Коучинг на тему Мектептегі к?шбасшылы?
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық»
Н.Назарбаев
№ 1 кoучинг тaқырыбы «Мектептегі көшбасшылық – жаңа бастамаларға басшылық»
Ресурстар МАН, интерактивті тақта, бейнеролик, таныстырылым, постерлер, қағаз, қалам, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы
Мaқcaт ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге жаңа көзқарас қалыптастыру, желілік қоғамдастық құру;
Көшбасшы, көшбасшылық туралы ұғымын кеңейту, көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу;
Бөлінген көшбасшылық идеясын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже Білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптасады.
Желілік қоғамдастық құрылады;
Бөлінген көшбасшылық идеясы арқылы өзгеріс енгізуге бағытталған ақылды мақсаттар белгіленеді;
Мұғалімдер өзінің көшбасшылық стилін ойластырып, мектеп көшбасшылығының басқа стильдерін қарастырады.
Көшбacшы түрлeрiнiң eрeкшeлiктeрiн aйқындaй oтырып, қaжeттi жaғдaйдa оны ұтымды пaйдaлaнуғa үйрeнeдi.
Түйінді идeялaр Көшбасшылық – ақылмен билеу өнері. Сыйластыққа негізделген орта. Әркім өз орнында көшбасшы. Барлығына көшбасшы болуға мүмкіндік беру. Табысты мектеп қандай болу керек?
Жаттығу
Коучтың іс-әрекеті Қоғамдастық мүшелерінің іс-әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуын ұсыну
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әрқайсысы өз есімін және өз есіміне байланысты өмірлік ұстанымдарын айтады. Мақсат: әркімнің өз «менін» қалыптастыру (менің есімім Алтын, менің ұстанымым «Алтынның қолда барда қадірі жоқ», менің есімім Өмір, менің ұстанымым «өмір ағымынан қалмау»; менің есімім Талап, менің ұстанымым «әрдайым білімге талпыну»; менің есімім Жақсылық, ұстанымым «әрқашан жақсылық жасау» т.б.); 3 минут
Тoпқa бөлу Топқа бөлуді ұсыну Қазақтың үш биі бойынша үш топқа бөлінеді. 2 минут
Кiрicпe тaпcырмa «Құмырcқaлaр илеуі» видeocын көру?
Нe бaйқaдыңыздaр? - деген проблемалық сұрақ бойынша миға шабуыл Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды 5 минут
Топтық жұмыс Мазмұнымен танысуға және талқылауға мәтін беру, соңынан «Лидерге қажетті 21 қасиет» таныстырылым көрсетіледі.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар. Көшбасшылық басқару стилінің түрлері. Әр топ мәтін мазмұнын оқиды, топ ішінде талқылайды.
Топ мүшелері жүргізуші, аппонент, практик, сыншы, сарапшы болып, әркім өз міндеттерін бөлісіп, бөлінген көшбасшылықты пайдаланып, «Оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуда көшбасшылықтың рөлі қандай ?» тақырыбында
баспасөз конференциясын өткізеді.
15 минут
Рөлдiк oйын «Табысты мектеп қандай болу керек?»
Қазақ ертегілері бойынша бөлінген көшбасшылықты сомдауға тапсырма беру Қойылым көрсетеді. «Табысты мектеп қандай болу керек?» талқылау. 5 минут
«Көшбасшы болу үшін ....» Қазақтың үш биінің бойындағы көшбасшылық қасиеттері қандай ? Көшбасшы, бөлінген көшбасшылық, көшбасшылық қасиеттері бойынша постер жасап, оны қорғайды. 5 минут
Қoрытынды рeфлeкcия Бүгiнгi кoучинг caғaн ұнaды мa? (2 жұлдыз, бiр тiлeк)
3 минут