О?ушыларды? бойында?ы к?шбасшылы? ?абілеттерді дамыту. М??алімдерге арнал?ан тренинг.
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Оқушылардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту.
Мұғалімдерге арналған тренинг.
Оқушылардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту.
Социометрия әдістемесі.
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы маңызды,себебі сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, беделді және көшбасшы оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.Сонымен қатар дәстүрлі социометрия әдісі пәнді оқытуда тиімді пайдалануға болады. Мысалы: қазір сізге үлгі көрсетіліп, түсіндіріледі. Сол үлгі бойынша құрылған топта осыны жасап көреміз.
Социометрия әдістемесі
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі:
Менің ең жақын үш досым? (өзара қарым –қатынасықатүсе алатын оқушылар анықталады)
Сыныптың ең танымал немесе беделді оқушылары? ( топ басшысы анықталады)
Сыныптың ең қабілетті оқушылары? ( топтың спикирі анықталады)
Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:
Таңдау матрицасы
Үлгі:
№ Аты-жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Өзі тандау жасаған оқушылардың саны Қалаусыз оқушылардың саны
1 Абатова Азиза 2 v 4 4
2 Абдрахметова Гулжазира v v 3 3
3 Сейтен Мұхтар 2 3 3
4 Алмасова Гулниса 5 2 v v 5 3
Жалпы тандау саны: 4 3 1 1 2 2 1 1 7 Бұл қатарды есептеу міндеті емес.
Қалаусыз қатарындағы жалпы саны: 2 0 3 0 0 3 2 5 1 Өзара бірін –бірі тандау жасағандардың жалпы саны: 1 1 0 1 1 2 1 0 3 Бірін -бірі қаламайтын оқушылар саны: 0 0 0 0 0 2 0 2 0 Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады
Социограмма
4 шеңберден тұрады:
1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)
2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар
3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)
4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)
-114744595250Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алып отырдым. Партаға бірге отырғысы келетін өзара бірін-бірі таңдағандарды оқушылардың өздеріне білдіртпей бірге отыруларына мүмкіндік береді.
Бейне ролик ұсынылады: « Бе ссаусақ» - бұл роликте көшбасшының маңыздылығы мен әрекеті түсіндіріліп өтеді.
Көшбасшының бойындағы қабілетін анықтау мақсатында тест алынады.
ТЕСТ
«Сіз көшбасшысызба?»
Сұрақтарын мұқиятоқып шығып, «а», «б», «в» нұсқаларының біреуін тандап, белгілеңіз.
Сіз тобыңызбен бір мәселені талдап жатырсыз. Егерде сіздің ойыңыздан басқа біреудің ойы жақсырақ болса, сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
а)мазасызданасыз;
б)әбіржіп қаласыз;
в)қызығасыз.
2.Сіз тобыңызбен бірге мектептегі сауық кешінің сценарий дайындап жатырсыз.Сіз басқалардың идеяларын өзіңіздің идеяңызбен салыстырғанда қалай бағалайсыз?
а)сіздікі жаман;
б)сіздікі жақсы ;
в)сіздікі жаман емес, бірақ жақсы болу міндетті емес.
3.Сіз басқаларға маңызды нәрсені көндіруге тырысықан жағдайда?
а)сізді тындамайды;
б)сізді тындайды, бірақ оларға сізді түсіну қиын.
в)әдетте сізді тындайды және түсінеді.
4.Сіз бір жұмысқа көп уақытыңызды жұмсадыңыз. Бірақ сізді осы уақытқа дейін ешкім мақтамады, ол түгіл сізге еш қалай қайтпады. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?
а)Есіңізден танып барлығында алып кетесіз;
б)Бұл жұмыстытастап, басқа жұмысқа кірісесіз;
в)Бұл жұмысты аяғына дейін жеткізесіз, себебі бұл маңызды деп санайсыз.
5.Манызды іс-шараны дайындауға барысында сізге көшбасшыға лайық тапсырма берілмеді. Сіз осыған қалай қарайсыз?
а)жақсы, себебі көшбасшы роліндеөзіңізді ыңғайсыз сезінесіз;
б)Егерде сізді ең басты қылып тағайындамаса, сіз қатысудан бас тартасыз;
в)кей кезде қарапайым қатысушы болуға сіз қарсы емесіз..
6.Сіз істегіңіз келген нәрсе қолыңыздан келмей жатса, сіз не істейсіз?
а)сіз барлығын тастайсыз, себебі сәтсіздіктер сізді ылғида ешнәрсеге жарамайтыңызды дәлелдейді;
б)Басқалар сізді түсінбейді, сол себепті сіз бұл жұмыстытастайсыз;
в)Сіз сәтсіздіктерден болашақта көмектесетін сабақ аласыз.
7.Егерде сіз топтық тапсырманы орындауға жауапты болсаңыз, сіз не істейсіз?
а)басым жұмысты орындау үшін басқаларына бересіз;
б)барлығын өзіңіз істейсіз;
в)Әрбіреуінің қабілетіне және қызығушылығына қарай бөліп бересіз.
8.Сіздің дайындығыңыздан өзгеше дайындығы бар адамдармен жұмыс жасағанда қандай сезімде боласыз?
а)ыңғайсызданасыз;
б)Өзіңіздің артықшылығынызды немесе кемшілігіңізді сезінесіз;
в)Басқа көзқараста қарайтынына қызығасыз және құрметтейсіз.
9.Сіздің тарапынызға шынайы сын айтылған жағдайда, сіз қалай өзіңізді сеінесіз?
а)өзіммен қанағаттанбаймын;
б)ызыланамын;
в)жұмысты алға басуға тырысамын.
10.Сіз қалағандағыдай жұмысыңыз әртүрлі себептермен жүрмей жатса, сіз не істейсіз?
а)Сіз өткен қателіктеріңізді еске түсіріп, не болар еді, егерде....
б)Барлығынада басқаларды кінәләйсіз;
в)Жұмысты ары қарай жылжу үшін жолдар іздейсіз. Енді «а», «б», «в» әріптерінің санын санаңыз.
«а»- 7 немесе оданда көп болса, жақсы көшбасшы болу үшін сізге өз-өзіңізге сенімділігіңізді арттыру қажет.
«б»- 7 немесе оданда көп болса,сізге басқа адамдарға сенім артуға үйрену қажет.
«в»- 7 немесе оданда көп болса, басқаларға және өзіңізге дұрыс көз-қарастасыз. Сіздің басқалаға және өзіңізге деген қарым –қатынасыңыз жақсы лидер болып шығуға септігін тигізеді.
Егерде сіздің нәтижеңіз өзіңіз ойлағандай шықпаса, онда оның себептерін анықтауға тырысып көріңіз.
Бейне ролик ұсынылады: « Көшбасшының бойындағы 4 қабілет» - көшбасшы болу үшін немесе оны анықтауда бойында басқа біреулерге жауапкершілік ала білу, басқаларға деген сенім қасиеттер болуыкерек.
Практикалық жұмыс:
Мақсаты: Көшбасшының көшбасшылық қабілеттерін дамыту , басқаруға дағдыландыру.
Ұжымды зерттеу сызбасы.
Көшбасшының орынбасары:
Көшбасшының орынбасары:
Көшбасшы
Сынып ұжымымен жүргізілетін
бағыттар
Бақылау түрі.
Ұжымды зерттеу сызбасы арқылы ықпал жасау жолдары.
Сынып ұжымы
Сынып жетекші
Көшбасшы
Сыныптың белсенділері
Сынып оқушылары
Тренинг: « Ашық хат».
Мақсаты: Оқушылар өзін –өзі тәрбиелеу арқылы сыныптың ұжымшылдығын арттыру.
Менің бойымдағы жағымды және жағымсыз қасиеттер.
+ -
Бейне ролик: Көшбасшыны қолдау.
Қорытынды.