Даярлы? пен ?оштасып , біз мектепке барамыз!


Тақырыбы: «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!!!»Мақсаты: 1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.2. Оқушыларды баурмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.3.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту.Көрнекілігі: шарлармен безендіру, қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, слайд.Әдіс –тәсілі: сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын ойнату.
Сабақ типі: Интеллектуалды ойын.
Сабақ барысы: Ашық сабақты мемлекетік әнұранмен бастау. Ал балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран) Жақсы балалар. Әнұранның авторлары кімдер?( Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)
-Қане балалар осы Әнұран туралы кім тақпақ біледі?
Жанерке:
Әнұраным жанұраным, Айтар әнім сөйлер сөзім,
Жүрсем егер дүние кезіп. Туған жерім сағынарым.
Республика Әнұраны
Ту: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнелеген. Оның ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені - 1 метр, ұзындығы - 2 метр Тудың авторы кім? (Шакен Ниязбеков)-Қане балалар осы ту туралы кім тақпақ біледі?
Лашын:Ақ ниеті - алтын күн,Асқақ арман қыраны.Жалауы бұл - халқымның,Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңба: 2. Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі екі түсте - алтын және көгілдір түс. Дұрыс айтасыңдар балалар.-Балалар осы елтаңба туралы кім тақпақ біледі? Гаухар:Елтаңбасы елімніңНеткен әйбат, әдемі!Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.-Ал, Елтаңбаның авторлары кімдер?
-Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, оқушылар.«Біз мектепке барамыз» атты интеллектуалды ойын түрінде өтетін ашық сабағымызды ашық деп жариялаймыз. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр.
Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер!!! Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, өлеңдермен, жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға саламыз. Біліміміздің артып ,сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Мектеп деген білім кені,жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамғаМектеп деген даналардың мекені.Бұл қуаныш себебін, Даярлығым бесігім Тәрбие берген ұямыз,Бізге қарап ұғыңдар. Тағы бір той жасайық. Тәртіпті бала боламыз,Ер жетті деп бөбегім Ашып мектеп есігін Даярлықпен қоштасыпТуған Отан қуансын! Өзіңмен қоштасайық. Біріншіге барамыз.Туған дала қуансын!Өте жақсы балалар,бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді , ол үшін біз топқа бөлініп алуымыз керек. Қолымызда турған жемістердің суреттері бойынша топқа бөлінеміз. Кімнің қолында қандай жеміс тұрса, сол жемістің суреті турған партаға барып отырамыз. Топқа бөлініп алған болсақ , ойынымызды бастайық. Сәттілік тілеймін!!!Ойынымыз 5 тұрдан турады:
1 Ой қозғау!
2:Полиглот
3: Кім жылдам?
4: «Жедел-жауап» ойыны
5: Тапқыр болсаң тауып көр!
1-тур: Ой қозғау. Әр топқа 5 сұрақ қойылады, әр бір дұрыс жауапқа 1 упай беріледі.
1-топ:Алма
1. Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.1 таңбалы ең кіші сан?
4.АТА –сөзі қандай дыбыстан басталады?
5.Қазір жылдың қай мезгілі?
2-топ:Алмұрт
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2.1 таңбалы ең үлкен сан?
3. «мек-теп» сөзінде неше буын бар?
4.1 жылда неше мезгіл бар?
5.Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
3-топ:Банан
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері нешеу?
2. 10 саны қандай сан?
3. Б әріпі қандай дыбыс?
4.1 аптада неше күн бар?
5.1 мен 2 нің қосындысы?
4-топ: Шие
1. Тәуелсіз дегенді қалай түсінеміз?
2. 2 таңбалы ең үлкен сан?
3.Кі- тап сөзінде неше буын бар?
4. 4 пен 2 нің айырмасы?
5. Қыста күн қандай болады?
5-топ:Өрік
1.1 жылда неше ай бар?
2.1 мен 3 тің қосындысы?
3.100 қанша таңбалы сан?
4.У әріпі қандай дыбыс?
5.Бос ыдыста қанша алма бар?
Өте жақсы балалар, сонымен әр топтар бір бірімізге қол шапалақтап қошемет көрсетеміз! (Әр топқа упай беріп отыру. 1 упай – 1 фишка) Олай болса келесі турға көшейік!
Бүгінгі тойымызға Гаухар қызымыз өзінің бір тақпағын алып келіпті.
2-тур: Полиглот (бұл жерде тақтада суреттер көрсетіледі, оның атын 3 тілде айтып берулерің керек)
1. Алма-яблоко-apple
2.Мұғалім- учитель-teacher
3.1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4.Дәптер-тетрадь-copy-book
5.Қалам – ручка- a pen
6. Пияз-лук-onion
Балалар біз кішкене шаршаған сияқтымыз. Бір аз серігіп ән айтсақ қалай қарайсындар? «әліппе әні!»
3.-тур: Кім жылдам? ( Оқушылар логикалық есептер шығарады)
1-топ: 10 балапан болды. 3 балапан кетіп қалды. Неше балапан қалды?
2-топ: Жансаяда 3 кәмпит болды. Мен тағы 2-ін бердім, барлығы қанша болды? (3+2=5)
3-топ: Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
4-топ: Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин , барлығы қанша?
5-топ: Аружанда 7 қалам бар еді. Ол досына 3-уін сыйлады. Қанша қалды? Өте жақсы балалар!
Енді балалар, Жансая мен Диляраның орындауында ағылшын тілінде ән , қабыл алыңыздар!
4-тур: « Иә, жоқ» ойын
1-топ:Алма тобы
1с. А-дауысты дыбыс , иә ма жоқ па?
2с.Алма, өрік, шие жемістерге жатады, иә ма жоқ па?
3с. 2 санының көршісі 4 пен 5, ия ма жоқ па?
4с.О-қу-лық сөзінде 3 буын бар, иә ма жоқ па?
5с.1 мен 2 нің қосындысы 3 , иә ма жоқ па?
6с. Ғ- дауысты дыбыс, иә ма жоқ па?
2-топ: алмұрт тобы
1с. 10 екі таңбалы сан, иә ма жоқ па?
2с. Т- дауыссыз дыбыс , иә ма жоқ па?
3с. Қызанақ, қияр жемістерге жатады, иә ма жоқ па?
4с.2 мен 2 қосындысы 4 , иә ма жоқ па?
5с. Ба-нан сөзінде 3 буын бар, иә ма жоқ па?
3-топ: Банан тобы
1с. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет, ия ма жоқ па?
2с.99 бір таңбалы сан, ия ма жоқ па?
3с. Мек-теп сөзінде 2 буын бар, ия ма жоқ па?
4с. С дауысты дыбыс, ол қызыл түсте боялады, ия ма жоқ па?
5с. 1 мен 3 тің қосындысы 4 , ия ма жоқ па?
4-топ:шие тобы
1с.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 3, ия ма жоқ па?
2с. 9 ең үлкен бір таңбалы сан, ия ма жоқ па?
3с. Гүл сөзінде 2 буын бар, ия ма жоқ па?
4с.1 мен 5 тің қосындысы 6, ия ма жоқ па?
5с. Қасқыр сөзі дауысты дыбыстан басталады, ия ма жоқ па ?
5-топ: өрік тобы
1с. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков, ия ма жоқ па?
2с. 1 аптада 6 күн бар, ия ма жоқ па?
3с. Жазда күн салқын болады, ия ма жоқ па?
4с. Алма сөзі дауысты дыбыстан басталады, ия ма жоқ па?
5с.5 пен 3 тің айырмасы 2 , ия ма жоқ па ?
Жарайсыңдар! Келесі слайдты сіздер үшін дайындадым тамашалаңыздар.
5-тур: берілген тапсырманы орында.
1-топ:Берілген сөздерді буынға бөлу. ( қалам, дәптер, кітап, ата, от,су, жаз, өнер, білім.)
2-топ: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. ( Ата, көз, қыс, орман.)
3-топ: Берілген сөздерге сөйлем құра. ( жазу, кітап, бес, ғарыш)
4-топ: Дауыссыз дыбыстан басталып тұрған сөзді тап. Арна , ырыс, қала.
5-топ: Дауысты дыбыстан аяқталып тұрған сөзді тап. Жуан, балық, апа.
Жарайсыңдар балалар! Енді балалар соңғы бір сұрақ қойғым келіп тұр.
-Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
Диляра: Оқып білім алу үшін.
Нарұл: Еліме еңбек ету үшін.
Бекназар: Білімді азамат болу үшін.
Нурасыл: Ер жетіп, Отанымды қорғау үшін.
Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар! Әр топтың упайларын санап, топтарды мақтау, грамоталарымен марапаттау!
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар.Міне, балаларымдың жүректері лүпілдеп, мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін, білімдерін барынша тырысып көрсетті. Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді білдірсеңіздер демекпін.
Айналайын гүлдерім,Айым менің күндерімМаған қызық тілдеріңЕстен кетпес күндеріңСендердікі болашақӨтер балғын жастық шақОзат болып оқыңдарОйға білім тоқыңдар.
Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!!!
Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!