К?шбасшылы? ?абілетімізді дамыту ар?ылы мектепті бас?аруды? тиімді жолын ?арастыру. І денгей к?шбасшысы


361950-18097500
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
Байырқұм ауылы
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақтың тақырыбы
Мақсаты Түйінді идеялар Күтілетін нәтиже Кіріктірілетін модуьдер Ресурстар
Көшбасшылық қабілетімізді дамыту арқылы мектепті басқарудың тиімді жолын қарастыру. Мектептің қазіргі жағдайын бағалау, даму салаларын анықтап, қол жеткізілетін мақсаттарды белгілеу;
-мектеп басшыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру,ұйымдастыру мен басқаруда заманауи басшының ролі мен миссиясы ,жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру,мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамытуға;
-көшбасшылық пен басқару,стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзіреттіліктер қалыптастыруға ықпал ету;
-мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдылар,жұмыс
түрлері ,әдіс-тәсілдермен алмасу.
1.Басшылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
2.Мектептегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыру;
3.Жұмысты жүйелеуді үйрену;
Мектеп басшылары өздерінің өзгеріс енгізуге дайындық деңгейін бағалау үшін өз мектептері туралы деректерді пайдалана алады;
- мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін мақсаттарды қалай қою керектігін білетін болады.
-мектеп басшыларының кәсіби біліктілігі жетіледі;
-жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіреді;
-көшбасшылық пен басқару ,стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзіреттіліктер қалыптасады;
-мұғалімдер мен оқушылардың қатынасын жақсартуға бағытталған дағдылар,әдіс-тәсілдер,жұмыс түрлері қалыптасады және өзара әдіс алмасады.
-2014-2015 оқу жылындағы МДЖ жасалады.
-Мектептің кәсіби қоғамдастығы құрылады. ОҚЖТ,АКТ,СТО
Слайдтар,тақта,постер,маркер,
бейнероликтер
Коучингтің өтілу барысы
Кезеңдер Уақыты Көшбасшының іс-әрекеті Қатысушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин Сәлемдесу
Амандасады.
Психологиялық ахуал туғызу 10 мин Ән . Абай "Сегіз аяқ"
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең -істің бәрі бос -деп ұлы Абай айтқанындай бүгін барлығымыз ынтымақтаса отырып қаралатын мәселелерді шешеміз деген сенімдемін. Психологиялық жағымды ахуал қалыптасады. Интербелсенді тақта ,әуен
Топқа бөлу,топ ережесін құру 4 мин Қатысушылар еңбек өтілімі бойынша 3 топқа бөлінеді.
1. 1-15
2. 16-20
3. 20 - дан жоғары.
Топ ережесін құрады. Қатысушылар өз топ ережелерін құрады Топ ережесі
Миға шабуыл.
Бейнеролик көрсетілімі
15 мин "Күш бірлікте","Көшбасшылық" бейнесюжетін көрсете отырып қойылған мақсат пен тақырыпты айқындау.
- Бұл сюжеттерден нені және кімді байқадыңыздар?
- Көшбасшы алдында тұрған қауіп-катерді қалай және қандай жолдармен шеше білді?
- Жалпы көшбасшы деген кім? Менің ойымша көшбасшы кез келген адам бола алады. Сіздің ойыңыз?
- Әркім өз ісінің көшбасшысы, келісесіздер ме?
- Мен сіздерге біз мектепте көшбасшылық қабілетімізді қалай атқарудамыз деген ой сала алдым ба?
- Ал осы бізге көшбасшылық қабілетіміз не үшін керек?
- "Мектепті басқарудың тиімді жолы-көшбасшылық қабілетті дамыту" немесе «Мектептің жағдайын зерделеу және мақсат қою»тақырыптардың көлемінде зерттеушілік әңгіме жүргіземіз. Көшбасшылық қабілетмізді дамыту арқылы мектепті басқарудың тиімді жолын қарастыратын боламыз.
Ия күн парақтап өмір өтіп жатыр. Қазақ даналығында
...Көп білгеннен не пайда, пайдасыз іште сақтасаң,
Жастарды жиып қасыңа, білгеніңді айтпасаң.
Мен бақылдан не пайда , тыңдайтын жан болмаса
Білімдіден шыққан сөз жүрекке барып қонбаса
Ойымды жинап келгенде айтарым саған азамат
Мұратыңа жетпесең
Жамандыққа беттесең
Ақыл айтқан адамға
Өзім білем кет десең
Бұл өмірде не пайда
Халқыңа қызмет етпесең , - деген ғой.Менің оқып келгеніме 1 жыл да болыпты . Алғаш келгенімде өзімнің тәжірибемнің аздығынан ба жоқ басқа да себептер болды ма мектебіме өз жұмысымның бағытын түсіндіре алмадым. Енді мен табандылық танытып халқым үшін аянбай еңбек етуге бел буып, қолымнан келгенше өз мектебіме өзгеріс енгізуге тырысып, болмағанда өзгерістің керек екеніне ой тастасам ба деген ниетпен келіп отырмын.
Баршаңызға аян мына қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы маңызды мәселе болып отырғаны «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Осы мәселе көлемінде мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болды. Сондықтан ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны осы мәселелерді шешуге арналды.
Олай болса назарларыңызға мына бейнефильмді ұсынамын. Назарбаев Зияткерлік мектептері мен ПШО дайындаған «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз» атты бейнефильм көрсетіледі.
Ой қозғау.
«Назарларыңызға ұсынылған бейнефильмнен қандай ой тұжырымдадыңыздар?» деген сауал қойылады. Жетек сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып пен мақсат туралы түсінік қалыптастырады.
Бейнефильмді көре отырып мақсатты түсінеді және келіседі.
Қатысушылар өз ойларын түйіндейді. Бейнесюжет
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл 35 мин І1. Топпен жұмыс.Зерттеушілік әңгіме.
Постер немесе презентация қорғау.
1-топ: «Өз мектебіміздің объективті жағдайларын анықтау" өздерінің қоржындарында бар ақпаратпен бөлісу. "Барлаушы" әдісін қолдана отырып мұғалімдерден сұхбат алуына болады Алдын - ала жазылған бейнесюжеттерді көріп пайдалануға болады.
2- топ: "Мектебіміздің білім беру мақсатын зерделеу"және «Мақсат қоюға басқаша көзқарас» берілген ресурс бойынша салыстыра отырып , мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін мақсат қоюды пайдалануды қолдайтын және бұл тәсілге қарсы шығатын айғақтарды келтіру.
3-топ:"Оқудағы қиындықтарды анықтау.". Берілген ресурс бойынша оқу мен оқыту үдерісіндегі қиындықтарды анықтайды.
ІІ.Жеке жұмыс "Ыстық орындық" әдісі бойынша мектептегі жағдаятты шешу үшін не істеу керек деген сұрақтар қойылып шешімін табуға тырысу.
ІІІ. МДЖ құру керектігі анықталып желілік қоғамдастық құрылады. Жоспар жасайды. Постер не презентация жасап қоғайды өз пікірлерін көзқарастарын дәлелдейді.
Үш топтың пікірлерін таразыға салып ортақ шешім қабылдауға тырысады.
Ой түйіні. Нақты жоспар Бейнесюжет, МАН, Постер, қыл қаламдар
Жоба
Жоспар
Ойсергек.
8 мин "Желілік"тренингісі.
Бұл тренингтен не ұғынғанын сұрау. Қатысушылар шеңбер құрып, орын ауыстыру арқылы шатасады. Қайта орындарына тұру үшін жол іздейді.Желілік туралы түсінік қалыптастырады
Бағалау 2 мин түсіндім ізденемін түсінбедім
Смайликтер арқылы өздерін бағалайды Смайликтерді бағалау парақшасына жапсырады. Бағалау парақшасы:
Түсіндім Ізденемін Түсінбедім
Ой тұжырымдау 10 мин Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса , ол мектептен балалр білімді көбірек алып шықпақшы. Солай болған соң , ең әуелі мектепке керегі - білімді , педагогика , методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім. А.Байтұрсынов
Бейнесюжет "Кейде сөз арманымызды жоққа шығарады"
- Бұл сюжеттен нені байқауға болады?
Бейнесюжет "Қатал мұғалім"
1. Бұл сюжеттен өзімізді көрген жоқпыз ба?
2. Осындай қателіктерді жасамас үшін мұғалімдердің өзінің оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттілігі қаншалықты деп ойлайсыз?
3.Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі мен тиімсіз тұстары туралы не айтар едіңіз? Көшбасшы және қатысушылар негізгі түйінді ойларын тұжырымдайды Бейнесюжет
Рефлексия 5 мин «Зигзаг» тренингін ұсынады.
Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек -деп ұлы Абай айтқандай бүгінгі өтілген форумнан алған әсерлеріңізді,ой-пікірлеріңізді айтып шықсаңыздар.

Тренингке қатысушылар белгіленген кеңістікте бір-біріне қарама-қарсы бір қатарға тұрады. Содан кейін қатардың басындағы 1-қатысушы қарама-қарсы тұрған 2-қатысушыға (жіп орамының бір ұшын өзіне ұстап қалып) жіп орамын ұсына отырып коучингтен алған әсерлері мен сезімдерімен бөліседі. Ол келесі қатысушыға береді, солай зигзаг жасалғанша жалғаса береді. Жіп