Жай б?лшектер мен аралас сандарды к?бейтуге есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды жай бөлшектерді көбейтуге үйрету, ережелерді қолдана білу біліктілігін қалыптастыру;
Дамытушылығы: Жай бөлшектерді көбейтудің қасиеттерін қолдана білуге, топта жұмыс істеу дағдылары мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: жай бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымдау және еске сақтауға баулу; адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағыСабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап,  тест жұмыстарыСабақтың көрнекілігі:  лакаттар, фигуралар,  слайдтар, кеспе қағаздарСабақ  жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңіА) Оқушылармен сәлемдесуӘ) Оқушыларды түгендеуБ) Оқушыларды 3 топқа бөлуІІ. Үй тапсырмасы
А) Үйге берілген жаттығуды тексеру№588

Оқушылардың  дәптерін  ауыстырып, өзара  тексерту.
Бағалау  критерийі бойынша  бағалау.
ІІІ. Өткен материалды қайталау1. Ой қозғау. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап"  Сұрақ- жауап алу2. «Күн сәулесі» ойыны3.«Білім көзі кітапта» (Оқулықпен жұмыс)
4. «Кім жылдам»
5. «Сергіту» сәті6. Бекіту сұрақтары. Тест тапсырмаларыІҮ. Үйге тапсырмаҮ. Бағалау.
1. Ой  қозғау  “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”
(сұрақ  - жауап алу)
1. Жай бөлшекті қалай көбейтеміз ?2. Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
4. жай бөлшегіндегі 11 санын қалай атайды ?
5. жай бөлшегіндегі 12 санын қалай атайды?
6. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
7. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
8. Қандай санды аралас сан дейді?
9. Бөлшекті қалай қысқартуға болады?
Әр дұрыс жауап 1 ұпайЖауаптары:
Жай бөлшектерді көбейту үшін: алымын алымына көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің алымына; бөлімін бөліміне көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің бөліміне жазамыз. Жай бөлшектерді көбейту кезінде есептеуді жеңілдету үшін алдымен қысқартуды орындауға болады.
Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды алымына көбейтіп, мәнін жай бөлшектің алымына жазамыз, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Аралас сандарды көбейту үшін оларды бұрыс жай бөлшекке айналдырамыз, содан кейін жай бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
11- саны  жай бөлшектің алымы деп аталады.
12- саны бөлімі деп аталады.
Алымы бөлімінен   кіші жай бөлшек дұрыс жай бөлшек деп аталады.
Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең жай бөлшек бұрыс жай бөлшек деп аталады.
Жазылуында бүтін және бөлшек бөлігі бар сан аралас сан деп аталады.
Жай бөлшектің алымы мен бөлімін олардың бірден өзгеше ортақ бөлгішіне бөлу бөлшекті қысқарту деп аталады.


4.«Сергіту»  сәті(Математикалық дене шынықтыру уақыты)
Мен сан айтамын. Егер 2-ге бөлінсе екі қолымызды көтереміз.Мен сан айтамын. Егер 5-ке бөлінсе шапалақтайсыздар.Мен сан айтамын. Егер 3-ке және 9-ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіздер.14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44, 20, 54, 100
5. "Кім жылдам?"

6. Бекіту  сұрақтары
ІҮ.  Үйге тапсырма:
№590,  №591 (5,6,7,8,9), №592 (5,6).
Ү. Бағалау.