Рационал сандарды к?бейтуге есептер шы?ару
Тексерген: Күні: 30.11.2016ж Пән: Математика
Сынып: 6 «ә» Пән мұғалімі: Оспанова У.А
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейтуге есептер шығаруСабақтың мақсаттары:
Білімділік: Рационал сандарды көбейту ережелерін әр түрлі есептерде пайдалану, тақырыпты оқушы санасына бекіту.
Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тез ойлап дәл жауап беруге қалыптастыру, теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен және жеке жұмыс
Білімге жетелейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,
Ойлау жолы- ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын ащы жол.
Конфуций
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№578
1. -63∙(7-11)=252 3. -2,2∙(8-3)=-11 5. (32-40)∙3,5=-6.3
2. 9,9∙(3-5)=-19.8 4. (26-11)∙(-0,4)=-5.6 6. (0,99-1)∙26=-0.26
ІІІ. Тарихи мәлімет
VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Теріс сандарды қосу және азайту ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз».
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту
(-)∙(+)=(-), (+)∙(-)=(-)
Мысал: (-4)∙3=-12 -0,35∙6=-2,1 23∙(-35)=-25Таңбалары бірдей екі санды көбейту
(-)∙(-)=(+), (+)∙(+)=(+)
Мысал: (-0,2)∙(-1,5)=0,3 (-38)∙(-415)=110=0,1
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады: (-8)∙(-3)∙(-2)∙(-0,5)=24
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады: -2∙(-3)∙(-7)=-42
а∙0=0, а-рационал сан
ІV. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс
№ 577, №579
І топ (1,4,7) ІІ топ (2,5,8) ІІІ топ(3,6,9)
-1,9∙0,6 =-1,14 6,5•(-30,8) =-200,2 -18,3∙(-5,4) =98,82
5,9∙(-35) =-70 -12,5∙(-0,4) =5 5∙(-9,3) =-46,5
=-0,45 =0,04
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады, есепті тақтадан өздері тексереді. Бәрі дұрыс болса 3 балл, екеуі дұрыс болса 2 балл, біреуі дұрыс болса 1 балл қояды.
№582
Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:
1. 0,2∙(а+6)-11, мұндағы а=-7 Шешуі: 0,2∙(а+6)-11=0,2a+1,2-11=0,2a-9,8=0,2∙(-7)-9,8=-1,4-9,8=-11,2
2. -3∙(2b-5)-1,8 мұндағы b=1,5 Шешуі: -3∙(2b-5)-1,8=-6b+15-1,8=-6b+13,2=-6∙1,5+13,2=-9+13,2=4.2
3. -5,1+9(-c-4), мұндағы c=-2 Шешуі: -5,1+9(-c-4)=-5,1-9c-36=-41,1-9c=-41,1-9∙(-2)=-41,1+18=-23,1
4. 6∙(d-213)+17, мұндағы d=-0,5 Шешуі: 6∙(d-213)+17=6d-6 ∙∙73 +17=6d-14+17=6d+3=6∙(-0,5)+3=-3+3=0
Жеке жұмыс (тақтаға 4 оқушы шығады)
Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Дұрыс шығарса 2 балл, қатесі болса 1 балл қойылады.
V а)Семантикалық карта(топтық жұмыс)
р/с а в а∙в=-30,6 а∙в=-100 а∙в=1,14 а∙в=-0,2 а∙в=-13а∙в=-12,3
1 45-512+ 2 -1,5 8,2 +
3 5,1 -6 + 4 -1,9 -0,6 + 5 0,4 -12+ 6 -25 4 + Cемантикалық картаны өзара тексеріп, барлығы дұрыс болса 2 балл, жартылай дұрыс болса 1 балл қойылады.VI. Сәйкестендіру тесті Жауабы
-3•2 5•(-0,3) -1,5•(-20) -65•0 -4,2•(-3) 30
-6
12,6
-1,5
0 -3•2 = -6
5•(-0,3)=-1,5-1,5•(-20)= 30-65•0=0 -4,2•(-3)= 12,6
VIІ Сергіту сәті . Логикалық есеп
1. Мына теңдікті түсіндіріңіз 8=14913. Жауабы: 1-4+9-1+32. 1000 оған 40-ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30-ды қосу керек. Тағы 1000. Қосу 20. Қосу 1000. Және тағы 10-ды қосыңыз. Неше шықты? Жауабы: 41003. Бір ауылға келген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын. Оның себебі неде?
Жауабы: 500 теңгелік жыртық болған.
VIІІ. Графикалық диктант Иә «-», жоқ «^»
+ .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
– .0 саны натурал сандар жиынына тиісті
+. Екі теріс санның қосындысы- теріс сан
+. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан
-. Кез келген теріс сан нөлден үлкен
+. Оң санның модулі сол санның өзіне тең
+. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады
-. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
+. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі- оң сан
-. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен
IX. Үйге тапсырма беру
№ 584. Ережелерді қайталау п 3.7
Х. Қорытынды. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылау.
«Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында»
ХІ. Оқушылардың білімін бағалау (өздері бағалайды)
Өзін-өзі бағалау парағы
Р/с Сабақтың кезеңдері балл
1 Үй тапсырмасы 0-2б. 2 №566 0-2б. 3 №577 4 №582 0-3 б. 5 А) Семантикалық карта 0-2 б. 6 Ә) Деңгейлік тапсырмалар 0-2 б. 7 Сәйкестендіру тесті 1 б. 8 Логикалық есеп 1 б. 9 Графикалық диктант 0-10 б. Қорытынды балл «5»- 17-20 балл
«4»- 12-16 балл
«3»- 6-11 балл
«2»- 0-5 балл