Презентация на темуС?лем т?зелмей, ?лем т?зелмейді
Ақшұқыр мектеп-лицейі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Тәрбиеші: Едилова Н.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»Мақсаты:1) Сәлемдесудің түрлері, қалай сәлем керектігін үйрету. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау.2) Сәлемдесуде дауыс ырғағы, жүріс - тұрысты реттеугедағдыландыру;3) Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкендісыйлауға тәрбиелеу.Психологиялық дайындық.Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз.Сәлемдесудің түрлерін атаңдар?«Ескірмейтін есті сөз» мақал - мәтел1. Сәлем – сөздің анасы.2. Әдептілік белгісі -Иіліп сәлем бергені.3. Адам сөйлескенше,Жылқы кісінескенше.4. Сәлемдесудің басты шарты - жылы шырай.5. Сәлем беру - өмірлік міндет.6.«Әдепті бала арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала»Мағынаны тану. (Мақалдың мәнін ашу).І – Сәлем беру де парыз,Сәлем алу да парыз.1. Адамшылық амандасудан басталады. Кездескен адаммен тікеқарап, күлімдеп амандасу парызымыз.2. Үлкен адамға сәлем беру - кішінің міндеті.Сәлем беру - инабаттылық, имандылық, көргенділік,мәдениеттілік белгісі. Үлкен адамдармен амандасқанда, ол кісісәлемімді алмаса ойланып қаламын. Бірақ мен өз міндетімдіорындаймын.ІІ - Әдепті елдің баласыАлыстан сәлем береді.1. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру - ата дәстүріміз.Бұл - әдептілік белгісі.2. Әдепті бала үлкендермен, жолдастарымен амандасып жүреді.Қалаға барса немесе ауылға келсе туыс - туғанға, үлкен ата - әжелерге барып тұрып амандасу керек.«Әдеппен сөйлеп әдеттен» атты көріністерСәлем берудегі әдептілік және әдепсіздік.Сәлем берудегі әдептілік.1.«Ассалаумағалейкум» немесе «Сәлеметсіз бе?» деп, бір міндеттен құтылғандай сәлем беру көңілге қаяу түсіреді. Сәлемдесудің әдеп ретінде басты шарты - жылы шырай.2. Сәлем беруші мен сәлем алушының қас – қабақ, бет - жүз құбылысы, даусы маңызды қызымет атқароады.3. Жылы жүзбен, әуезді үнмен сәлемдесу керек.Сәлем берудегі әдепсіздік.1. Барқ етіп, естілер естімес етіп міңгірлеп, ернін жыбырлата сала сәлемдесудің сәлемдесуге үш қайнаса сорпасы қосылмайды.2. Біреумен амандасқанда көзің, көңілің басқа жақта тұруы - әдепсіздік.3. Қол берісіп амандасқанда қолды қатты қысу, шапалақты шарт еткізу, немқұрайлы сау сағының ұшын беріп амандасу - әдепсіздік.4. Топ адамның ішінен атақты – абройлы деген 1 - 2 - еуін немесе танитын адамдарға ғана амандасу сәлем берілген адамдардың өзін де, сәлем бермегендер үшін ашықтан – ашық қорлау.Мақал - мәтелдің жалғасын табу1. Үлкенді сен сыйласаң,Кіші сені сыйлайды2. Әдепті елдің баласыАлыстан сәлем береді3. Алыстан алты жасар бала келсе,Алпыс жасар қария сәлем берер4. Бір күн тұзын татсаңҚырық күн сәлем бер.5. Білекті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.Сиқырлы сөздер.1. Жарас автобуста отыр еді. Бір аялдамада сәби көтерген әйел адам кірді. Жарас орнынан тұрып, әйелге бірдеңе айтып еді, әйел де оған қуанып жауап қатты.Сұрақ: Жарас не айтты? Әйел неге қуанды?Келіңіз отырыңыз.2. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?Кешіріңіз байқамай қалдым.3. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгібала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?Ассалаумағалейкум мен сізге көмектесейін.Сабақты қортындылау.