Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Бізді? бейбіт ?лем
Күні: 22.11.2014
Тәрбие сағатының тақырыбы: Біздің бейбіт әлемСабақтың мақсаты: Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.Сабақтың міндеттері: Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу;Оқушылардың шығармашылығын, ой өрісін дамыту;Оқушыларды бейбітшілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар, суреттер.Сабақтың типі: әңгімелесу сабағы.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Барысы
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Міне, балалар, біз ормандарды аралап ондағы тыныштыққа, ондағы бейбіт өмірге көз жүгірттік. Әлі орманда жүрміз деп ойлаңдар. Мында қараңдар. Орманда аңдар жиналып қалыпты. Олар не деп жатыр екен?
Дүниеде жамандық неден? Көрініс тамашалау
Балалар, қараңдаршы, аңдар да өзара пікірталас тудырып жатыр. Сонда жамандық неден болады дейді? Ал ол қандай қасиеттер деп ойлайсыңдар? Кәне, енді сәл «Кактус» ойынын ойнайық. Кактус деген қандай гүл? Тікенекті. Яғни ол адамға қолайсыздық әкеледі. Сендер мына алдарыңдағы жаман қасиеттерді осы кактустың гүлдеріне жазасыңдар да, бір бірден тақтаға ілесіңдер..
Тақтаға ілу.
Балалар, адам бойындағы осындай қасиеттерден біздің ата бабаларымыз да талай қиындықтарды өткізген. Ендеше сәл тарихқа шолу жасайық.
Топтық жұмыс «Тарихқа шолу» топтарға қазақ халқының тарихынан сипаттамалар беріледі. Содан өздеріне берілген суреттерге тән оқиғаны табады.
1.жоңғар шапқыншылығы
2.ұлы отан соғысы
3.семей полигоны
4.ауғанстан соғысы
5.ресей үкіметіне қосылуы
6.желтоқсан көтерілісі
Балалар, көрдіңдер ме, біздің ата бабаларымыз бейбіт өмір суру үшін қандай қиын кезеңдерді басынан өткізген. Ендеше осы бейбітшілікті сақтай білуіміз керек. Ол үшін біздің бойымызда қандай қасиеттер болуы керек. Кәне, «Кактус» ойынын әрі қарай жалғайық. Енді кактусты әдемі гүлге айналдырайық ол үшін бойымыздағы жақсы қасиеттерді мына гүлдерге жазып, тікенектерге жазайық. Тақтаға ілу.
Міне, балалар, осындай адамдардың арқасында біздің еліміз тәуелсіздікке, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал осындай ел туралы сендер не айта аласыңдар?
1. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира. Көз алартқан жаудың, қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.2. Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты, туыстықты, бірлікті қалыптастырған.3. Қазақта, тіпті “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар. Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан айтылған.
1.«Рухы – ер,Тәні – бекем ,Тірліктен де артық көрген бірліктіБұл бір қайсар халық екен», - деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз.2. Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі.Бір жерде тұрлау таппаған,Қосылмай малы қаптаған,Бөлініп қонған қазақтыКімдер де кімдер шаппаған?!Олар тыныштықта, ынтымақта болса, оған біз жақсы қарасақ, онда біздің әлем бейбітшілікте болады.Ал осы бейбітшілікті бейнелейтін қай құс?
Аудио «Ақ көгершін» ертегісін тыңдату
Балалар, «Ақ көгершін» әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді. Алдымызда қағаздан қиылған ақ көгершіннің арғы бетіне бүгінгі сабақтан түйген ойларыңызды, елге тілер тілектерінізді жаза отырып, біздің шағын әлемге, Қазақстан жеріне ұшырамыз.
Ән «Ақ көгершін» ө. Н. Баймұхамедов ә. А. Жұбанов Ақ көгершін, көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан. Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан. Ел тілегін алып ұш Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына. Сенен көзін алмайды Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды Әділеттен жаралған. Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің Қайт шыңына қонақтап. Ел тілегін алып ұш Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.