Мектепке дейінгі балаларды? бейнелеу ?нерінде д?ст?рден тыс ?дістер ар?ылы шы?армашылы? ?абілетін дамыту


Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістер арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
«Тәрбиешінің міндеті – балада искусствоның
қандай түріне ынта бар екенін тауып,
сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық
сезімдерін өркендету»
Мағжан Жұмабаев
Балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі өзара тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жүзеге асады.Балаларды бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдеріне үйрету- эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті болып есептеледі.
Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін , көркемдік талғамын оятып ,шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді.Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді,заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,бүгінгі күнге дейін жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Әр жас ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын.
Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы - баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады
ТРИЗ технологиясы – Сурет салудағы тиімді әдістеме.
ТРИЗ- (Теория Решение Изобретательных Задач)-Ойлап табу теория-
сының міндеттері.
ТРИЗ- балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау
қабілетін ,қиялын дамытып,зейін қоюға үйретеді.
ТРИЗ-шілердің ұраны- «Ойдағының бәрін айтуға болады»,сондықтан
балалар өздері ойлап тауып,өз ойларын жасқанбай айтып,жеткізуге
тырысады.
ТРИЗ-ді ойлап тапқан Генрих Саулович Альтшулер болып есептеледі.
Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше ,дәстүрден тыс жолдарын ,шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды.
Триз әдістерін қолданудың бір ерекшелігі - балалар нәтижеге тез қол жеткізеді.Мысалы,әр бала үшін саусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу ,қағаз бетінде бояу тамызып , оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты.
Триз әдістері:
- Бастырма әдісімен сурет салу үшін әр түрлі заттарды қолданып көруге болады.Мысалы,поролон,бөтелке тығыны, жапырақтар, сәбіз, картоп.Картоптан әр түрлі пішіндер жасап алып, оны бояуға батырып, бейнелерге айналдыруға болады.
- Монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі:
• альбом парағын көз мөлшермен екіге бөлу;
• бір бөлігіне бояу жағу;
• содан соң қағазды бүктеу.
Бояу кепкен соң екіге бүктелген қағаздағы бейнені қиып алуға болады. Бір немесе бірнеше бояуды бірден қолдану әдісі гүл, ағаш, көбелек бейнелеуде ыңғайлы.
- Балауыз әдісі арқылы салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың бетінде түрлі-түсті бояулар жағылған соң бейне пайда болады.
• балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу (ағаш,үй, балық, құс, жануарлар бейнесі);
• қылқаламмен,мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу;
• Картон арқылы сурет салу әдісі:
• қатты қағаздан шаршы,тіктөртбұрыш пішіндерді қиып алу;
• картон қағазды бояуға батырып түрлі көріністерді (ағаш,үй,құс,т.б) салуға болады.
- Сия тамшысы әдісі арқылы түсті өзгертуге,жаңа тамшылар түсіруге,оларды қоршап, аяқтауға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып тамшының пішінін өзгертуге болады.Тамшыға қарап одан қандай да бір бейне көреміз.Бұл баланың қиялы мен ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.
• сия тамшысын қағазға түсіру,неге ұқсайтынын табу,қосымша бөлшектерін бейнелеу;
• сия тамшысын қағазға түсіру,қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп субояқты тамызып, сиқырлы бейнеге айналдыру;
- Ұжымдық жұмыс әдісі:
• балалар екі шағын топқа (4-5) бөлінеді;
• бір тақырып белгіленеді(Отбасы,балабақша,т.б);
• белгі берілгенде әр топтан 1-бала 40-50сек.сурет салады,белгіден кейін келесі бала сурет салады,осылайша шеңбер бойымен айналып ,сурет салу кезегі 1-балаға келеді;
• соңында балалар өз суреттері туралы әңгімелейді,суреттер бағаланады.
- Саусақпен сурет салу- алақанмен,табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.
• Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы зат-тың суретін салу ұсынылады:
• бояу жайпақ табаққа ,суды кішкентай құмыраға құйылып дайындалады;
• әр саусақты бір түсті бояуға батырып ,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып ,қағаз сүлгімен сүртіп отырады;
• қосымша далапты, көз бояуын пайдалануға болады;
- Айна арқылы сурет салу әдісі:
• бала айнаға қарсы отырады;
• өз бейнесін айнаға қарап, бақылап әңгімелейді;
• өз бейнесіне қарап, қағаз бетінде бейнелейді;
- Дымқыл қағазға сурет салу:
• дымқыл қағазға салынған мазмұнды суреттер әсерлі бейнеленеді(
• баланы қағаз бетін сәл дымқылдай білуге үйрету қажет;
• дымқылдау үшін мақтаны аздап суға батырып ,қағаз бетіне жағу қажет;
• енді дымқыл қағаз бетіне тез сурет салып шығуы қажет;
(«Тұмандағы қала», «Менің түсім», «Жаңбыр жауып тұр», т.б)
- Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі:
• алдымен негізгі бет,палитраға керекті қоюланған гуаш бояуын ың түстерін ,умаждалған бірнеше қағаз бөліктері дайындалады;
• бала умаждалған қағазды бояуға батырып сурет салады,әр түске батырған сайын қағаз бөлігін ауыстырады;
Осы сурет салудың триз әдістерін төмендегідей оқу іс-әрекеттерінде және баламен жеке жұмыстарда қолдандым:
1. Картоп бастырмасы әдісі арқылы: «Су асты әлемі патшалығына саяхат» ( ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті).
2. Монотипия әдісі арқылы: «Көбелектер әлемі» (ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті)
3. Картон әдісі арқылы: «Тау», «Қайың ағашы» (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті).
4. Сия тамшысы әдісі арқылы: «Ғажайып орман» (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті).
5. Балауыз әдісі арқылы: «Қысқы орман», «Қысқы ағаштар», «Аяз өрнегі» (баламен жеке жұмыс).
6. Саусақ әдісі арқылы: «Натюрморт» (баламен жеке жұмыс).
7. Айна әдісі арқылы: «Менің портретім» (баламен жеке жұмыс).
8. Ұжымдық жұмыс арқылы: «Отбасы», «Балабақшада» (баламен жұ- мыс).
9. Умаждалған қағаз арқылы: «Көктем бояулары» (баламен жеке жұмыс).
10. Алақанмен сурет салу: «Күн», «Біз- ананың нұрымыз» (баламен жеке жұмыс).
11. Дымқыл қағаз арқылы: «Жаңбыр жауып тұр», «Жайдарлы жаз» (баламен жеке жұмыс).
Оқу іс-әрекеттерінде триз әдістерін қолдану арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады:
- Баланың қорқынышын жоюға көмектеседі;
- Өз күшіне сеніп, дербес жұмыс жасай білуі артады;
- Баланың зейіні қалыптасады және ойлау,есте сақтау және танымдық қабілеті дамиды;
- Бала өз қиялын еркін бейнелеуді үйренеді, шығармашылық қабілеті дамиды;
- Бала түрлі материалдармен жұмыс жасауды үйренеді;
- Баланың түсті, пішінді,көлемді, кеңістікті ажырата білу,композицияны
тақырыпқа сай құрастыра білу сезімі дамиды;
- Баланың тілі дамиды;
- Ұсақ қол моторикасы жаттығады;
- Балада шығармашылық іздену және нәтижеге жету әрекеті қалыптасады;
- Баланың жағымды көңіл-күйі артады;
- Жұмыс кезінде балада эстетикалық қанағаттану сезімі қалыптасып, бейнелеу өнеріне қызығушылығы артады.
Сонымен қатар , бейнелеу әрекетінде баламен жұмыс нәтижелі болуы үшін
мынадай қосымша әдістерді қолданған жөн:
• баланың негізгі әрекеті- ойын;
• тосын сәт- ертегі немесе мультфильмдегі сүйікті кейіпкер қонаққа келеді және баланы саяхатқа шығуға шақырады;
• көмек беру өтініші,себебі балалар көмек беруге әр уақытта дайын тұрады;
• сазды әуен қолдану,т.б.
«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі-оның саусағының
ұшында» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, баяндамамды қорытындылай
келе, алға қойған мақсатым мынадай :
Мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында
жаңа технологияларды тиімді қолданып,балалардың шығармашылық
қабілетін одан әрі жетілдіру.