Научная работа на тему Газдал?ан сусындарды? адам денсаулы?ына зияны


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Индер ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Орындаған:
11 қазақ сынып оқушысы
Сағатова Айғаным
Тақырыбы: «Газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны»
Ғылыми бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан -2030 стратегиясын іске
асырудың негізі»
Секциясы: «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау»
Ғылыми жетекшісі: Х.Досмұхамедов АМУ «Биология және
ауылшаруашылығы» пәндері кафедрасының
аға оқытушысы, биология ғылымдарының магистрі
А.Б.Дүйсекенова
Жетекшісі:
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
биология пәнінің II санатты мұғалімі, биология
ғылымдарының магистрі А.Ж.Жангельдина

Атырау - 2016 жыл
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
11 қазақ сынып оқушысы Сағатова Айғанымның
«Газдалған сусындардың адам ағзасына зияны»
атты ғылыми жұмысына
П І К І Р
Сағатова Айғанымның ғылыми жұмысымен таныса келе, төмендегідей қорытындығы келдік. Біріншіден, тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттеу деңгейі көрсетілді. Екіншіден, жоспардың құрылуы, оның тақырыпты ашық көрсетуге тигізген үлесін айта кеткен жөн.
Негізгі бөлімде күнделікті тұрмыста қолданылатын газдалған сусындардың түрлері мен олардың құрамы, адам денсаулығына тигізер әсеріне анықтама беріліп, осы газдалған сусындар туралы мектеп оқушыларының ойларын білу мақсатында, сауалнамалар жүргізіліп, қорытындыланған. Сондай-ақ осы газдалған сусындардың адам ағзасына зиянды тұстарын анықтау мақсатында, өз тәжірибесін жүргізіп, көрсете білген.
Қорытынды бөлімде оқушы зерттеу нысаны ретінде алынған сусындардың пайдалы және адам денсаулығына зиянды тұстарын көрсете отырып, пайда болатын ауруларды сипаттап өткен.
Жалпы жұмыста оқушының ізденушілігі мен деректерді пайдалануы, сараптауы, талдау жасауы байқалады. Сондықтан да бұл еңбекті талапқа сай жазылған деп бағалаймыз.
Мектеп директоры: А.К.Меңдігереева
Ғылыми жетекшісі: А.Ж.Жангельдина
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Газдалған сусындар және олардың құрамы
Газдалған сусындардың денсаулыққа әсері
Газдалған сусындардың мектеп оқушылары арасындағы орны
2.4 Менің тәжірибелерім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аңдаухат
Зерттеудің мақсаты:
Газдалған сусындардың адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза:
Адам ағзасының 60% су құрайды. Бойдағы су, тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы қажет. Кофе, көк шай, газдалған сусындар, минералды су, т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Соның бірі-газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер етеді.
Зерттеудің барыстары, кезеңдері:
Бірінші кезең (2015-2016): тақырыпты таңдау, мақсатын айқындау, зерттеудің ғылыми жүйесін жасау;
Екінші кезең (2015-2016): Зерттеу жұмысының мазмұнын көрсететін өзектерді іздеу, зерттеу.
Үшінші кезең (2016): Алынған тақырып бойынша зерттелген нәтижелерге талдау жасау, жұмыстың маңыздылығына көз жеткізу, табылған деректер мен материалдарды жүйемен қорытынды жасау.
Зерттеудің теориялық негізі:
Зерттеу жұмысын жазуда «Биология мектепте» журналынан алынған мәліметтер, Н.И.Белованың «Экология в мастерских» оқулығынан алынған мәліметтер, «Егемен қазақстан» газетінен алынған мәліметтер, ғалымдардың еңбектері мен интернет мағлұматтары пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:Жаздың аптап ыстығында шөлінді басатын газдалған сусындардың пайдасы мен қатар ,осы сусындарды көптеп пайдалану адамдарды түрлі дертке шалдығуына себеп болуда.Себебі оның құрамында біз біле бермейтін түрлі қоспалар кездеседі,ол адам ағзасын әлсіретіп,денедегі қан айналымын бұзып ,ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп,түрлі ауруларға жол береді.Қазақта “Дені саудың-жаны сау”,”Бірінші байлық –денсаулық” деген жақсы мақалдар бар.Бұл ұлы сөзге тереңірек үңілсек ,бізге яғни адам баласына денсаулықтан қымбат ,денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенің баршамыз білеміз.Олай болса ,сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.
Зерттеудің құрылымы:
Ғылыми жоба 26 беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 10. Ғылыми жоба Кіріспе, Зерттеу бөлімінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорытынды:
Мен бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен орындап шықтым. Газдалған сусындарға зерттеу жүргізгеннен кейін мен бұл сусындарды татып алмаймын, өзгелер ішсе, барынша тоқтатуға тырыстым. Әлі де тырысамын. Сол себепті бұл сусындардың елімізден мүлдем шығарылмағаның қалаймын,халық қарсы болғанымен де нарықта оны тоқтатуға біздің билігіміз жүрмейтін секілді.Газдалған сусындардың зияның білген әр адам және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқтық себептен де өзімізді өзіміз тоқтатып ,денсаулығымызды құрдымға кетірмейік дегім келеді.
Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасау қажет.Әйтпесе өз денсаулығыңызды өзіңіз құрдымға жібересіз.”Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде” деп бабаларымыз бекер айтпаса керек.Ертерек қимылдамасақ ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін.
Annotation
Goal of research:
To give information about the harmful influence of aerated drinks to the young people,s health.
Hypothesis:
Human body contains 60% water. Every day it needs water and other drinks. But aeated drinks are not useful for health.
The course and period of researth:
First period (2015-2016): theme selection to define the purpose, to prepare the projest of scientific research.
Second period (2015-2016): search of an indicator of the maintenance of a basis of research work, research.
Third period (2016): to analize results of research on the chosen theme, to be convinced of the importance of work, to make the conclusion on found the fact and to materials.
Basis of research:
While working on the theme many resources were discouered. «Biology at shool», «Ecology in work shops», «Independent Kazakhstan» newspapers were used in the project.
The novelty investigation and personal meaning:
«Sound mind in a sound body» - tells the proverb. So don,t make our body ill with our actions. We must know what harmful effect can cause aerated drinks.
Structure of investigation:
The work consists of 26 sheets. Introduction, main part, conclusion and used materials.
Conclusion:
The work was done with greated interest. After finding information about aerated drinks and their influence to health. I stopped to drink them and I advise others not to use it. Let,s stop drinking them knowing all these facts about them.
Кіріспе
Су жер бетінде ең көп тараған сұйық зат. Жер шарының 3/2 бөлігін өзен, көлдер, мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Адам ағзасының да 3/2 бөлігі судан тұрады. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша ұшін қорек ортасы, адам ағзасынан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамның өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әр түрлі сусындарды дайындап үйренді. Осылай газдалған сусындар пайда болды. Газдалған сусындар көмірқышқылгазымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге теледидарлардан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды жиі көріп жатамыз. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы, олардың керемет дәмдері де туралы айтылып жатады. Баспасөз беттерінен де газдалған сусындар жайлы жарнамалар да беріліп жатады. Бірақ, сонымен қатар газдалған сусындар туралы қорқынышты мәліметтерді де көруімізге болады.
Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны дәлелденген. Дәрігерлер кішкентай балаларға, бала көтерген және емізетін аналарға, асқазан ішек жолдары ауыратын, семіздікке бой алдырған, аллергиясы бар адамдарға ішуге тыйым салады. Дені сау үлкен адамдарға кішкентай мөлшерде ішсе зиян болмайтындығын, ал мөлшерден көп ішсе денсаулыққа кері әсер ететіндігін ескертеді.
Осыған байланысты, мен ғылыми жобамды «Газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны»деп ала отырып, оның адам өміріне кері әсерімен қатар, тұрмыста көптеген пайдасының бар екендігіне өз тәжірибелерім арқылы көз жеткіздім.
Негізгі бөлім
2.1 Газдалған сусындар және олардың құрамы
Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның, «limonata», лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді. Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 – 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады. .[1]
Минералды сулар - құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.
Лимонад — тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.
Спрайт — The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда Малыш Спрайт – күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны «Sprite»деп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.
Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын. Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.
Кока - кола— The Coca-ColaCompany компаниясы шығарған, газдалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010жылдардағы ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештемесі болмасада аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын «кола» сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.[2]
Газдалған сусындардың құрамы.
Газдалған сусын — газбен қаныққан сусын. Сусынның түрін көбейтіп тарату үшін, газдалған суға жемістердің, шөптердің экстрактарын қосады: «дюшес»- алмұрт қосылған, «лимонад» - лимон, кола –ол жаңғақ,тархун- шөпке байланысты, сол сияқты, апельсин, мандарин, бүлдірген т.б. Химиктер кейінгі кезде өзі арзан жасанды дәмдегіш қоспалар ойлап тапты. Ендеше құрамында табиғи жемістері жоқ, « жемісті газды» сусындарды жасауға да болады екен. .[3]
Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.
Газдалған сусындардың негізгі құрамы - қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Бұл тісті тіс жегісіне апарып соқтыратыны белгілі. Сонымен бірге шөлді қандырамын деп, адам тәтті суды көбірек пайдаланады. Мен балалардан сұрастырғанымда, кімде тіс жегісі бар ,солардың кейбіреуінің біраздан соң тістері аурады екен. Бұл әрбір сусынның құрамдарының әртүлі екенін және олардың әсері де әртүрлі болатындығын көрсетеді.[4].
Тәтті газдалған сусындардың стандарт құрамы:
Қант – газдалған сусындарда өте көп мөлшерде кездеседі, бір стаканда алты қасыққа дейін қант болады.
Аспартам- қантқа қарағанда 160—200 есе тәтті, иісі жоқ, суда жақсы ериді.Температура 30°С-тан жоғарлағанда, ол азконцентірлі улы затқа айналады.
Бояуыштар және дәмдеуіштер – газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны «желтый-5». Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхиалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.
Кофеин – кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.
Консерванттар – лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.
Калий ацесульфамы- аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктеріін айтып сынап жатады.
Көмірқышқыл газы -сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады. Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіріп мазаны келтіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока – кола сусынының құрамы мынандай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.[5]
2.2 Газдалған сусындардың денсаулыққа әсері
Адам ағзасының 60% судан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдарда газдалған сусын шығару өндірістері де олардың шығарған өнімдері де көбейіп келеді. Олардың негізгі құрамы синтетикалық иісті заттардан алынған тағамдық бояуыштар және дәмдеуіштер.Сонымен бірге кейбір өндірістер сусын құрамына қолдануға қажетсіз тағамдық қосымшаларды қосып, оны құрамында көрсетпейді. Соңғы жылдарда газдалған сусындарды пайдалану өсіп барады, бұл дәрігерлердің назарын аударып отыр.Қазіргі кезде балаларда қантты көп мөлшерде пайдаланады. Жасөспірімдерде қазір сүт тағамдарын аз мөлшерде қабылдайды, ендеше олардың ағзаларындағы кальций мөлшері де аз деген сөз. Көп мөлшердегі қант адамның эндокриндік жүйесіне және ұйқы бездерінің қызметіне кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге қанттың мынадай мөлшері адамда артық қант мөлшерінің туындауына әкеліп соқтырады. Ол денсаулыққа өте зиян келтіріп, артық салмақ қосуға, қант диабетіне және атерсклерозға әкелуі мүмкін. Америкалық дәрігерлер артық салмақтың болуын ертеден-ақ кока- кола мен басқа да газды сусындарды көп пайдаланумен байланыстырады. Артық салмақ Америкада нағыз эпидемия болып саналады. .[6]
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді. .[7]
Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.
Аяғы ауыр келіншектер мен үш жасқа толмаған балаларға газдалған сусындарды ішуге болмайды. Үштен асқан балаларға бұл сусындарды газын шығарып беру керек. Газдалған сусындар орнына сүттен жасалған коктейль, жеміс-жидек пен көкөніс шырын, газдалмаған минералды су пайдаланған абзал. Жеміс-жидек пен көкөністер шырын құрамында әр түрлі дәрумендер мен микроэлементтер кездеседі. Бұл шырындар балаларға да, жүкті әйелдерге де, созылмалы аурумен ауыратын жандарға да өте пайдалы. .[8]
Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен.
Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын сатып алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.
Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.
Балаларға газдалған сусындарды беруге тиым салады. Ғылыми зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, жасөспірімдер,күніне 1300 мг кальций қабылдауы тиіс екен, ал олар қазір кальцидің небәрі 800 мг мөлшерін ғана қабылдайды.Кальцидің жетіспеушілігі сүйектерді жұмсартып, остеопарозға әкеліп соқтырады.Кальций әсіресе 18 жасқа толғанға дейін адамның дамып өсуіне өте қажетті болып саналады. 12-29 жас аралығындағы адамдардың газды сусындарды көп пайдаланатындығы анықталған. Оның барлығы адамдарда тістегі тіс жегісінің пайда болуына, остеопорозға, семіздікке, бүйректе тастың пайда болуына, қант диабетіне әкеліп соқтырады. [9]

Газдалған сусындардың мектеп оқушылары арасындағы орны
Мен мектеп оқушыларының қанша бөлігі газдалган су ішетіндіктерін анықтау мақсатында, 5-9 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргіздім. - оқушыдан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.
Сен қандай сусындарды қолданасың?
1.Газдалған – 234
2. кәдімгі суды – 26
Газдалған сусындарды зиянды деп есептейсің бе?
Ия – 112
Жоқ – 188
Қандай газдалған сусынды жақсы көресің?
1. «Фанта» - 70
2. «Кока -кола» - 180
3. «Спрайт» - 50
Газдалған суды жиі ішесің бе?
Күнделікті – 228
Аптасына 1 рет – 42
Өте аз ішемін – 30
Неге газдалған сусын ішесің?
Өте дәмді – 235
Білмеймін - 66
Жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, газдалған сусындардың адам ағзасына ешқандай пайдасы жоқ екендігін біле тұрса да, мектеп оқушыларының – газдалған сусындарды, соның – «Кока -коланы» - 180, «Спрайтты» - 50, «Фантаны» - 70 адам пайдаланатындары анықталды. Жүргізілген зерттеу жұмысымның нәтижесін мектеп оқушылары арасында насихаттай отырып, олардың адам денсаулығына кері әсері туралы айтылып, күнделікті емес, ара-кідік, немесе мүлдем қолданбай, олардың орнына табиғи сусын түрлерін қолдануларына кеңес берілді.
Менің тәжірибелерім
Зерттеу жұмысы барысында 3 тәжірибе жүргізілді.
1-тәжірибе:
Мен өз зерттеуіме дүкен сөрелерінен табылатын газдалған сусындардың ішінен «Кока -кола», «Фанта», «Спрайт» сусындарын алдым.
Біздің мектебіміздің биология кабинеті жаңа үлгідегі модификациялық кабинеттің құрылғыларымен жабдықталған. Осы сусындардың рh деңгейін анықтап алу мақсатында «Спарк» құрылғысы мен рh датчигі қолданылды. Бұл құрылғы осы сусындардың қышқылдылығын анықтауға мүмкіндік береді.

1 – сурет. «Спарк» құрылғысы 2-сурет. «Рh» датчигі
Ол үшін биология кабинетінің зертханасында жұмыс жүргізілді. 3 мензуркаға 50 мл-ден 1.«Кока-кола», 2.«Спрайт», 3.«Фанта» сусындарының сынамалары құйылып алынды.

3-сурет. Зерттеуге алынған сусындар
righttop4-сурет.
1 – сынамаға «Кока -кола»
рh датчигі салынды, рh – 4,6 болды,
яғни ол күшті қышқыл болып
табылатындығын
анықтадым.
5-сурет.
2 – сынамаға «Спрайт» рh датчигі салынды, рh – 5,2 болды,
яғни ол да қышқыл болып табылатындығын анықтадым.

6-сурет.
3 – сынамаға «Фанта»
рh датчигі салынды, рh – 5,1болды, яғни оның да қышқыл сусын болып
табылатындығын анықтадым.



1 сынама «Кока-кола» сусынының құрамы
Қант
Көміртек диоксиді ( Е 290)
Бояғыштар : қант коллері ( 150) , кармазин ( азорубин) ( Е 122)
Ортофосфор қышқылы ( Е 338)
Кофеин
Табиғи хошиістендіргіштер
Тағам құндылығы (100 мл)
Энергетикалық құндылығы—42 ккал
Ақуыздар - 0 Майлар - 0 Ақуыздар-0 Натрий-0 2 сынама «Спрайт» сусынының құрамы
Су
қант
Көміртегі дикоксиді(E 290)
Қышқылдықты реттеуіштер (лимон қышқылы,натрий цитрадты)
Консервант (натрий бензоадты)
Табиғи хош иістендіргіштер
Тағам құндылығы (100 мл)
Энергетикалық құндылығы
Көмір сулар – 102 г
Соның ішінде қант 10,2 г Майлар – 0,02 г Ақуыздар-0,02 г Натрий -0, 02 г 3 сынама«Фанта» сусынының құрамы
Су
Қант
Көміртек диоксиді
Қышқылдықты реттеуіштер (лимон қышқылы, натрий цитраты)
Тұрақтандырғыштар (гуммиарбик, глицерин және шайырлы қышқылдардың эфирлері)
Табиғи хош иістендіргіштер
Қышқылдарға қарсы заттар (аскорбин қышқылы)
Бояғыштар (бето-керотин) .
Тағам құндылығы (100 мл)
Энергетикалық құндылығы
Көмір сулар – 12,2 г
Соның ішінде қант 12,2 г Майлар – 0,02 г Ақуыздар-0,02 г Натрий -0, 02 г Зерттеу жұмысының нәтижесінде үш сусынның қышқылдылық деңгейі анықталды. «Кока -кола» сусынының ph – 4,6, «Фанта» сусынының ph –5,2, «Спрайт» сусынының ph-5,1 қышқылдықты көрсетті. Қышқылдылық деңгейіне қарай «Кока -кола» сусыны – күшті қышқыл, «Фанта» , «Спрайт» сусыны – қышқыл сусын екендігі анықталды. Осы сусындардың құрамын сараптай келе, денсаулыққа зиянды әсері анықталды. Ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі. Ағылшын ғалымы Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ ,аяқ-қолдың сарсып-ісуіне әсер етеді.Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін.
Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін зерттеу негізінде газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сүйектің ауруы остеопорозға, тіс ауруы тіс жегісіне апарып соғатыны анықтадық. Сонымен газдалған сусын құрамына кіретін барлық қоспалардың адам ағзасына әсері бар екенін анықтадық. Олардың зияндылығы қауіпке дейін апарып соғады, әсіресе аллергиясы бар адамдарға өте қауіпті!
Сусынның дәмін, иісін, түсін келтіретін барлық химиялық қоспалар, сонымен бірге сақталу мерзімін ұзарту үшін қосылатын консерванттар адам ағзасына аса қауіпті болып саналады.
Газдалған сусындар құрамында сонымен қатар көмірқышқыл газы болады, көп мөлшерде пайдаланған сусыннан асқазан – ішек жолдарының сілемейлі қабықшасын қоздырып гастриттің пайда болуына, іштің кебуіне әкеліп соғады. Сондықтан ішек құрылыстары ауратын адамдарға , соның ішінде гастритпен, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішектің ауруларында мүлдем мұндай сусындарды ішуге тиым салады.[10]
Менің жасаған тәжірибелерім бұрын соңды жасалған, көрпшіліктің әлеуметтік желілерден көріп жүрген тәжірибелері. Алайда мен осы тәжірибелердің шын мәнісінде солай жүреді ме, әлде жоқ па деген сұрақ мазалаған соң, өз қолыммен жасап, соған көз жеткізгім келді.

2- тәжірбие: «Тырнақтағы лакты кока-кола сусыны арқылы кетіру»
Бұл тәжірбиені жасар алдында тырнағыма лак жақтым да, бір стақанға кока-кола сусынын құйып саусағымды 5-7 минуттай батырып тұрдым. Содан соң тырнағымды қол орамалыммен сүрттім, қолымдағы лактың кетіп қалғанын байқадым. Бұл тәжіриебеден де шөлімізді қандырамыз деп тұтынып жүрген сусындарымыздың адам өміріне қауіп туғызатынына дәлел болды. .[11]

7-8 сурет. Тырнақтағы лакты кетіруге дейінгі көрініс

9 – сурет. Тырнақтағы лакты кетіргеннен кейінгі көрініс
3-тәжірбие:» Шәйнектегі қақты «Кока -кола» сусынымен кетіру».
Алдымен шәйнекке «Кока-кола» сусыны құйылып, оны 24 сағатқа қойдық. Бір тәулік өткен соң шәйнектің қабырғасындағы қақтың түсіп қалғандығын көрдік. .[12] Бұл тәжірибеден де осы газдалған сусындардың адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретінін аңғартады.

10-11сурет. Шәйнектегі қақты түсіру көрінісі

12 - сурет. Қақталған шәйнектің тәжірибеден кейінгі көрінісі
Газдалған сусындарға зерттеу жүргізгеннен кейін мен бұл сусындарды татып алмаймын, өзгелер ішсе, барынша тоқтатуға тырыстым. Әлі де тырысамын. Сол себепті бұл сусындардың елімізден мүлдем шығарылмағаның қалаймын, халық қарсы болғанымен де нарықта оны тоқтатуға біздің билігіміз жүрмейтін секілді. Газдалған сусындардың зияның білген әр адам және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқтық себептен де өзімізді өзіміз тоқтатып , денсаулығымызды құрдымға кетірмейік дегім келеді.

Қорытынды
Мен бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен жазып шықтым.Осы уақытқа дейен зерттеген жобамның тақырыбын ашу бағытында көп ізденгенімді,жасаған тәжірибелерімді толықтай шынайы ,нақты аша білу үшін қаншалықты тырысқандығымды көрсеткім келеді.Көрсеттім деп ойлаймын.Бұл тақырып менің арманыммен ұштасады.Мен болашақта биология мамандығының иесі болғым келеді.Сол себепті де осы бағыт өзімнің «биология»ғылымына деген алғаш қадамымды жазып шықтым.Бұл жобаны зерттеу барысында көрген білгенім аз болса да талпынысымды көрсеткім келеді.Газдалған сусындарды зерттегеннен кейен мен бұл сусындарды ішпеуге тырысамын,өзгелер бұл сусындарды ішіп жатқанын көрсем-ол адам өз қолымен өзін өлімге сүйрегендей көрінеді.Десе де халық қарсы болғанмен де нарықта оны тоқтатуға ешкімнің билігі жүрмейтін секілді.Газдалған сусындардың зияның білген әр бір адам өзіне және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқ.Сол себепті де өзімізді өзіміз тоқтатып,денсаулығымызды құрдымға кетірмейік дегім келеді.
Газдалған сусынды мүлдем ішуге болмайды демеймін, бірақ мынадай қйын емес шараларды орындауға болады деп ойлаймын.
- сусын алған кезде, оның жапсырмасындағы жазулармен танысуға ерінбе;
- Табиғи негізде жасалған сусындарды алуға тырыс;- Газдалған сусындардан соң міндетті түрде ауызды таза сумен шаюға тырыс;
- ауыз қуысының жалпы гигиенасын сақта;
- Газдалған сусындарды жиі әрі көп мөлшерде пайдалан берме;
Газдалған сусындар өте қуіпті сусындар емес, әйтпесе дүкендерде сатылмас та еді ғой, бірақ әр нәрсені өз шегімен пайдаланып, сақтанғанның еш зияны болмайды.
Осы орайда мен мынандай ұсыныс тастағым келеді;неге өзіміздің табиғи сусындарымызды осы газдалған сусындар секілді үлкен нарыққа шығармасқа?Өзіміздің ұлттық сусындарымыз газдалған сусындардан мың есе артық емес пе?Шыны керек,табиғи сусындарымыз қазірде бағасы шарықтап тұр.Егер тауар бағасы төмен болса,тұтынушысы да көбейеді.Олай болса бұл мәселені қолға алған жөн деп есептеймін.Біздің сусындарымызды шет елдерде мойындап отыр.Олар сусындарымыздың шөлді қандырғаныммен бірге денсаулыққа да пайдасы бар екенің жақсы біледі.Сондықтан да қымыз,шұбаттарды көп пайдаланады.
Газдалған сусындардың денсаулыққа оңбай зардабы тиетінің білдік.Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасауымыз керек.Әйтпесе өз денсаулығымызды өзіміз құрдымға жібереміз. «Ауырып ем іздегенше –ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек.
Қосымша
Кесте 1. Өндірістік жапсырмаларындағы жазылған, өнімнің құрамын зерттеу қорытындысы.
Газдалған сусынның аты Негігі құрамы Тағамдық қоспалары Дәрумендер экстрактар консерванттар
Дәмін күшейткіш дәмдеуіштер Бояуыштар Қышқыл реттегіштер Кәдімгі су Ішуге арналған су, көмірқышқыл газы жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ
Спрайт Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер, аспартам, калий ацесульфамы жоқ Лимон қышқылы, натрий цитраты жоқ жоқ натрий бензоаты
Кока-кола Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер Қантты колер Ортофосфор қышқылы, кофеин жоқ жоқ жоқ
Фанта Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер бето-керотин Аскорбин қышқылы жоқ жоқ жоқ
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Журнал ” Биология мектепте” №3, 2001жыл
2. «Экология в мастерских». Н.И.Белова
3. Газета «Биология», № 44, 2002 г, статья «Информированность населения о пищевых добавках»
4.Журнал “Классный руководитель”№4 2004г, ст. «Как сохранить здоровье»
5.Қаз Ақпарат ақпараттар арнасы
6.”Кока Кола ЭйчБиси Евразия”ресми сайты
7.Әйел денсаулығы 2015 №2(87)15 бет
Пайдаланған сайттар:
1.http://mirsovetov.ru/a/medicine/nutrition/soda-water.html
2.http://www.leovit.ru/pages_472.html
3.http://ru.wikipedia.org/wiki
4.http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-1137/
5.http://lurkmore.ru
6.http://otruta.com/details.php?p=68
7. «Экология в мастерских». Белова Н.И., Наумова Н.Н.
Сілтемелер:
.Журнал ” Биология мектепте” №3, 2001жыл
http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-1137/5.Журнал “Классный руководитель”№4 2004г, ст. «Как сохранить здоровье»
.”Кока Кола ЭйчБиси Евразия”ресми сайты
. Газета «Биология», № 44, 2002 г, статья «Информированность населения о пищевых добавках»
Әйел денсаулығы 2015 №2(87)15 бет
.http://www.leovit.ru/pages_472.html
http://kk.wikipedia.org/wiki
«Экология в мастерских». Белова Н.И., Наумова Н.Н.
http://lurkmore.ru

Қосымша
Кесте 1. Өндірістік жапсырмаларындағы жазылған, өнімнің құрамын зерттеу қорытындысы.
Газдалған сусынның аты Негігі құрамы Тағамдық қоспалары Дәрумендер экстрактар консерванттар
Дәмін күшейткіш дәмдеуіштер Бояуыштар Қышқыл реттегіштер Кәдімгі су Ішуге арналған су, көмірқышқыл газы жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ
Спрайт Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер, аспартам, калий ацесульфамы жоқ Лимон қышқылы, натрий цитраты жоқ жоқ натрий бензоаты
Кока-кола Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер Қантты колер Ортофосфор қышқылы, кофеин жоқ жоқ жоқ
Фанта Тазартылған ішуге арналған су, қант, көиірқышқыл газы Табиғи дәмдеуіштер бето-керотин Аскорбин қышқылы жоқ жоқ жоқ
Сен қандай сусынды қолданасың?

Газдалған сусындарды зиянды деп есептейсің бе?

Қандай газдалған сусынды жақсы көресің?

Газдалған суды жиі ішесің бе?

Неге газдалған сусын ішесің?

Газдалған сусындардың тұрмыста қолданылуы

Зерттеу нәжижесінде қолданылған құралдар


«Спарк» құрылғысы

Қышқылдылықты анықтайтын Рh датчигі