Агентомания (?леуметтік желіні? пайдасы мен зияны) (5-класс)
№51 гимназия
Айтуға оңай ...
Тақырыбы: Агентомания (әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны)
Дайындағандар: Куздибаева Г. Ж.
Кузембаева А. Ж.
Ақтөбе, 2015 жыл
Мақсаты:
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтыңекіұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаманжақтары бар. Біз осы жайындаөз ой - пікіріміздітаразығасалыпкөрейік.
Ток-шоу барысы:І. ҰйымдастыруІІ. БарысыЖүргізуші-1
Армырсыздар құрметті 5-класс оқушылары мен көрермендер. Бүгінгі тақырыбымыз «Агентомания» - яғни интернеттің, әлеуметтің желінің пайдасы мен зияны. Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.
Жүргізуші-2
Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және вконтакте арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ал енді бейне сюжетке көз салайық.
Жүргізуші-1
Жаңа өздеріңіз көрген бейнесюжеттегі пікірлерге қарсы кейіпкерлерімізді ортаға шақырамыз. Ал саламатсыздар ма?! (зиянын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)
Жүргізуші-1:
Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздерОқушылар: Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.
Жүргізуші-1:Жақсы, оқушылар күніне қанша уақытыңды интернетте өткізесің?Оқушылар: Мен күннің 1 сағатын интернетте өткіземін.Жүргізуші-1: Интернетті, әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданасыңдар?Оқушылар:Біз үшін интернет, әлеуметтік желітекбасқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе алатынымыз. Сонымен қатар мысалға, ұстаздар берген реферат, қосымша материалдармен жұмыс солардың бәрін біз интернет арқылы таба алатынымыз. Бұл енді уақыт жетпей жатқан кезде болмаса. Кітапханаға барып жүрмей үйдегі интернеттен іздейтініміз.Интернеттің пайдасы мен үшін осы ғана. Ал зияны өте көп. (Зияны жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)
Жүргізуші-2:Жастар көбі осы әлеуметтік желіде отырады. Мынадай қызықтарда бар, әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Ал сіздер қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:Қазіргі уақытта оқушылар арасында агентшілердің қатары қарқындап артуда. Mail. ru Агент – онлайын жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған ресейлік компанияның танымал бағдарламасы, Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Mail. ru компаниясының мәліметінше, Mail. ru Агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент 5 класс оқушылары секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «әлеуметтік желімен» ауыратын болды.Ендеше сол оқушыларды ортаға шақырайық.(пайдасын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)
Жүргізуші-1:
Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздерОқушылар: Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.
Жүргізуші-2:Жақсы, барлық қолданушылардың 50% аптасына 5 сағатын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді екен. Ал сендер күніне қанша уақыттарыңды интернетте өткізесің?Оқушылар: Мен күннің көп уақытын интернетте өткіземін.Жүргізуші-1:Әлеуметтік желініңзиянды жақтарын ойладыңыздар ба?Оқушылар: Мен үшін әлеуметтік желі пайдалы. Барлық жұмысымды әлеуметтік желімен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді әлеуметтік желісіз елестете алмаймын. (Пайдасы жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)
Жүргізуші-2:Қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-1:Тіпті көшеде келе жатқанда бір-бірлеріңнің бет жүздеріңді көре алмайсыздар? Телефон арқылы әлеуметтік желімен хат алмасып келе жатасыздар. Сонда не айтасыздар? Әлде уақыттарыңды бос өткізесіздер ме? Шын достарыңнан гөрі, вертуалды достарың көп пе?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-1:Қазіргі дәл осы күні вконтакте тез дамыған әлеуметтік желі. Осыда отырасыздар, дұрыс па? Енді осыдағы өтетін фотобатлдар және түрлі сайыстар өмірлеріңде маңызды орын ала ма? Неліктен?
Оқушылар: Мен ....
Келесі бейне сюжет .......
Жүргізуші-2:
Бағдарламаға қатысушы бір топ қонақтардың бұл туралы пікірін білейік.Дәрігер(______________________________________________________________):Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді.
Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды. Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен.Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз.
Жүргізуші-1:
-Ал оқушылар дәрігер айтқандай қауіпсіздік ережесін сақтасаңдар интернетке отыру зиян емес дейді. Қандай жаттығуларды білесіздер?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:
№51 гимназияның информатика мұғалімі (__________________________________________)
Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетін мына оқушылар секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
Жүргізуші-1:
- Дәл осы әлеуметтік желі 1995 жылы кеңінен қолданылып келеді? Алғашқы болып сыныптастар әлеуметтік желісі шықты. Ал сендер алғаш бастап кірген әлеуметтік желілеріңіз қандай?
Оқушылар: Мен ....
Жүргізуші-2:
-Ал енді неге оқушылар шетелдік желіні қолданасыңдар?
Оқушылар:Әр кезеңге қарай әр түрлі әлеуметтік желіде отырамыз.
Жүргізуші-1:
-Талай бала негізі бағаға емес, лайк-қа лайықтымын ба деп талпынып жүр? 1 лайк күнделікке қойылған бір «5» баға секілді. Лайктың маңыздылығы неде?
Оқушылар:Адамның өзіне, өзін-өзі бағалауға, өзінің ортадағы беделіне байланысты.
Жүргізуші-2:
-Бағанадан бері интернет, әлеуметтік желі деп айтып жатырмыз.Енді осы әлеуметтік желіні, интернетті қолдану үшін қандай құрал пайдаланамыз?
Оқушылар:Телефон, компьютер, ноутбук, планшет.
Жүргізуші-1:
-Әлеуметтік желілерге тәуелділік көбінесе мектептерде күрделі мәселелерге айналып отыр. Сонымен қатар сапалы білім емес, сәнді сотка мәселесі жоғары болып отыр. Енді бұл сотканы алып беретін кімдер, не үшін алып бересіздер? Ал сіздің балаңыз қандай мақсатта қолданады?
Ата – ана( ________________________________________________________):
Мен оқушылардың әлеуметтік желіде ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Әлеуметтік желіде үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. Әлеуметтік желіден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды.
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан әлеуметтік желіге, интернетке қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің ауа райын білу үшін де қажет.Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Жүргізуші-2:
-Тіпті ата-аналарыңыз тамаққа шақыра алмай әуре болып жатады. Есімдеріңді атап. Бұған не дейсіздер, қандай пікір айтасыздар?
Оқушылар:....
Жүргізуші-1:Әлеуметтік желі жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой - пікірді тыңдайық.
Гимназиямыздың жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(______________________________):
Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп. Оқушылардың, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін.Жүргізуші-2: Қазіргі жастар «Әлеуметтік желісі бардың күні – жарық, әлеуметтік желісі жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. М – агент, вконтакте, инстаграм, ватсап т.с.с қазір жасты да, жасамысты да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай әлеуметтік желіге тәуелді болып қалғандар да бар. Осы агентомания деген не?
Психолог(__________________________________________________________):
Психолог Төреғали Батырханұлы жастар агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Агентомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, әлеуметтік желіге құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол әлеуметтік желіге жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Әлеуметтік желіге тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағат отырмау.
Жүргізуші-1:
-Енді әлеуметтік желі несімен ұнайды?
Оқушылар:Мысалыға группа ашып, үй тапсырмасын сонда лақтырамыз, қайда қыдыратынымыз туралы жазамыз.
Келесі бейне сюжет ..........
Жүргізуші-2: Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы әлеуметтікжелі арқылы әлемнің түкпір - түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай - ақ интернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.
Әлеуметтік желілің қандай пайдасы бар? Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Әлеуметтік желі алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология.Бір мезгілде бірнеше адамға хабарласуға болады. Жаңа достар табасың.Әлеуметтік желі әрі тиімді, арзан қарым - қатынас жасауға пайдалы.Интернеттің әр сайтынан түрлі жаңалықтар алуға болады.
Жылдам хабар алмасуға болады, әр арзан, әрі тиімді.
Әлеуметтік желінің қандай зияны бар?Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырадыКейбіреулер алданып қалады әлеуметтік желілердегілердің көбі сені алдайды. Сабақ оқуыңа кедергі келтіреді.Әлеуметтік желі – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу.Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады.
Денсаулыққа ЗИЯН
Адам ОЙ-ӨРІСІН еш ДАМЫТПАЙДЫ
Жүргізуші-1:
ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін.
Жүргізуші-2:
Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп біз бүгінгі «Айтуға оңай»бағдарламасының межесіне жетті. Сау саламатта болыңыздар.