Мінез — адамны? к?рсеткіші (9-сынып)
Мерзім: 10-14-15.12.16ж
Тақырып: Мінез адам көрсеткіші
Құндылық: Ішкі тыныштық.
Қасиеттер: Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.
Мұғалім: Тұрғанбаева Г. Сынып: 9 «а,б,в» оқушылар саны:21-20-17
Сабақ мақсаты: Риясыз жақсылық жасай отырып, дұрыс әрекет еткенде ғана ішкі тыныштығымыз пайда болатынын оқушыларға ұғындыру.
Міндеттері: Оқушылардың мінез- құлқы туралы түсініктерін кеңейту.
Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажыраты білуге үйрету;
Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік қасиеттерін дамыту;
Адамгершілікке тәрбиелеу Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,
өлеңнің аудио дискісі.
Постер,маркер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті : Теңізге саяхат Үй тапсырмасын тексеру
«Дән мен тас» ертегісі
Мәтіннен қандай ой түюге болады?
Өмірде мінезі ауыр адамдармен қалай қарым-қатынас жасауға болады?
Ауыр мінездің оң жіне кері қырлары туралы не айтар едіңіздер?
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби
Мұғалімнің сыйы; Жақсы мінез түгесілмес байлығың, жаман мінез ғұмырлық азабың-дегендей жақсы мінез-құлық адам өмірі нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,
Қарғадан қарға туар қарқылдаған.
Көгентүп көнелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген.
Атақты ғұлама Жүсіп Баласағұн:
«Құрсақта біткен мінез қара жерге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың»-деген екен.
Мұхаммед пайғамбар:
«Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Алланың мінезінен үлгі алыңдар»-деп мінездің тәрбиелік және көркемдік маңызына назар аударған.
Хазреті Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап, қасына жақындайды. Алайда, қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды: – Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс алмайсың» дейді. Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік. Сіз дұрысын айтыңыз, – дейді.– Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар, – деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады. Қария оларға қарап:– Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс… Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды. Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!,– деп риза болыпты.
Осы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс . Мына мінездердің қайсысы сенің мінезіңе сәйкес келеді
249491515240Түйық мінез
00Түйық мінез
86296572390Паң мінез
00Паң мінез
176466516383000248856516383000
318643030480Тентек мінез
00Тентек мінез
136080513716000276733076200016059157620Мінез түрлері
00Мінез түрлері
2279657620Мақтаншақ мінез
00Мақтаншақ мінез
318643095250Кесір мінез
00Кесір мінез
278003015430500
2551430977900014344659779000
2383790113030Дөкір мінез
00Дөкір мінез
97091574930Жібек мінез
00Жібек мінез
Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.
Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.
Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.
Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.
Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.
Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.
Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.
Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн
Адамның жазуына қарап та мінезін тануға болады екен.
Жазба мен мінез-құлық байланысын графология гылымы
зерттейді. Адамның қол жазуына қарап,оның
ақылын.жігерін,өзін-өзі бағалауын,эмоционалдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Қол жазуының көлемі адамның көпшіл екендігін көрсетеді.
Ірі жазу иелері-көпшіл,тез тіл табысқыш
Майда жазу- мінезі тұйық адамдар.
Қырлы жазу-өзімшіл адамдарға тән
Басып жазу-жігерлі,шыдамды.
Көркем жазу-ұқыпты,
Біріктіріп жазу-логикалық ойлау қабілеттері жақсы.
Түсініксіз жазу-күйгелек адамдар.
Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Үй тапсырмасы.
Темірқазық мәтінін оқып келу,дәпетмен жұмыс
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!