Презентация по технологии на тему Бисермен ж?мыс істеу техникасы (9 класс)


Сабақтың тақырыбы:Бисермен жұмыс істеу техникасы.
Бисермен кестелеу.   9«б»-сынып Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету,жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу. Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,икемді жұмыс жасауға үйрету. Тәрбиелік:шеберлікке,шыдамдылыққа,эстетикалық талғамын арттыра
отырып еңбексүйгішттіке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:аралас,сарамандық жұмыс. Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,үйрету. Пәнаралық байланыс:бейнелеу,тарих. Көрнекілігі:интерактивті тақта,моншақтан жасалған дайын бұйымдар. Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті бисер,сым,қайшы. Сабақ барысы І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау,сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.Өткенді қайталау. 1.Бисер деген не? 2.Бисердің түрлері 3.Бисерді неден жасайды. 4.Бисер қай кезден бастап пайда болды? 5.Бисер тоқу нені талап етеді? ІІІ.Жаңа тақырып. Еңбек өнер арқау боп мың дастанға, Шаттанамыз шұғыласын шашқанға Еңбек –өнер сенен бақыт асқанба? Еркін елдің болашағы жастарда- дей келе жаңа сабағымызды бастаймыз. -Оқушылар,бүгін бисерден бұйым жасауды үйренеміз.Бисердің шығу тарихына тоқталсақ,бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.Ұсақ,домалақ.сопақша,әр түрлі хрусталь,шыны,керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды. Қазақша бисер су моншақ,ұсақ моншақ.жалған маржан деп атайды.  Бисер таңдау-үлкен жұмыс.Олардың өлшемдері,түстері әр алуан.Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды,қандай түсті таңдай білу керек. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен таралып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттен бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға.алқа,тұмарша,сырға,білезік,сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады,сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты-бисерден ағаш жасау әдісін үйрену. Біздің ұранамыз «Талаппен бастап,талғаммен аяқта» «Іскерлік еңбекте шыңдалады»-беген мақалға сүйене отырып,біз жұмысымызды бастаймыз. ІҮ. Сарамандық жұмыс. 1.Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек: 2.Құралдарды тексеру: 3.Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді саламыз: 4.40-50 см ұзындықта жұка сым аламыз: 5.Сымның бір шетінен бастап бисердің 10-12 түйірін тізіп ораймыз, сымды ара қашықтығы 1-1,5см болу керек,тағы 10-12 бисер өткізу. 6.Осы ретпен бірнеше шалу жасау. 7.Осындай бұтақтың 20-21 данасын жасауымыз керек: 7.Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, жасыл жіппен немесе таспамен ораймыз: 8.Гипстің көмегімен ағашты белгілі бір пішінде қатыру. 9.Осы ағашымыз 2 тәуілік бойы тұру керек: 10.Гипс кепкен соң эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз. «Инсерт» әдісі Білемін Үйрендім Білгім келеді Ү.Сабақты бекіту: 1.Бүгінгі сабақ ұнады ма? 2.Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе? Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлерін білдіреді. ҮІ.Үйге тапсырма.Жұмысты жалғастыру,аяқтау.