Саба? жоспары: 3D модельдеу ж?не анимация, виртуалды ?лемді танып білу т?сілдеріні? бірі


Сынып: 10
Күні: 22.02.2016
Сабақтың тақырыбы: 3D-модельдеу жəне анимация, виртуалдылық шынайы əлемді танып білу тəсілдерінің бірі. 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жұппен жұмыс жасата отырып 3D-модельдеу жəне анимация, виртуалдылық шынайы əлем түсінігін қалыптастыру, өз ойын ашық әрі еркін жеткізе білуге үйрету
Сабақтың түрі: Кіріспе сабақ
Әдіс-тәсілдер: Жұппен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі
Көрнекіліктер: Видео, MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест, оқулық, стикерлер, тақта
Сабақтың жүру барысы
Кезеңдер Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру 1 мин 1. оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
2. оқушыларды шеңбер құра отырғызу. Орындықтарға екі түсті стикерлер (қызыл және жасыл) алдын ала жапсырылады Амандасу. Шеңбер құра отыру
Үй жұмысын тексеру 3 мин Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар қойылады
1. Visual Basic қандай бағдарлама?
2. Қандай мүмкіндіктері бар?
3. Басқа қандай анимация жасауға болатын бағдарламаларды білесіңдер? Сұрақтарға ауызша жауап береді
Қызығушылықты ояту 10 мин Қарапайым анимациямен жасалған «Бауырсақ» мультфилімі мен 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен жасалған «Алдаркөсе» мультфилімінен үзінді көрсетіледі.
Екі видеоны көріп болғаннан кейін қандай айырмашылық байқағандары сұралады Видеоға мән беріп қарау. Сұрақтарға өз ойлары бойынша жауап беру
Сергіту сәті 2 мин балаларды шеңберге тұрғызып «нөсер» психологиялық трейнингін өткізу
Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша біркелкі әрекеттерді орындау.
Жаңа тақырып 15 мин 1.Кітаптағы тақырыпты тиісті стикер түстері бойынша оқыту:
Қызыл түсті стикердегілер «виртуалды шындық» тақырыпшасын, жасыл түстегілер «модельдеу» тақырыпшасын оқиды.
2. көршісімен (1қызыл + 1жасыл) жұптасып талқылау, бір біріне өз тақырыптарын түсіндіру 1. Кітаптағы тақырыптан өз түсіне байланысты берілген бөлігін оқу
2. Көршілес оқушымен жұптасып талқылайды
Бекіту 10 мин Шеңбер ортасына орындық қойылып «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша таңдаулы балаға сұрақтар қойылады (3сұрақ).
Ыстық орындыққа алдын ала таратылған стикерлерде сәйкесінше 1,2,3,4,5 сандары бар 5 оқушы кезекпен шығарылады Нөмірленген стикері бар оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Басқа балалар сұрақ қояды
Рефлексия 2 мин «Информатика ағашы»
Стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен алған жаңа білімін, елешек өмірлеріне маңызын жазып тақтаға жапсыру
Бағалау 1 мин Оқушыларға алған бағаларын жариялау Күнделікке бағаларын қойдырады
Үйге тапсырма 1 мин §24. Программа интерфейсі, нысандар тақырыбын оқып келу Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу