Аралас сандарды ?осу?а есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосуға есептер шығаруСабақтың мақсаты:
Білімділік: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосуға, жай бөлшектерді қосу ережесін айтуға, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жай бөлшектерді қосуда және өрнектерді ықшамдауда қолдана білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақОқытудың әдісі: өз бетімен жұмыс істеуӘдістемелік нұсқау: Деңгейлік есептерді шығарту арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт бағдар беру.
Сабақтың өтілу барысы:
Сабақтың бөлімдеріОқыту материалының мазмұны, оқыту әдістері мен формаларыҚосымша, өзгертулер, ескертулерІ. Сабақты ұйымдастыру кезеңіа) Сәлемдесуә) Оқушыларды түгендеуб) Оқушылардың назарын сабаққа аударув) Сабақтың мақсатымен таныстыруІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі1) Үйге берілген есептерді тексеру;
2) Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1) Жай бөлшекті қалай қысқартамыз?
2) Бөлімдері бірдей аралас сандар қалай қосылады?
3) Бөлімдері әртүрлі аралас сандар қалай қосылады?
4) Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді атайды?
5) Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді атайды?
1) Мұғалім дұрыс жауаптарын оқиды, оқушы өз бетімен дәптеріндегі есептерді тексереді.
2) Оқушылар өткен тақырып бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
IІІ. Практикалық кезеңСыныпта орындалатын деңгейлік тапсырмалар:
№643-644 А тобы, №649-651 В тобы,
№656-657С тобыӘр шығарылған есептерге талдау жүргізуV. Қорытындылау кезеңіСабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: №644