Ашы? саба? Та?ырыбы: ?арыш туралы т?сінік,Галактика


Сабақ тақырыбы : Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз, ғаламшар, Галактика туралы мәліметтер. 
Жалпы мақсаты: Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру. Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін, галактика неден тұратынын, ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру; Сөздік қорын байыту, танымдық ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту, қорытынды жасауға үйрету. Ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту. Татулыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке, шығармашылыққа баулу. Күтілетін нәтижелер • Ғаламшарлар Күннің төңірегінен айналатынын біледі. • Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ажыратуға дағдыланады. • Адамдар күннің қуатын пайдаланатыны туралы мәліметтер алады. Сабақ түрі Топтық жұмыс, жеке жұмыс. 
Көрнекіліктер: Қазақ ғарышкерлерінің суреттері,плакаттар,маркер,бейне фильм.Сабақ барысы Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті ресурстар Кіріспе Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан- жағым. Тұсау кесер І. Үй тапсырмасын тексеру 1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –А) ҚазақстанВ) РесейС) Австралия2. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?А) ТүйеВ) ешкіС) Қой3. Жылқы піріА) ОйсылқараВ) Зеңгі бабаС) Қамбарата4. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?5. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?А) қазВ) тауық, күркетауықС) шағалаТест арқылы тексеріледі,адамдарға,егін шаруашылығына,өлкемізде өсетін -өсімдіктерге,жануарларға байланысты болады.
• Балалар осының бәрі туған өлке өсімдіктерімен жануарлары екен! Осы табиғатты қорғау сендердің қолдарыңда. ІІ. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. -Сендер күнделікті өмірде қолданып жүрген күн тәртібін айта аласыңдар ба? -Міне балалар, демек біз таңертең тұрамыз аспанға қараймыз , күнді көреміз, күн батқанда аспаннан ай шығады, сосын жұздыздар. Дұрыс енді менің қолымда аспан, күн, ай, жұлдыздар деген сөздер бар соларды ретімен орналастырып қойып шықсақ бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын оқи аласыңдар! Оқушылар сөздер арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Суреттер, сұрақтар Қима сөздер Негізгі бөлім Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.• Балалар біз бүгінгі сабақта тақырыпқа сай, ғарышқа ұшып саяхатқа шығамыз. Ракетамыз қонған әрбір ғаламшарда берілген тапсырмаларды орындау арқылы келесі ғаламшарға ұшып қонып отырамыз. Берілген тапсырмаларды орындап, кездескен кедергілерді жеңе білейік! Іске сәт! НЕПТУН 1. «Ғарыш айлағы »видео көрсету Лайка –Стрелка,Белка, Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. Ракета. Костмонавтар бойынша. Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин. Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру. Уран 2. Сен білесің бе? Видео көрсетіледі.Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері ғаламшарлар (планеталар) айналып жүреді. (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз) Ғаламшарлар —өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.. Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)ішіндегі ең үлкені. Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ. Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары. Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді. Орта ғасырлардағы дүние- жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді. Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды. Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған. Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру. Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады. Глобуста Жер шары ондаған млн.есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады. Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады. САТУРН 3. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту. ЮПИТЕР 4. Дәптермен жұмыс. Күн , Ай, Жер –ғарыштық денелер. Ендігі кезекте Ай жердің серігі болғандықтан Жер мен Күнді Венн диаграммасы бойынша салыстырып ортақ қасиетін табамыз,- деп дәптерге орындатамын.
МАРС 5 . Сергіту сәті. « »ЖЕР 6.
Тілөнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділі ұлттық мерейі саналады .Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсе катты қетпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілін деберілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .Тіл - өнерҚазақ тілін деберілген сөздерді - орысша, ағылшын шатілге аудару.1. Ауа – воздух – air2. Ғаламшар – планета – planet3. Ай – луна – moon4. Жұлдыз –зведа -star5. Уақыт – время – time6. Жылдамдық – скорость – speed7. Ғарыш – космос – space8. Күн – солнце – sun9. Жер – земля – earth10. Аспан – небо – skyШОЛПАН 7. Кім шапшаң? Сұрақ-жауап әдісі.
1.    Жер, Ай, Күн қандай денелерге жатады? (ғарыш)
2.   Жердің серігі? (ай)
3.    Ең үлкен ғаламшар? (юпитер)
4.    Ғаламшарлар не шығармайды? (жарық)
5.    Ғаламшар неге ұқсайды? (шар)
Сұрақтардың жауабы аспан денелері, жұлдыз, ай, күн, жер туралы. МЕРКУРИЙ 8. Жұлдыздар жарқырайды! Бірнеше жұздызша болады. Артқы бетінде сұрақтар берілген, соларға жауап береді. 1. Жұлдыз деген не ? (Айналаға жылы мен сәуле шашып тұратын аспан денелері.)2. Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар? (Ғаламшар күнің төңірегінде айналып жүреді.)3. Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата? (Ғаламшар күнің төңірегінде айналып жүреді.) (Жер,ай,күн.)4. Ғарышқа алғаш рет ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубакіров)Қорытынды : Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық.
Ал енді «Күн жүйесі» видио
 Бүгінгі сабақта Не білемін,Не білдім,Не білгім келеді. Кесте бойынша қартындылауРефликсия
Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де,сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады.Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп,сабақты жақсы түсінсе,баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе,сабақ ұнамаса,баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады.Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып,кейбір нәрселерді түсінбесе,онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық,бір жағы боялған бұлттың суретің салады.Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып,өзара кері байланыс жүзеге асырылады.
Оқушылар бағаланады.
5 деген баға.
4деген баға
3 деген бағаҮйге тапсырма беттерді оқу, мазмұнын айту. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу. Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз, ғаламшар, Галактика туралы мәліметтер.
Үй тапсырмасын қайталау
1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –А) ҚазақстанВ) РесейС) Австралия2. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?А) ТүйеВ) ешкіС) Қой3. Жылқы піріА) ОйсылқараВ) Зеңгі бабаС) Қамбарата4. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?5. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?А) қазВ) тауық, күркетауықС) шағалаҮй тапсырмасын қайталау
1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –А) ҚазақстанВ) РесейС) Австралия2. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?А) ТүйеВ) ешкіС) Қой3. Жылқы піріА) ОйсылқараВ) Зеңгі бабаС) Қамбарата4. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?5. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?А) қазВ) тауық, күркетауықС) шағала