Саба? жоспары Б?лу ар?ылы м?тіндерді бірнеше ба?анда орналастыру 10-сынып
Күні: _______________
Сыныбы:____________
Сабақтың тақырыбы: Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Мәтіндік редакторда беттің бір-бірінен бөлінуін және бағандарда орналасу ережесін меңгеру
ә) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
б) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ.
Беттерді бір-бірінен бөлу. Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру.
Егер құжатта мәтінмен жұмыс жасап отырып, мәтінді керекті жерінен бөлгіміз келсе, мысалы, бірінші және екінші жолдарды бөлу керек болса, меңзерді бірінші жолдың соңына орналастырып: Кірістіру мәзіріне кіріп,Бетке бөлу батырмасын шертеміз,екінші жол келесі бетке ауысады.
Тек мәтінді ғана емес, бетті де бөлуге болады. Бетке бөлу бұйрығын берсек, онда меңзер қай жерде орналасса, сол жерден мәтін бөлініп, ортасында бос бет пайда болады.
Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру
Microsoft Word 2010 программасы мәтінді баған түрінде жасауға да мүмкіндік береді . Егер мәтінді кітапша немесе тізім, хабарландыру түрінде жасау керек болса, мәтінді екі немесе бірнеше бағанға бөлу керек болады. Word 2010 құжатта үш бағанға дейін орналастыруға мүмкіндік береді. Егер бір бетте үш бағаннан артық болса, онда мәтінді қалыпты орналастыру үшін тар және сәні жоғалады.
Бағанды Беттерді белгілеу мәзірінен Беттердің параметрлері тобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен құруға болады.
Баған құру үшін келесі бұйрықтарды орындаймыз.
Құжаттың керекті жерін немесе бүкіл құжатты белгілейміз.
Беттерді белгілеу қосымшасына өтеміз.
Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басамыз және мәзірден баған санын таңдаймыз.
Егер ұсынылған нұсқалардың арасында қажетті баған болмаса, онда басқа бағандар батырмасына басамыз.
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Үйге тапсырма: өтілген тақырыпты толықтай оқып келу.
Бағалау.