?аламшарда?ы уа?ыт ?лшемі, даталарды? ауысу сызы?ы ,?аза?стан аума?ында?ы уа?ыт айырмасы


Сабақтың тақырыбыҒаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығыҚазақстан аумағындағы уақыт айырмасыСілтемеЖоспар, оқулық, интернет мәліметтеріЖалпы мақсатыУақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсіну, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолдануКүтілетін нәтижеУақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсінеді, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолданадыНегізгі  идеяларБелдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыт дегеніміз не екенін және жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы мен еліміздің сағаттық белдеуін анықтауды оқып үйрену.
Оқыту құралдарыҚазақстанның, ТМД-ның физикалық картасы, Дүние жүзінің, ТМД елдерінің сағаттық белдеулер картасы, Глобус, сызбалар.
ТапсырмаларыСыни тұрғыдан ойлауға «Ой қозғау» сұрақтарыТоптық жұмыс  «Жигсо»
Сұрақ-жауапЖұмыс дәптеріСабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)
Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу.  (5 минут)
2.Топқа бөлу: қағаз парақшалары арқылы топқа бөлінеді  (2 минут)
І. Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу,қайта бағыттау» сұрақтары (5 минут)
1.Жер шарында неше сағаттық белдеу бар
2.Бастапқы сағаттық белдеу қай жерден басталады?
3.Еліміз нешінші сағаттық белдеуде орналасқан?
ІІ. Жаңа сабақ:Топтық жұмыс «Жигсо» (25 минут)
4 топқа бөлу арқылы Белдеулік уақыт,декіреттік уақыт,жергілікті уақыттарға түсінік беріп және Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасын  анықтап,қорғау.                                                Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0-ден 23-ке дейін.                                                                                                               Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы.Еуразияның батысында күн баткан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан кандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%81%D1%83_%D1%81%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1" даталардың ауысу сызығы тағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген.                  Декреттік уақыт.Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен 1 сағат ілгері қою) енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты — жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу.                        Жергілікті уақыт.Жер шары өз білігінен батыстан шығысқа қарай бір тәулікте толық айналып шығады.Әр меридианның өз уақыты бар, ол солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта бірдей болады. Бұл уақыт жергілікті уақыт деп аталады.
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп басбармақ арқылы бағалап,көрсетеді.
Топ пікірлері тыңдалады.
ІІІ.Сабақты бекіту:
Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасыДекреттік уақытЖергілікті уақытIY.Жұмыс дәптеріМұғалімнің бағалауыҚаншалықты  түсінгенін,түсінбеген жерін,жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)
Не үйрендім? Не қиын болды? Түсінбеген жерімКейінгі тапсырмаКейінгі оқуКескін картаға сағаттық белдеулерді  түсіруСағаттық белдеулерді анықтауды үйрену