жағын білесіңдер ме?
3.Суды тазартудың қандай әдістерін білесіңдер?
4.Су атасы кім?
Қатысу кезеңі
Бейне ролик көрсету
Шәйнектің қағын көрсету
Түсіну кезеңі «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы
топ Уақытша кермектік және кермектік зияны
2-топ Тұрақты кермектік және кермектік жою әдістері
Әзірлеу кезеңі.
Қазіргі таңда су кермектігін жоюдың құралдары туралы реклама жасаңдар.
Кермектік жою әдістеріне кластер құрастыру.
Шәйнектегі қақты қалай кетіруге болады,реакция теңдеуін жазыңдар
Бағалау кезеңі
Судың кермектігінің неше түрі бар? Кермек су неден пайда болады? Сіз қалай ойлайсыз? Уақытша кермектікті қалай жоюға болады ? Сіз бұл үшін не істер едіңіз?
Күнделікті өмірде судың кермектігін кездестіріп жүрміз бе? Кермек судың маңызы мен зиянын айта аласыздар ма? Неге жаңбыр суы жұмсақ,ал өзен суы кермек болып келеді ?
Кеңейту кезеңі Үйге тапсырма беру:
Қазақстанның өзен, көлдерінің кермектілігі туралы мәліметтер жинақтап келу
Табыс критерийлері
Рефлексия - 2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы бағалау
Бағалау парағы
Максимум 3 ұпай
Барлығы 21 ұпай
Критерий
Аты-жөні Үй тапсырмасы Логикалық сұрақтар Постер құру Кластер Есеп шығару Реклама құру Қорытынды
Жиналған ұпай саны Баға
18-21 «5»
14-17 «4»
11-13 «3»
0-10 «2»