Д?ст?рден тыс ?ткізілген саба?тар о?ушыларды? ?ылыми ойлауын, танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін арттырады.


Дәстүрден тыс өткізілген сабақтар оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Әлем мәдениетінің шыңына шыққан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың қысымға байланысты шығармаларын, қысымның ойыншықтар әлемінде көрініс беруін оқушылар өз бетімен зерттеп, сыныптастарына осылар жайлы хабарламалар жасады. Осындай дәстүрден тыс өткізілген сабақтар оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын танып білуге кызығушылығын, оқуға деген саналы түрдегі ынтасын арттырады. Физика 7-сынып
Сабақтың тақырыбы:
"Қысым" тарауы бойынша кайталау сабағы. Сабақтын максаты:
Қысым тарауындағы негізгі заңдылықтарды, шамаларды, формулаларды кайталау.
Міндеттері:
1 .Окушылардың тарау бойынша алған білімдерін есептер шығаруда, күнделікті өмірде қолдана білу, тәжірибелерде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушылардың алған білімдерін дәстүрлі емес жағдайларда пайдалану, эксперимент жасай алу, информациялык технологияны қолдана білу қабілеттерін дамыту.
З.Оқушыларды көпшіл болуға, еңбекқорлыққа, ғылыми- мәдениеттілікке тәрбиелеу. Физика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Суреттер, компьютер, медициналык шприц, банка, тамызғыш, барометр, формулалар жазылған плакаттар, ойыншықтар, жұмыс дәптері.
Сабақтын түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Типі: Қайталау сабағы.
Әдісі: Ұжымдық оқыту технологиясы, шығармашылық , практикалық
әдіс.
Пәнаралык байланыс: информатика, биология, әдебиет, этнопедагогика.
Сабақтын барысы:
1 Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін , сабаққа катысуын тексеру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Бүгін біз "Қысым " тарауын аяқтап, бүкіл тарау бойынша қайталау сабағын өткізгелі отырмыз . Бүгінгі заманымыз ғарыштап алға басқан шақта сендердін білімдерің компьютерлік технология бойынша, өздеріңнің ізденістерің мен шығармашылык кабілеттерің бойынша сыналады . Ендеше іске сәт деп сабағымызды бастаймыз.
I. Физикалық диктант.
1. Белгілі бетке түскен күш әрекетін сипаттайтын шаманы деп атайды. 2. Қысымның сұйықтар мен газдарда берілуін анықтайтынзаңы.
3. Атмосфералық қысым дегенімізауаның қысымы.
Атмосфералық қысымды өлшейтін құралдеп аталады .
Альтиметрөлшеу үшін кажет.
Газдың ыдыс қабырғасына сансыз рет соқтығысуынан......................пайда болады.
II. "Кім көп біледі ?" викторина
1 . Қысым деген немене Білесің бе, балалар? Әсерін оның білсеңіз Білімділер бағалар.
2. Қысымның өлшем бірлігі Қандай шама балалар? Туынды қандай бірліктер Бірін-бірі даралар?
3. Паскаль заңын оқыдық Зердемізге тоқыдық Мазмұнын кім айтады Ойланып аз-кем отырып.
4. Барометр-анероид Сұйықсыз екені белгілі Сол құралды қолданып Қай шаманы өлшейді?
5.Ауа райы бұзылсаТаң қаламыз бәрімізАуа райы қысымыБайланысты бір шамаҚалыпты атом қысымдеп аталады бұрыннанАйтып берсін осыныңНе скенін білген жан.
6. Бірқалыпты қысымнанАртық не кем қысымдыМашиналарда, ғылымдаҚандай құралмен өлшейді?
III.Есептер шығару. (жұмыс дәптерінен)
І-есеп.
Мұхиттың 200 м терендігіндегі суда жүзушіге түсірілген қысымды есепте.
ІІ-есеп.
Керосин тұрған ыдыстың биіктігі 6м. Осы керосиннің ыдыс кабырғасына түсіретін
қысымды есептеңдср.
IV. Қысымды арттыру және кеміту тәсілдері халық арасында калайколданылған?
Қысымды кемітеміз, арттырамыз.
Өзгертіп, әртүрлі етіп, бет ауданын
Осыны калай ғана тұрмысында
Пайдаланып келген екен бабаларым?
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар кұс салу, саятшылық және зер-
гсрлік өнері туралы айтып береді.
Компьютерде жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша слайд-шоу көрсетіледі
V. Формулаларлы білесің бе? «Ойлан-тап» ойыны.
Бұл сабақтың сұрағы
Көпшілікке ұнады
Көп нүктенің орнында
Қандай шама тұрады?
Ойланайык азырақ
Уакытты үнемдеп
Кім шығады, кәнски
Жауабын мен білем деп?
... = ... рh;S=...t;v...=S/
...=gm;...=m/m=...v;
FA= pc…v;
VI. Қысыv медицина әлемінде
Тұмауратып, бас ауырса
Дәрігерге барамыз
Түрлі дәрі, құрал-жабдық
Жәрдемімен тиісті ем аламыз.
Дәрілердің ағзаға берілуін инемен
Банка салу сырларын
Бұрындары білмеп ем.
Физикадан енді оқып
Бәрін біліп алған соң
Осылардың қыр-сырын
Түсіндіре аламын
Бүгінгі күні сізге мен
деп ортаға біздің болашақ дәрігерлеріміз шығып кысымның медицинада қолданылуын баяндап береді.
VII. Тәжірибелер жасау.
Пайдаланып әрдайым
Физиканың заңдарын
Тәжірибе жасаймыз
Түсіндіріп сырларын.
"Құрғақ монета"," Төгілмейтін су", "Дененің жүзу шарттары" тәжірибелері жасалады.
VIII.Қысым әдебиет саласында.Жазушысы орыстың
Толстой Лев Николаевич
Кейінгіге өзінен
Қалдырған екен маңызды іс
Бүгінгі біздің сабақта
Қысым туралы шығармаларынан
Үзінді тыңдап көріңіз
Орыс жазушысы Л.Н. Толстойдың физикамен байланысты шығармаларынан окушылар үзінді оқиды.
IX.Қысым және ойыншықтар.
Есейсе де санамыз
Біздер әлі баламыз
Ойыншықтар әлемінін
Физика тұрғысынан да
Қасиетін түсіндіре аламыз
Ойыншықтардың қысымға байланысты касиетін оқушылар түсіндіреді.
X . Мұғалімнің қорытынды сөзі
ХІ.Оқушылардың білімін бағалау.
Өсіп біздің жетілді,
Ойымыз бен санамыз
Күнделікке тиісті
Қойылады бағамыз.
XII .Үйге тапсырма беру
Қысым тарауын қайталау.