Саба? жоспары Химиялы? элементтер, оларды? та?балары


8-сынып.
Cабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер, олардың таңбалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды химиялық элементтер және олардың таңбаларымен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, білім тереңдетуге ізденіс қабілетін дамыту:
Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, интерактивті тақта, Слайд
.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. «Молекулалар және атомдар» ойыны
ІІ. Мағынаны тану Жай заттар тізбесін құру

ІІІ. Ой толғаныс. а/.Есік қорғанынан табылған адам туралы не білеміз?
ә/. Түркістан қаласындағы мавзолейге қайта әкелінген тарихи ескерткіш.
Көрсетілген суреттермен жұмыс
ІV. Бекіту Сәйкестік тестілермен жұмыс.
V Бағалау.
"Химиялық элемент" ұғымын алғаш енгізген ағылшын ғалымы Р. Бойль.
Табиғатта 89 түрлі химиялық элемент бар екендігі аян, ал жасанды элементерді қосқанда қазіргі периодтық кестедегі элементтер саны шығады.
Бүкіл әлем, оның ішінде Күн жүйесіндегі планеталар, тіпті алыстағы жүлдыздар мен басқа астрономиялық денелер түгелдей осы химиялық элементтерден, яғни оның атомдарынан құралған.
Элементтің химиялық таңбалауды швед химигі И. Берцелиус ұсынған.
Ол элементтің латынша атауының алғашқы немесе қос әрпінен тұрады.
Элемент таңбасының бастапқы әрпі бас әріппен жазылады.
Мысалы:сутек элементінің таңбасы — Н, латынша аты hydrogenium (гидрогениум), оттектін таңбасы — О, oxygenium (оксигениум) , сынаптың таңбасы — Hg, hydrargyrum (гидраргирум), темірдің таңбасы — Ғе, ferrum (феррум) .
Химиялық таңба (химиялық символ) әрбір элементті және оның бір атомын бейнелейді. Мысалы, "Н" таңбасы сутектің бір атомы, "аш" деп оқылады, "
сутектің 2 атомы — 2Н,
Химиялық элементтер - біздің жұлдыздарымыз. Бірақ жұлдыздар өте көп. Жұлдыздарды бір бірінен ажырату үшін әріп пен саннан құралған шифр беріледі, ал ол арқылы қай жұлдыз аспан әлемінде қай жерде орналасқан және қай спектрге жататынын анықтау қиын емес.
Жұлдыздарға қарағанда химиялық элементтер өте аз, бірақ олардың аталу сыры ғажайып дүние.
Сутек – су тудырушы /грек/
Оттек - Қышқыл тудырушы
Фтор – бүлдіргіш
Фосфор – жарық беруші
Кейбір элементтер Күн системасындағы планеталар құрметіне аталған:
Селен – Ай
Гелий – Күн
Теллур –Жер
Уран
Нептуний
Плутоний
Аңыздарға байланысты атаулар :
Титан
Ванадий сұлулық құдайы
Тантал - Зевс құдайының сүйікті ұлы.Тантал өзінің қателігі үшін өте қатты жазаланған, тамағының астына дейін суда батып тұрғанмен қанып іше алмаған, жоғарыдан самсап жеміс-жидектер төніп тұрғанмен ауыз ете алмаған. Танталды бөліп алу жолында химиктер көптеген қиындықтарға кездескен.
Мемлекеттерге немесе белгілі жерге байланысты атаулар:
Германий
Галлий , Франций - Галлий /Францияның бұрынғы атауы/
Полоний - Польша
Скандий - Скандинавия
Рутений - Россия
Европий
Америций
Мыс /Купрум/ -Кипр
Қалалар құрметіне аталған элементтер:
Гафний - Копенгаген
Лютеций - Париж
Берклий - АҚШ –тағы қала
Иттрий,тербий,эрбий, иттербий - Иттерби Швециядағы кішкене қала
Ұлы адамдардың құрметіне аталған элементтер:
Кюрий
Фермий
Эйнштейний
Менделеевий
Лоуренсий
Ғажайып жағдай Аргентина - Күміс элементінің құрметіне аталған
ІV. Үйге § 8.