9 сынып урок, тест.


9 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасыСабақтың мақсаты: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіруСабақтың міндеті:
а) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашуб) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіруг) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сөз әдісі, талдау әдісі, тест алу(бақылау) Сабақтың көрнекілігі: Флипчарттар, дәйексөздер, Абай шығармаларыСабақтың барысы:І.1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: а) Абай аудармаларыә) Үзінділер жаттауАктуалдау: Балалар, тақтаға назар аударайық.Абай шығармалары.ӨлеңдеріҚарасөздеріАудармаларыПоэмаларыӘндері- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?- Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен.Абай поэмалары"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі"ІІІ.Біз бүгін сол поэмалардың бірі "Ескендір" поэмасымен танысамыз.- Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?-"Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.ІV.Жаңа сабақ:"Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.(Оқушылар үзінді бойынша жатқа айтып, мазмұнына талдау жасалынады).V.Жоспар1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі3. Ескендірдің бұйрығы4. Күзетшінің сыйлығы5. Аристотель шешімі6. Ақын өсиетіАбай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру.Аристотель кім? Ол поэмаға неліктен енгізілген? (Анықтама беру)Түсіндірме сөздік1. Хакім - ғалым2. Данышпан - оқымысты3. Иман - дін, Алланы мойындау4. Ғибрат - үлгі5. Нәпсі - құмарлық6. Араны - көз тоймауАристотельге мінездеме беруҒұлама, байсалды, әділҒалым, ақыл иесі, қазыVІ.Бекіту: Тест тапсырмалары1. Ескендір патшаның жасын көрсета) 43ә) 32б) 212. Ескендірдің әкесінің есімін тапа) Филиппә) Македонияб) Аристотель3. Абайдың аяқталмаған поэмасын көрсета) Ескендірә) Әзім әңгімесіб) Масғұт4. "Ескендір" поэмасының негізгі идеясыа) өнер - білімге шақыруә) күреске шақыруб) тойымсыздықты тыю5. Абай "Шегіртке мен құмырсқаны" кімнен аударды?а) Крыловә) Пушкинб) Лермонтов6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударды?а) 23ә) 28б) 27VІІ.Қорыту: "Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз" Н. НазарбаевVІІІ.Үйге тапсырма:а)"Ескендір поэмасын оқу.ә)"Тойымсыздық сыры неде?" (ой толғау жазу)Х.Оқушылардың еңбегін бағалау.