Тос?ауылды б?зып, допты тура тор?а тастау
Сабақ жоспары
Сынып: 7 «Б»
Уақыты: 45 минут
Сабақтың болатын күні:
Сабақтың тақырыбы: Тосқауылды бұзып, допты тура торға тастау
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ойында тосқауылды бұзып өтіп, допты тура торға тастауды меңгерте отырып үйрету.
Оқушыларда алаңды көре білу, оның өз серіктесіне допты дәл беруді, яғни көзбен мөлшерлеу, ойлау қабілеттігін, қимыл үйлесімділігін дамыту.
Оқушылардың адамгершілік, батылдық, шапшаңдыққа, командалық ойында ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Дене шынығуын қадағалау. Ойын техникасын үйрету. Спортқа сүйіспеншілігін арттыру.
Сабаққа керекті құралдар: ысқырғы, уақыт өлшеуіш, баскетбол доптары.
Сабақтың өтетін орыны: спорт зал
Сабақтың түрі: үйрену, жетілдіру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгілемелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету.
Сабақ бөлімі Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Мәлімдеме. Амандасу. Саптық жаттығулар: «Оңға», «Солға», «Айнала» бұрылулар. Бір орында аяқ басу.
Жүрудің түрлері:
Адымдап жүру.
Саппен аяқтың ұшында басында жүру.
Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
Жүгірудің түрлері:
Орташа екпінмен жүгіру.
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Аяқтан- аяққа секіріп жүгіру
Теріс қарап жүгіру
Жүгіріп келе жатып, бір аяқпен бұрыла беріп кіл тоқтай қалу.
Жәй бір қалыпты жүру
Тыныс алу жаттығуларын орындау 10-15 Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.
Денені тік ұстау. Қолды түзу ұстау. Санақпен орындау.
Жалпы дамытатын жаттығулар
Саппен жүріп келе жатып нығыздалған доппен алдымызға екі қатарлы саппен келіп, жалпы дамыту жаттығуын орындау. 1-2 санағын жүргізу, 2-қатарлы саппен солға бұрып, қолды түзу ұстау.
1-жаттығу
Бастапқы қалып, аяқ иық деңгейінде, қол жанында, оң қолда доп, 1-2 допты алға әкеліп сол қолға беру. 3-4 сол қолдан оңға беру. Дене қозғалмайды.
2- жаттығу
Б.қ. допты төмен ұстап тұру, 1-2 допты оң жақтан артпен айналдыра сол қолға беру. 3-4 б.қ. допты сол жақтан артпен айналдыра оң қолға беру. Допты жерге түсіріп алмауын қадағалау.
3- жаттығу
Б.қ. аяқ иық деңгейінде, допты кеуде алдына ұстау.
1- допты жоғары лақтыру, 2- қағып алу.
1- допты жоғары лақтыру, 2- қолды шапалақтап қағып алу.
1-Допты жоғары лақтыру, 2- қолды артқа, алға шапалақтап қағып алу. Допты біркелкі деңгейде лақтыру.
4- жаттығу
Б.қ. аяқ иық деңгейінде алға еңкейіп тұру.
1- денені жазып барып, допты лақтыру.
2- алға қарай иіліп допты тосып алу. Допты әріптесіне дұрыс лақтыру.
5- жаттығу
Б.қ. аяқ иық деңгейінде допты кеуде алдына ұстау.
1- допты кеуде алдынан екі қолмен әріптесіне лақтыру.
2- допты тосып алу.
Допты лақтырғанда қол түзу созылады.
Негізгі бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын түсіндіру.
Бір қырымен қатарласа жүгіріп, бара жатан екі оқушы допты бір-біріне кезекпен лақтырып ұстау.
Доппен жүгіріп келіп тоқтап, орта қашықтықтан торға лақтыру.
Допты ортадан тоқтап лақтыру.
Командалық әрекеттердегі бірінші жаттығулар үйреніп жатқан жүйеге қатыссыз, ойыншыларға қорғаныс шебін құра, кейін дұрыс қайтуға және кейіннен кімге қарсы ойнайтындығын шешуге бағытталуы тиіс. Өз себетіне қарай доп ауысқанда әрбір ойыншы ол кімді ұстауы керектігіне қарамастан, қарсыласын кідіртуге тиіс. Қалқан жақын маңды қорғануды үйренуге, командалық қорғаныста әр ойыншының атқаратын қызметі анық, түсінікті болуы шарт.
Шабуылдаушы қорғаныста тұрған қорғаушылардан өтіп, допты қалқан немесе тура себетке тастауды үйрету. Ережеге сай екі жақты ойын. 20-25
Кезектесе орындау.
Арақашықтықты сақтау
Дәл торға тастау
Жіберілген қателерді түзету
Оқушылардың жаттығу кезінде ойын ережесін бұзуына жол бермеу.
Допты қалқан арқылы салудың маңыздылығын көрсету.
Шабуыл жасау кезіндегі жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу
1 мин деңгейінде жеңіл жүгіру. Босаңсыту жаттығуларын жасау.
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мақтап, бағалау.
Кемшілік жасаған оқушыларға ескерту беру.
Үй тапсырмасы
Допты екі қолмен алмастыра алып жүру.
5-6 Оқушылардың тыныс алуын қадағалау