?аза? тілі саба?ында а?паратты? коммуникативтік технологияларды ?олдануды? тиімділігі.
Тусупова Айжан Далабайқызы
қазақ тілі пәні оқытушысы
Астана қаласы әкімдігінің
Технологиялық колледжі
Қазақ тілі сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі.
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпаққа, яғни оқушылар мен студенттерге білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, студенттерге сапалы білім беру. «Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалып,іс-тәжірибеде тиімді қолданылып келеді. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық - коммуникативтік технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Тәжірибелі ұстаз әрқашанда ақпараттық - коммуникативтік технологияны дұрыс таңдап, сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін таба біледі. Осындай технологияның оқу үдерісіндегі практикалық маңыздылығымен қатар жанама мынадай тиімді жақтары бар екенін атап өткен жөн: қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас үдерісі табысты өтеді, студенттер өз ой-пікірлерін қысылмай емін-еркін жеткізіп айта алады, берілген білімге, ақпаратқа қатысты қойылған сұрақтарға батыл жауап береді, білім беру - білім алу үдерісі көтеріңкі көңіл-күй аясында іске асырылады. Студенттер қазіргі техналогияларға өзінің де қатысы бар екенін сезініп, оны терең түйсініп әріде жинаған тәжірибесін ғаламтор желісін пайдалана отырып, сол біліктілігін қашықтықтан білім алуда ұтымды пайдалана алады.
Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да - абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі - мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын ұстаздарға қойылатын басты талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.
Технология мен әдістеменің мақсаты бір - “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер” деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Бүгінгі оқытушының басты мақсаты қазіргі заман талабына сай жан — жақты, терең білімді, іскер, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу.Міндеттері:1. Сабақты оқытуда АКТ - ны тиімді қолдана білу.
2. Студенттердің таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3.АКТ — ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4.Студенттердің жеке тұлғасын зерттеу.
5.Студенттердің пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану студенттердің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. Орыс аудиторияларында жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сондықтан балаға білімді игертсем, олардың сабаққа деген қызығушылығын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары біздерге мәлім болып отыр. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану өте маңызды, пайдалы, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интер белсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ — топтағы оқушыларды оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жетуге болады.
АКТ арқылы оқытуды арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын.Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :
1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.
Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.
Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:
1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.
2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс - сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).
3) Компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:. тақырыпты оқып үйретеді;
. дұрыс сөйлеуге;
. ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір студентке сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал студент тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіндігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде студенттердің тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарына ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
Тіл байлығын дамытады;
Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.Алматы,2002 ж.
2.Р.Сұрауымбетова «Білім беру деңгейін көтеруге ақрпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі»
3. Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»
4.Педагогикалық альманах журналы №3,2011ж.
5.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2013ж.
6.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2015ж.
7.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №4,2016ж