К?шбасшылы? та?ырыбында?ы коучинг- сессия жоспары.


Коуч: Сулейменов Б.Б.
Мерзімі
Уақыты 60 минут
Тақырыбы Көшбасшылық.
Мақсаты Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу, көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жоюға ықпал ету.
Табыс критерийлері Мұғалімдер тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы түciнiктерін қaлыптacтырaды, көшбacшы түрлeрiнiң eрeкшeлiктeрiн aйқындaй oтырып, қaжeттi жaғдaйдa тиiмдi пaйдaлaнуғa үйрeнeдi.
Түйінді идея Қолдау, ынтымақ, бірлескен жоспар.
Ресурстар Мұғалімге арналған нұсқаулық, постер, презентация, бейнежазба, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар.
Ұйымдастыру әрекеті уақыты Коучтің әрекеті Мұғалімнің әрекеті
Психологиялық ахуал орнату
Ерекше бір қуанышты жаңалықтармен немесе жетістіктермен бөлісу.
5минут
Мұғалімдерді екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып, өздерінің ерекше бір қуанышты жаңалықтарымен немесе жетістіктерімен өзара бөлісуге шақырады.
Мұғалімдер ерекше бір қуанышты жаңалықтарымен немесе жетістіктерімен өзара бөлісіп болған соң, барлығына осы жұмыста сәттілік тілейді.
(Жақсы Сабағымызға сәттілік тілеймін!)
Мұғалімдерді екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өздерінің ерекше бір қуанышты жаңалықтарымен немесе жетістіктерімен өзара бөлісіп, пікір алмасады.

Топқа бөлу «қима әріптер» ойыны (тыңдаушыларды бірлесіп жұмыс жасау және топқа бөлу әдісі)
3минут Партаға алма пішініндегі түрлі-түсті 10 стикерді араластырып қояды. Мұғалімдерге өздеріне ұнаған стикерлерін алып, сол стикерлердің артындағы әріптерден сөздерді құрауға шақырады.
Мұғалімдерді топқа осы сөздер арқылы бөледі. «Сенім», «Жалын»
І топ-«Сенім», ІІ топ-«Жалын» Мұғалімдер өздеріне ұнаған стикерлерін алып, сол стикерлердің артындағы әріптерден сөздерді құрайды. Мұғалімдер осы сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді.
І топ-«Сенім», ІІ топ-«Жалын»
Негізгі кезең
1. Кинометафора «Құмырсқалардың ынтымақшылдығы туралы»,
Ой шақыру.
2. Постер қорғау.
3. Көрініс.
4. «Мен көшбасшымын, себебі....» (Сөйлемді жалғастырып, аяқтау.)
5минут
10минут
10минут
7минут Мұғалімдерге құмырсқалардың ынтымақшылдығы туралы бейне жарнама көрсетеді.
Бейне жазбада сіздер нeні бaйқaдыңыздaр?
Бейне жазбада тамашалағандарыңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар?
Екі топқа флипчарттар таратып, Басқару мен көшбасшылықтың айырмашылықтары және көшбасшылыққа тән қасиеттер тақырыбында постер қорғауға шақырады.
Екі топқа ым, жест, мимика арқылы көшбасшының түрлерін бір-біріне көрсетіп, қандай көшбасшы екендігін анықтау тапсырмасын береді.
Мұғалімдерді өз топтарымен дөңгелене тұрып, өз бойларындағы көшбасшылық қасиеттерді айтып шығуға шақырады.
Мұғалімдер коучтың сұрақтарына жауап беру арқылы, ой, пікірлерімен алмасады. Коучинг сессияның тақырыбын табады.
Мұғалімдер коучтың тапсырмасына байланысты өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғайды.
Екі топ мүшелері де бір-біріне ым, жест, мимика арқылы көшбасшы-ның түрлерін көрсетіп, қандай көшбасшы екендігін анықтайды.
Мұғалімдер өз топтарымен дөңгелене тұрып, өз бойларындағы көшбасшылық қасиеттерді «Мен көшбасшымын, себебі....» деген сөзбен бастап, ары қарай толықтырып айтып шығады.
Қорытынды 10минут Көшбасшы ұғымына анықтама беріп, қорытындылайды. (презентация) Мұғалімдер өз ойларын ортаға салады.
Бағалау Қорытындылау
«2 жұлдызша 1тілек» 5минут Екі топқа бір-бірлерінің жұмысын «2 жұлдызша 1тілек» арқылы бағалауды ұсынады. Екі топ бір-бірлерінің жұмысын «2 жұлдызша 1тілек» арқылы бағалайды.
Рефлексия 5минут Коучинг сессиядан алған әсерлерін стикерлерге жазуға шақырады. Мұғалімдер коучинг сессиядан алған әсерлерін стикерлерге жазып шығады.