Жалпы білім беретін п?ндер бойынша республикалы? олимпиаданы? ауданды? кезе?іні? ашылу ж?не жабылу салтанаты


Сембаев Рауан Серикбаевич
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Оралбекова Ардак Турсынкызы
Мектеп директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасарыК.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
аудандық кезеңінің ашылу салтанаты
1-жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші: Доброе утро, дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на открытии районного этапа республиканской предметной олимпиады! 
3-жүргізуші: Good morning, dear friends! We are pleased welcome you to the opening of the regional stage of the republican subject Olympiad!
1-жүргізуші: Биыл қазақ елі үшін ерекше тарихи күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі тойланғалы отыр. 25 жылда еліміз дамыған 50 мемлекеттің тізіміне еніп үлгерді. Еліміз бүгінде ТМД елдері арасында көшбасшы мемлекеттің біріне айналды. Осынау дүбірлі мереке, ұлан-асыр той қарсаңында өткелі отырған білім сайысы сіздердей дарынды да білімді оқушыларымызға тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгіннен де жарқын болуы – өздеріңіздей білімді де талантты ұрпақтар қолында. 
2-жүргізуші: В этом году празднуется знаковое для нашей страны событие – 25-летие Независимости Республики Казахстан. За 25 лет суверенного развития Казахстан вошел в число 50 самых развитых стран мира. Сегодня Казахстан – лидер модернизации и развития среди стран СНГ. Основной целью празднования 25-летия Независимости является дальнейшее укрепление государственности, единства народа и консолидация всех казахстанцев вокруг ценностей "Мәңгілік Ел".
1-жүргізуші: Бүгінгі К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде өткелі отырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңін ашық деп жариялаймыз. 
2-жүргізуші: Олимпиаду, посвящённую открытию районного этапа Республиканской предметной олимпиады который, проходит в школе имени К.Нурбаева разрешите считать открытой!
3-жүргізуші: Olympiad, dedicated to the opening of the regional stage of the Republican subject Olympiad which takes place in the school named by K.Nurbaev let open.
/ҚР Әнұраны орындалады/.
1-жүргізуші: «Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн–білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы сөзі ___________________________________________________________беріледі.
1-жүргізуші: Олимпиада қатысушыларын құттықтау кезегі мектебіміздің оқушыларына беріледі. 
1-оқушы:
Армысыздар, ұстаздары елімнің,
Болашағы, жас өрені жерімнің.
Қош келдіңіз, төрлетіңіз,
Бүгін бізде жарқыраған жарқын күн.
2-оқушы:
Жақсы ісі еліміздің белгілі,
Бұл халқымның пейілінің кеңдігі.
Қуантады баршамызды бүгінде,
Өзге елмен тереземіз теңдігі.
3-оқушы:
Қазақстан гүлдене бер жарқырап,
Аспан асты, байтақ далам атырап.
Жас қыранның қанаттары талмасын,
Қалықтасын басымызда шалқып бақ.
4-оқушы:
Қазағымның жас қыраны қалқысын,
Көк байрағым желбіреп, әнұраным шалқысын.
Қабыл алғын шәкірттер мен ұстаздар,
Кәрім ата мектебі шәкіртінің алғысын.
5-оқушы:
Балалар, бұл – жол басы даналыққа,Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та.Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,Соларды көре тұра қалалық па?
6-оқушы:
Итак, друзья, пора вам в путь! С дороги трудной постарайтесь не свернуть! Побед добейтесь, да таких весомых, Чтобы могла гордиться вами школа! 
7-оқушы:
The light of our life,
A gift of academic rife.The key to a bright and rewarding future,
A glue that joins our dreams like a suture.
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанаттың ең маңызды сәті–білім олимпиадасының алауын жағу мәртебесі 2015-2016 оқу жылында қазақ тілі пәнінен облыстық кезең жүлдегері____________________________________________________ жүктеледі.
/Алау жағылады/.
2-жүргізуші: И сегодня по традиции во имя развития творческих и аналитических способностей наших учеников мы зажигаем огонь Олимпиады – огонь Знаний. Зажечь его должны лучшие из лучших, достойнейшие из достойнейших. Это призёр областной олимпиады_____________________________________________.
3-жүргізуші: Today according to tradition in the name of development of creative and analytical abilities of our students, we light the fire of knowledge-Olympiad, fire. Ignite it should be the best of the best, worthy of dignity. The prize –winner of the regional Olympiad _____________________________________________________________.
1-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз! 
2-жүргізуші: От всей души желем каждому участнику районного этапа предметной олимпиады проявить себя, раскрыть свои дарования и таланты, приобрести новых друзей. Пусть Вам сопутствуют удача, успех и победа!
3-жүргізуші: General education courses during a republican Olympiad regional students wish you good luck and inspiration.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
аудандық кезеңінің жабылу салтанаты
1-жүргізуші: Қайырлы кеш ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде кездескенімізге қуаныштымыз! Барлық толқуларымыз артта қалды.
2-жүргізуші: В этом зале собрались достойнейшие представители всех школ Тарбагатайского района, и хочется верить, что ваши знания станут надежной опорой для развития страны.
/ҚР Әнұраны орындалады/.
1-жүргізуші:
Қажу барма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға. 
Білім күшті оларда
Салды барын ортаға. 
2-жүргізуші:
Пришла она – ума отрада. Салют! Салют, олимпиада! Сегодня вместе мы опять, Чтоб победителей назвать.
3-жүргізуші:
It leads us to the
Path of prosperity.
And gives our tomorrow
A sounding security.1-жүргізуші: Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау үшін аудандық білім беру бөлімінің басшысын ___________________________________ортаға шақырамыз. 
/Марапаттау сәті/.
1-жүргізуші: Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің интеллектуалды тірегі мен ұстаздар мақтанышы. Қадірменді ұстаздар! Сіздердің қажымас еңбектеріңіз үшін бас иеміз!
2-жүргізуші: Дорогие друзья! Сегодняшнее восхождение на Олимп – это еще одно доказательство тому, что у нас есть талантливые, и целеустремленные ученики. Мы от души вас поздравляем! Но этих побед не было бы, если бы рядом с учеником не стоял мудрый учитель!!! Низкий вам поклон, дорогие учителя.
1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылай келе бүгінгі олимпиада жеңімпаздарына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үлкен жеңістер тілейміз! Барлық қатысушыларға жолдарыңыз әрқашан ашық болсын дейміз! Қош сау болыңыздар!
2-жүргізуші: Завершая торжественную церемонию награждения победителей по итогам районного этапа республиканской предметной олимпиады среди учащихся желаем покорять новые вершины знаний, достойно победить в областном этапе. До новых встреч, дорогие друзья.
3-жүргізуші: Concluding ceremony of rewarding on the basis of subject Olympiad among students wish to conquer new heights of knowledge, worthy win regional Olympiad. Until next time, dear friends.