О?ушыларды? м?нерлеп о?у?а ?йрету т?сілдеріні? ?ылыми — теориялы? негіздері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘНЕРЛЕП ОҚУҒА ҮЙРЕТУ ТӘСIЛДЕРIНIҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру мәселесiне шолу
Жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң iргетасы бастауыш бiлiм беруден қаланатыны белгiлi. Бастауыш бiлiм беру – жалпы бiлiм беру жүйесiнiң алғашқы маңызды сатысы. Оқушы жалпы бiлiм жүйесiн, оған жеткiзетiн iс-әрекетер тәсiлдерiмен қатар оқу еңбегiн сапалы орындауға, бiлiм алуға жетелейтiн икемдiлiктер мен дағдыларды қалыптастырады. Бұларды ол кез келген жаңа жағдайға бейiмдей алса, оның алдынан творчестволық iзденiс жолы ашылады. Жүзеге асқан түрлi iс-әрекеттер арқылы жас шәкiрт өзiне қоршаған айналамен, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренедi. Ендеше икемдiлiк пен дағдының оқу процесінде, мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының мазмұнында үлкен мәнi бар.
Ендi «бiлiм», «дағды», «икемдiлiк» деген ұғымдарды анықтап алайық.
Бiлiм-фактiлер, ережелер, қорытындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрiнде кездесетiн шындықтың түрлi салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжiрибе. Бiлiм адам санасында, түсiнiктер, ұғымдар түрiнде бейнеленедi 5.
Икемдiлiктi көбiне iске асқан, қолданысын тапқан бiлiм деп анықтайды 17. Ал икемдiлiктiң психологтар анықтаған басқа да қызметi бар. Онда икемдiлiк ақыл-ой және практикалық әрекеттiң саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметi деп көрсетедi 22.
Ю.Н. Бабанский қандай да болсын қызмет тәсiлiн саналы меңгерудi икемдiлiк дейдi 10. Бұл анықтама мына жүйеге негiзделедi. Оқу қызметi белгiлi бiр әрекеттiң жиынтығы арқылы iске асырылады, әрекеттiң iске асу әдiсiн меңгеру-икемдiлiк.
Дағды дегенiмiз – әрекеттiң адам бойында орнығуы; әрекетке ең алғаш кiрiскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимылдар жасайды 14.
Қандай болмасын икемдiлiктi, дағдыны оқушы iс-әрекет үстiнде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгередi. Икемдiлiк-машық елiктеуден басталып, өз бетiмен атқаратын iс-әрекетке ұласады
Икемдiлiк пен машықты меңгеру еңбектi ғылыми үйымдастырудың негiзгi бағыттарының бiрi.
Сөйтiп, икемдiлiк пен дағды төмеңгi сынып оқушыларын оқыту iсiнде, олардың жетiлуi жолында маңызды бiлiмдiк қызмет атқарады және оқыту процесіне тiрек, негiз болады.
К.Д. Ушинский: «Икемдiлiктiң қандай түрiнде де – жүру, сөйлеу, оқу, жазу, сурет салу, есептеу т.б. машықтар басты роль атқарады…. Егер адамның дағдылану қабылетi болмаса, онда адамның жетiлiп – дамуы қиын болар едi. Адам дағдылана келе ақылы мен еркiн жаңа жұмыс, жаңа жеңiске жұмсайды. Мiне, сондықтан тәрбиеленушiлерге қажеттi дағды туралы түсiнiк бермей, ақыл-ойын дамыту жағы ғана ескерiлсе, онда ол жетiлдiрудiң күштi тiрегiнен айрылар едi», - деп жазды. 59
Он тоғызыншы ғасырда көптеген лингвисттер дауыс ырғағына көп көнiл бөлген Ф.И Буслаев, А.М. Пешков, А.А.Шахматов .
Кейiнiрек, мәнерлеп оқу өте ерекше өнер деп қарастырылды. Д.Коряков «Искуство выразительного чтения», Э. Озаровский «Музыка живого слова», В.К. Сережников «Мастерство чтеца», Г.В. Артоболевский, «Очерки художественной чтений» и.т.д..
Және де мәнерлеп оқуды зерттеушiлер В.П.Островский мен В.Л. Шереметевскийдiң еңбектерiн атап өткен жөн.
Революцияға дейiнгi кезеңде әдiстемеде барлық оқушылар, яғни кiшi жастан бастап мәнерлеп оқи алады деген көзқарастар болған.
1917 жылдан бастап мәнерлеп оқу мектептерде оқушылардың эстетикалық қызметiнiң бiр түрi болды.
Бастауышта жұмыс iстеудiң негiзi – оқушыларды кiтап оқуға қызықтыру, жатқа айтқызу және оқушылар өз мұғалiмiнiң мәнерлеп оқуына елiктейдi 24.
Дауыс ырғағының барлық жақтарын игеру, дұрыс, нақты эмоциональды сөйлеу дағдысын А.С. Макаренко жоғары бағалаған. Бұл жөнiнде А.С. Макаренко былай деген: «Я сделался настоящим мастером (т.е. - воспитателем) только тогда, когда научился говорить «иди сюда» с 15-20 оттенками, когда научился давать 20 нюансов в постановке лица, фигуры, голоса. И тогда я не боялся, что кто-то ко мне не подойдет или не почуствует того, что нужно» 44.
Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн Л.А. Горбушина былай дейдi: «Бастауышта оқушыларды оқытқанда бiлiм, бiлiк және дағды қалыптасады, оқушылар алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап тақырыптың образдық мазмұнын түсiнуi керек, оларды көркем әдебиет оқуға талпындыру, кiтап оқуға деген құлшынысын арттыру, ал оқудың өзi мәдениеттi жоғарылатады, яғни оқушылардың бiлiмiн байытып, қөзқарасын үлкейтедi» 23.
Ал, оқу сауат ашу кезеңiнiң өзiнде-ақ шағын көркем мәтiндердi мәнерлеп оқу түрiнде басталып, одан кейiн оқушылар түсiнiгiне лайық көркем шығармалар (ертегi, жұмбақ, әңгiме т,б,) тiлдiк материалмен интеграциялап оқытылады 29.
Тiл сабақтарында сөйлеу мәдениетiн жетiлдiру үшiн тiл дамыту жұмысының бiр бөлiмi мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады. Сондықтан мектеп мұғалiмдерiне, соның iшiнде бастауыш сынып мұғалiмдерiне тiл дамытудың арнаулы саласы мөнерлеп оқу дағдыларын меңгерту мақсатында маңызды мiндет жүктеледi 40.
Бастауыш мектептiң оқу сабағында оқылатын материалдар әр түрлi тақырыппен бөлiнiп берiлiп, балаға жан-жақты тәрбие беру мақсатын көздейдi.
Бастауыш мектептегi оқу сабағының сапасы әр сабақтың қаншалықты дәрежеде ойланып құрылғанына, қолданылатын әдiс, тәсiлге және ұйымдастыруға тiкелей байланысты.
Бастауыш сыныптарда оқушылар оқу сабақтарында өздерiнiң бiлiм мен тәрбие алуына қажеттi әр түрлi оқу икемдiлiгi мен дағдыларын қалыптастырады. Оқу-өте күрделi психологиялық үрдiс. Оқушылардың оқу дағдыларын қаыптастыру жалпы тiл дамуымен, оның iшiнде әдеби жазба тiлiмен де, сөйлеу тiлiмен де тiкелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерiнiң қызметi қатар жүргiзiлiп, ол түсiну әрекетiмен тығыз байланысады.
Жалпы оқу икемдiлiктерi мен дағдыларының қалыптасуына әсер ететiн жағдайларға тоқталып өтейiк. Мұнда ең бастысы – мұғалiмнiң жеке басының үлгiсi. Өйткенi ұстаз өз шәкiрттерiн бiлiмге баурап қоймай, оларға өзiн-өзi ұстауы, жүрiс-тұрысы, киiнуi, сөйлеуi жағынан да ықпал етуге тиiс. Әсiресе, бастауыш сынып оқушыларын мұғалiмнiң рухани жан дүниесi тартады. Олар өз ұстаздарына елiктейдi. Үлкендерге елiктеу – бала мiнезiнiң қалыптасуына әсер ететiн басты күш.
Ю.К Бабанский, А.Д. Деминцев, және Г.Победоносцев мұғалiмнiң оқу еңбегiнiң қандай деңгейде болу керектiгiне байланысты өлшемдер мен белгiлерден тұратын кесте ұсынған 9.
И.Д.Буртовой жалпы оқу икемдiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру iсiнде нәтижеге жетудiң бiр жолы – оқушылардың оқу еңбегiн қажет етуi және соған оларды дайындау дейдi 17. Ал бұл қажеттiлiк олардың физиологиялық дамуының басты белгiсi болып табылады. Оған тән қасиет – айнала қоршаған дүниеден әсер алу, бiлсем деген ұмтылыс. Бастауыш сынып оқушыларының осындай психологиялық ерекшелiктерi жалпы оқу икемдiлiктерi мен дағдыларын меңгеруге қолайлы жағдай туғызады.
Оқушы оқу техникасын толық меңгерiп, оқу жылдамдығын арттырғанда ғана мәтiндi түсiнiп, қатесiз оқуға мүмкiндiк туады. Оқушы оқу техникасын меңгере бiлгеннен гөрi оқығанын түсiнгенiне, бiлгенiне қуанады. Тез оқу икемдiлiгi оны тез жазуға, жалпы рухани дамуының өсуiне жетелейдi. Тез жазуға үйренген оқушы жазылғанның мазмұнын түсiнуге, негiзгi ойды меңгеруге, жазғанын тексеруге мүмкiндiк алады.
Белгiлi психолог В.А. Крутецкий жоғарыдағыдай жұмыстардың тиiмдiлiгi мына шарттардың орындалуына байланысты болады деп көрсетедi:
оқушы не iстеу, қандай нәтижеге жету керектiгiн бiлуге, бiр-бiрiне ұқсамайтын мәтiндер мен мысалдарды орындауға тиiс;
өз жұмысын соған ұқсас үлгiмен салыстырып, қатесiн түзетуi қажет;
жұмыстың толық орындалғанына көзiн жеткiзуi керек;
белгiленген икемдiлiктi меңгеру барысында үзiлiс болмауы шарт дейдi 35.
Сол секiлдi С.Рахметова, С.Тiлешова, А.Әбiлқаев, Ш.Әуелбаев, К. Бозжанова және т.б. көптеген зерттеушiлердiң еңбектерiн айта кеткен жөн.
Сонымен, жоғарыда келтiрiлген деректер бойынша мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру мәселесi көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеулерiне негiз болған тақырып екенiн анықтадық. Мәнерлеп оқытуды зерттеу 19 ғасырдан бастап бастау алып, ғылыми орталықтардың күн тәртiбiнен түспеген, үздiксiз даму процесінде болуға тиiстi көкейтестi мәселе деп қаралуда. Дегенмен, бұл тақырып төңiрегiнде әлде де болса ғылыми зерттеу жұмыстарын үйымдастырудың қажеттiлiгiн ескеремiз.
1.2 Ғалым педагогтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдылардын арттыру туралы көзқарастары
Он тоғызыншы ғасырдың екiншi жартысында Ресейде кең өрiс ала бастаған қоғамдық – педагогиқалық қозғалысқа үн қосып, қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оқулық жазып, методикалық құралдар шығарудың үлгi-өнегесiн көрсеткен Ы.Алтынсарин болды. Ұлы ағартушы өзiнiң бұл бағыттағы аса маңызды жұмыстарын iске асыруда ең алдымен К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Ф. Бунаков, т.б. алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының еңбектерiне сүйенедi. Балаларға оқу дағдысын үйретуде, оны жетiлдiрiп, қызықты түрде оқуға ынталандырарлық кiтап жазуға орыс мектептерiнiң тәжiрибесiн басшылыққа алды.
Қазақ даласына бiлiмнiң дәнiн сеуiп, қазақ жастарының оқуын арман еткен Ы. Алтынсариннiң iсiн жалғастырушы, жаңа заман жаршысы болған замандасымыз С. Көбеев.
Қазiргi кезеңде бастауыш сыныптағы оқу сабағының түбегейлi мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесiн кеңейту, ақыл-ой мен ұлттық сана-сезiмiн дамытуға ықпал ету, кiтап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру 37.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу, сабағының алдына мынандай мiндеттер жүктеледi:
оқушылардың оқу икемдiлiгi мен дағдыларын қалыптастыру және жетiлдiру;
көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
шығарманың түпкi мазмұн-мәнiн түсiнуiн, эмоциялық қабылдауын (кейiпкерлердiң көнiл-күйiне ортақтасу күйiну, сүйiну т.б.) қамтамасыз ету;
мәтiндегi сөздер мен сөз тiркестерiн, сөйлем мен сөйлеу үлгiлерiн үйрете отырып, ана тiлiмiздегi сол мағыналарының түрленуiне көнiл аударту;
ауызекi және жазба тiлде байланыстырып сөйлеуiн (ойын еркiн жеткiзу, сауатты да мәндi жаза бiлу) дамыту;
өзiндiк ой-пiкiрiн айта бiлуге баулу.
Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектiсi дамуының iргетасы оқу әрекетi қалыптасуының қуатты жүретiн кезеңi. Осы жөнiнде көрнектi ғалым педагог В.В. Давыдов өз еңбегiнде бастауыш мектепте оқушылардың оқу әрекетiн қалыптастыруға жағдай жасау керек дейдi 25. Ондағы негiзгi мазмұн теориялық бiлiм және оны бағыттайтын (негiздейтiн) икемдiлiк пен дағды бастауыш оқудың мектеп реформасының алдына қойылған шешушi мiндеттердiң бiрi.
Бiрiншiден, оқу-әрекетi бастауыш сынып оқушыларының әрекетi ретiнде жан-жақты дамудың негiзi болып табылады.
Екiншiден, мәнерлеп оқу, сауатты жазу, дұрыс санай бiлу икемдiлiгi мен дағдылары оқушылардың белгiлi бiр теориялық бiлiмi негiзiнде дамиды деп қарастырады.
Ал атақты педагог Д.Б.Эльконин мәнерлеп оқуға үйрету процесі ауызша сөйлеу негiзiн басқаруды қайта құру, яғни автоматталғаннан қарапайымға ауысу, ары қарай автоматталатын саналы үрдiс ретiнде түсiнiктi болу керек дейдi 60.
Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдысын арттыруда К. Бозжанова мыналарды ескеру қажет дейдi.
Бiрiншiден, оқушының дұрыс және мүдiрмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтiндi толық түсiнуiн қамтамасыз ету мүмкiн емес. Сонымен бiрге, сабақта қолданылатын әдiс, тәсiл оқудың техникасын жетiлдiрумен бiрге баланың кiтапқа, оны оқуға ынтасын арттыратындай, ал көптеген жағдайда бiр мәтiндi әлденше рет жалықпай оқуға дағдыландыратынай болуы керек.
Екiншiден, оқу сабағында оқушының ойлау қабiлетiн, қызығушылығын, бiр затты екiншiсiмен салыстырып, бiрiн екiншiсiне қарама-қарсы қойып байқаушылығын, т.б. касиеттерiн дамыту керек.
Үшiншiден, оқушының шығармашылық қиялына әсер ете бiлу керек.
Әдiскер Ш. Әуелбаев және С. Рахметова пiкiрлерi бойынша «Ана тiлi» сабақтарында мұғалiм балалардың қаншалықты сапалы, дұрыс оқуларын бақылай отырып анықтай алады дейдi 8, 51.
Сапалы оқу ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы тексерiледi. Мәтiндi асығыстықтан шала түсiнген оқушымен арнайы сабақ өткiзiледi.
Мәтiндi сапалы қабылдау арнайы берiлетiн тапсырмалар арқылы тексерiлуi мүмкiн. Хабарлама сипатындағы мәтiн үш немесе төрт бөлiкке бөлiнедi де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлiктi жүйесiмен бiрiктiруi тиiс. Мұны әрi тез, әрi дұрыс орындаған оқушы сапалы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледi.
Мәнерлеп оқи алмау сапалы оқуға олақтылықтан туады, яғни демдi дұрыс ала алмау немесе дикция кемiстiгi. Ал мәтiндi шала ұғынудың өзi де түрлi-түрлi жағдайларға байланысты ақыл-ой дамуының жеткiлiксiздiгi, сөздiк қорының тапшылығы, оқушының ұкыпсыздығы т.б.
Л.С. Горбушина оқушыларды мәнерлеп оқуға үйретуде мiндеттердiң жалпылылығымен және орындалуында оның күрделiгiне байланысты бiртiндеп, тiзбектеп орындау керек дейдi 23,24.
Ал С. Желдербаеваның пiкiрi бойынша мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалiм әңгiмелеу үлгiсiнiң бiрнеше түрлерiн магнитофон таспасына жазып алып тыңдауға болады дейдi. Балалардың саяхат кезiндегi немесе белгiлi бiр кинофильмнен алған әсерлерiн әңгiмелетiп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсiрiп, сол әнгiменi айтқан баланың өзiне қайта оқытса, екеуi екi бөлек дүние болып шығады. Өйткенi, оқушы өзiнiң еркiн сµйлескен әңiмесiнің мәтiнiн қағаздан оқығанда сөйлеу кезiндегi эмоциялық әсерiнен айырылып қалады. Бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметi де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемдiлiгiне бағынады 27.
В.П. Острогорский: «Мәнерлеп оқу дегенiмiз – үйренуге болатын өнер», - деп көрсетедi 48. Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн алдымен мынандай үш мақсат орындалуы тиiс деп көрсетедi.
Мәтiндi оқуда мазмұнына қарамай құлаққа жағымды, естiлетiндей, түсiнiктi болу.
Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi түсiнiктi етiп оқу.
Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi естiлетiн және түсiнiктi етiп ғана қоймай, тыңдаушы оның мазмұнын сезiнiп, қиялдауына әсер ету керек.
Оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына қойылатын талаптар өзара тығыз байланысты болғандықтан, бiр-бiрiмен ұштастырыла жүргiзiледi.
Сыныптан тыс оқу негiзi оқудан бөлiнбейдi дейдi А. Асқарбаева 4. Себебi оның мақсатының өзi – сыныптағы оқуды толықтыру, белгiлi бiр шығарманы оқушының өз бетiмен тауып оқуына мәжбүр болатындай жағдай жасау.
Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгiмелеу және өз беттерiмен оқыған кiтаптарынан түсiнгендерiн айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендiгiн, шығармашылық идеясы мен мазмұнын қаншалықты түсiнген-түсiнбегендерiн көрсетедi. Сонымен бiрге оқуы кем балаға дұрыс, сапалы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетiлдiруге уақытында көмектесу үшiн, оны жүйелi түрде есепке алып отыру керек дейдi 13.
С.Тiлешова оқушылардың ауызекi сөйлеу тiлiне қатысы бар жұмыстың бiрi – көркем мәтiндi мәнерлеп оқу деп көрсетедi 55. Өйткенi, көркем шығарманың мазмұнын сапалы меңгерiп оқудың нәтижесiнде, оқушы мәтiннiң идеялық мазмұнын, көркемдiк қасиетiн терең түсiнiп, одан жан-жақты әсер алады. Мәтiндi оқу аркылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнер екендiгiн, ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан дүниесiн тебiрентерлiк құдiреттi күшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып, бағалай бiлуге үйренедi.
Ал, А. Әбiлқаевтың ойынша ауызекi сөздiң тартымдылығы мына сияқты iскерлiк пен дағдыларды игеру нәтижесiнде жүзеге асырылады дейдi.
Оқушылардың тiлдiк дыбыстың жүйесiн меңгерiп, әр дыбысты жеке тұрғанда да, басқа дыбыстармен тiркесте тұрғанда да әдеби тiл нормаларын сақтап айтуы. Бұл iскерлiктi оқушылар фонетика, орфоэпиямен шұғылдану арқылы игередi.
Сөйлегенде, барлық сөздi, қосымшаларды саралап айту iскерлiгi. Сөздi ашық, нақпа-нақ айтушыларды дикциясы жақсы адамдар дейдi.
Сөйлемде логикалық екпiндi дұрыс сақтап айту iскерлiгi. Мұның өзi де анық, ашық айтуға мүмкiндiк бередi.
Интонацияны дұрыс қолдану дағдыларын игеру, сөйлеу қарқынын анықтау iскерлiгi 7.
Байланыстыра сөйлеудi, ауызекi тiлдi дамытуда оқушылардың жеке ерекшелiктерi еске алынуы тиiс дейдi 57. Алдымен мұғалiм диалогты, монологты сөйлеу түрiн меңгермеген, сөздiк қоры жеткiлiксiз, сөйлегенде кiдiрiп, сөздi еске түсiруге қиналатын оқушылады сөйлеу техникасына жаттықтыруға көңiл аудару.
Байланыстырып сөйлеуге, ауызекi сөйлеуге төселдiрудiң бiрiншi кезi, - К.Д. Ушинский сөзiмен айтсақ, - «туа бiткен сөз өнерiн», яғни жаратылысында бар қабiлеттi пайдалану 58.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретсек оны мәдениеттi сөйлеуге үйрете аламыз деген педагог М.Балақаев 11.
Сонымен, көптеген ғалым педагогтардың еңбектерiн зерттей келе оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру туралы көзқарастарын қарастырдық.
Он тоғызыншы ғасырдан бастап оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру мәселесi ғалым педагогтардың назарынан түспей, қазiргi таңда өзектi мәселе екендiгiне көзiмiз жеттi.
Әлi де бұл мәселе толығымен зерттелмеген және зерттеудi қажет етедi.
1.3Ғалым психологтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда кезiгетiн проблемаларды жою туралы пiкiрлерi
Оқытуды дамытудың тиiмдiлiгi ең алдымен мектеп оқушыларының оқу әрекетiндегi белсендiлiгiн арттырудан көрiнедi.
Психологтардың әдiл пiкiрлерi бойынша, мынандай жалпы психологиялық ереже бар: бiлiмдi меңгеру оқушылардың ақыл-ой әрекетiнiң белсендiлiгiне сай жүредi. Оқушы немесе ұғымдар анықтамасын жай ғана есте сақтап қоймай, мұғалiмнiң жаңа бiлiмдi түсiндiруiн даяр күйiнде енжар қабылдамай, бұл бiлiмдердi шамасы келгенше өздiгiнен жұмыс iстеп меңгере отырып, ақылға салуы тиiс. Мұндай жолмен алған бiлiм, механикалық жаттап алғаннан гөрi, өте жақсы есте қалып меңгерiледi 26.
Көрнектi психологтардың арнайы жүргiзген зерттеулерiнiң нәтижесiн оқу дағдысын қалыптастырудың психологиялық жақтарын ашық көрсеттi. Сонымен бiрге олар оқу дағдысын қалыптастырудың сатылы кезеңдерiн де анықтады. Бұл кезеңдердiң алғашқысы - бастапқы кезең – аналитикалық, яғни, талдау кезеңi. Бұл кезеңде әрiп танытып оқу техникасын меңгерту үшiн оқушыларға тiлiмiздiң жеке дыбыстардан тұратыны, әрiптердiң осы дыбыстардың шартты белгiлерi екенi түсiндiрiледi. Екiншiсi - әрбiр сөздi дыбыстық жинақтау, яғни, синтетикалық немесе жинақтау кезеңi. Мұны кейде оқу әрекетiнiң тұтастық құрамға айналу кезеңi деп те атауға болады. Ең соңғы кезең – оқудың автоматталған кезеңi делiнедi.
Оқудың басталуы – баланың психологиялық, ең алдымен ақыл-ойының дамуындағы алып қадам деп айтқан психолог Ф.И.Гоноболин. Мектепке барғаннан соң зейiнi, есi, ойы, қиялы жылдам дамиды 22.
Оқу процесінiң сапасы мен оның тиiмдiлiгi педагогикалық, психологиялық және физиологиялық сыңайдағы көптеген факторларға байланысты. Осы тараптан оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттырудағы проблемаларды қарастырамыз. Әйгiлi психологтар С.Л.Рубинштейн, В.А. Крутецкий, В.В.Давыдов және т.б. оқушылардың бойындағы мынандай психологиялық проблемаларды көрсеткен:
ақыл-ой белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;
ойлау қабiлетiнiң нашарлығы;
есте сақтауының нашарлығы;
мәтiндi дұрыс қабылдамауы;
түсiнiгiнiң төмендiгi.
Физиологиялық факторлары:
тiл кемiстiгi;
дұрыс естiмеуi;
нашар көруi.
Педагогикалық кедергiлер:
сөздiк қорының тапшылығы.
Осы проблемаларды жою жөнiнде көптеген психолог, педагог, физиологтардың пiкiрлерiн қарастырып өтейiк.
Психологтардың айтуынша (А.Н Леонтьев, В.А. Крутецкий, А.А. Люблинская және т.б.), зейiн дегенiмiз ақыл-ой процесінiң бағытын, тұрақталуын қамтамасыз ететiн адамның iшкi белсендiлiгi.
Оқушылардың ақыл-ой белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi – олардың сабаққа зейiн қоймауының негiзгi себептерiнiң бiрi. Осыған байланысты әрбiр оқушымен жеке жұмыс жасау мәселесi туындайды. Осы тұрғыдан мұғалiм оқушылардың сабақты тыңдай бiлу икемдiлiгiн жаттықтыру жұмысын бастамас бұрын, олардың жұмыс iстеу қабiлетiне қарай үш топқа бөлетiндiгiн есте сақтау керектiгiн айтады. Бiрiншi топқа зейiнi тұрақты, қоғамдық жұмыстарға белсендi қатысатын, екiншi топқа жұмыс iстеу қабiлетi орташа, үшiншi топқа зейiнi тұрақсыз оқушылар жатады, соңғылардың саны аз, белсендiлiгi де төмен. Сондықтан үшiншi топтағы оқушыларға ерекше көңiл бөлiнедi:
Әңгiменi оқушылардың жасына қарайғы ерекшелiктерiн ескере отырып құрып, түсiнiктi етiп баяндау. Қайталау, дауыс ырғағын келтiре оқу, тақтаға жазу аркылы негiзгi ойды нақтылау.
Оқушылардың оқу материалын қабылдау белсендiлiгiн арттыру үшiн мұғалiм тiл байлығын пайдаланып, кейбiр жайлардың ерекшелiгiн дауыс ырғағы арқылы бiлдiру.
Тұрақты зейiндi қалыптастыру жолында пысықтау үлкен роль атқарады. Қайткен күнде де оқушыларға «сылбыр» жұмыс iстеуге мүмкiндiк беруге болмайды деп тұжырымдайды.
Ғалым Л.В. Занковтың зерттеулерi бойынша, бастауыш сыныптарда оқушылардың шамасы келетiн қиындық дәрежесi жоғары сабақтар өткiзу, олардың ақыл - ойының даму процесін тездетедi деп қарастырады 31.
Ес – күрделi психикалық үрдiс, ол бiрнеше дара үрдiстерден тұрады 30. Олардың негiзгiлерi: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыру.
«Без памяти, - деп жазады С.Л. Рубинштейн, - мы были бы существами мгновение. Наше прошлое было бы мертво для будущего. Настоящее по мере его протекания, безвозвратно исчезало бы в прошлом» 52.
Есте сақтау адам қабiлетiнiң, яғни икемдiлiгi мен дағдыларының қалыптасуы, бiлiм алу, үйрену негiзiнде жатыр.
С.Л Рубинштейн., А.А. Леонтьев, В.В. Выготский, А.Р. Лурия сияқты психологтардың пiкiрiнше есте сақтауды жақсарту мнемоникалық әрекеттер арқылы қалыптасады, яғни таным процесінде, есте сақтау мақсатында берiлген материалды дұрыс есте қалдыруға қалбiлеттi адам болып табылады деп тұжырымданады.
Оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда Ф.И. Гоноболин мәтiндi дұрыс есте сақтау үшiн мынандай төмендегiдей ұсыныстар бередi:
игермелiк материалдарға бар зейiн қою;
оқу материалын жақсы ұғынып, оны бұрыннан белгiлi нәрселермен байланыстыра бiлу қажет;
оқылатын мәтiннiң жоспарын жасап, ондағы негiзгi ойды бөлектеп, мәтiндi бiрнеше бөлiмге бөлген жөн;
алған бiлiмдi iс жүзiнде қолдануға тырысқан жөн. Бұл оны есте сақтаудың бiрден-бiр оңды тәсiлi деп бередi 22.
Ал психолог Ә.Алдамұратовтың пiкiрi бойынша есте сақтау үшiн:
арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
есте қалдырудың қоғамдық, тәжiрибелiк мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы;
есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдарының жемiсi мен оның iшiнен есепке түсерлiк түйiндi мәселелердiң iзiн, мәнiн бiлу;
сол мән-мағыналарды түсiну үшiн оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.
өз еңбегiн, оқуын дұрыс ұйымдастыру;
сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру керек дейдi 5.
Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл-ой кенi болып саналатын ес пен жадына сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Ойлаудың даралық ерекшелiктерi адамның танып бiлуiнiң сапалық сипаттары мен ерекшелiктерiн қамтитын ақыл-ойдың қызметi болып саналады. Ондай салаларға өз бетiнше ойлау, оның оралымдығы, ойдың тездiгi мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Адам ойлауының дамуына ықпал етудегi бiр мақсат – ойлау әрекетiнiң жасампаздық қасиетiн арттыру, сөйтiп, адам ойының мүмкiндiктерiн толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады деп жазған психолог Ә. Алдамұратов 5.
Атақты ғалым психологтар Л.С.Выготский мен Ж.Пиаже оқушылардың интеллектiсiн дамытуда мынандай бағыттарды көрсетедi.
Бiрiншi бағыт мәтiндi қабылдау және дұрыс сөйлеу-ойлау қабiлетiнiң негiзi болып табылады. Бұл оқушылардың тiлiн дамытумен де байланысты. Егер оқушы оқығанын өз ойымен айтып, негiзгi ойды тауып және қорытындысын шығаратын болса, бұл осы бағыттың дамуы дұрыс жүрiп жатқандығын көрсетедi.
Екiншi бағыт ойлаудың барлық түрлерiнiң бiр-бiрiмен өзара-байыту, жалпы әсер мен байланысы.
Мұнда оқушыларға тапсырмалар бiр уақытта берiлсе және ұғымдарды дұрыс қолдана бiлсе, логикалық абстракциялық деңгейде талқылау жүргiзетiн болса, онда бұл бағыттың да дамуы жоғары болады деп көрсетедi 19,50.
Ойлау қабiлетiн дамытуға арналған зерттеулердiң негiзi оқшылардың түсiнiгiн қалыптастыру процесін бақылау болып табылады.
Түсiнiктiң пайда болуы - адамның ойлау процесінiң, ақыл-ойының, қарым-қатынасының және практикалық әрекеттерiнiң ұзақ, үрделi және белсендi қорытындысы болып табылады.
Ресейлiк ғалым психологтардың iшiндегi алғаш осы үрдiстi зерттеген Л.С. Выготский мен М.В. Сахаров болды.
Ғалым Э. Торндайктың пiкiрi бойынша оқушы мәтiндегi тек бiр сөздiң мағынасына ғана көңiл аударып, ал мәтiндегi басқа сөздерге мән бермейтiн болса, онда өте қарапайым мәтiн, оқушылардың түсiнуiне қиындық туғызады дейдi.
Мәтiндi түсiну математикада есептi шығару сияқты деп көрсетедi. Ол негiзгi элементердi белгiлеу, олардың дұрыс қатынастарының байланысын табудан тұрады 56.
Баланың қабылдауы, түсiнуi, ойлау үрдiстерiмен қатар дамып, қабылдаған нәрселердiң атын, мәнiн бiлiп отырады. Бұл – қабылдау процесінiң дамуы.
Отандық психологтар С.Мұқанов, Қ.Жарықбаев. Ә.Алдамұратов оқушылардың қабылдау процесін дамыту үшiн белгiлi талаптар мен шарттар мектепте бiрiздiлiкпен жүйелi түрде жүргiзiлiп отырылуы қажет дейдi. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиiс.
Көрнекi құралдарды қолдану.
Қабылданған нәрселердiң мән-жайын, жалпы ерекше қасиеттерiн түсiнудi дамытып отыру. Әдебиеттегi жеке кейiпкерлердiң мiнез-құлқы мен iс-әрекетiнiң дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау.
Қабылданған нәрселердiң мән-мазмұнын, түр-сипатын өздерiне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместiгiн анықтап толықтырып отыру.
Оқушылардың байқағыштық қасиеттерiн жетiлдiрiп отыру. Ауызекi сөзi мен көргендерiне бағыт беру. Дұрыс қабылдауға әдеттендiру.
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық үрдiстермен (ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезiм-эмоция) тығыз ұштастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберiн кеңейтiп отыруды талап етедi.
Сонымен, көптеген ғалым психологтардың еңбектерiн ғылыми теориялық тұрғыдан зерттей келе мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда кездесетiн мынандай проблемаларды анықтап алдық:
ақыл-ойының жеткiлiксiздiгi;
есте сақтауының нашарлығы;
ойлау қабiлетiнiң нашарлығы;
мәтiндi дұрыс қабылдамауы;
түсiнiгiнiң төмендiгi;
зейiн қойып тыңдамаушылығы;
тiл кемiстiгi;
дұрыс естiмеуi;
нашар көруi;
сөздiк қорының тапшылығы;
денсаулығының нашарлығы;
сабаққа деген ынтасының төмендiгi;
көңiл күйiнiнiң нашарлығы.
Оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыруда жоғарыда берiлген проблемаларды мынандай жолдармен жоюға болады:
әрбiр оқушымен жеке жұмыс жүргiзу, яғни зейiнi тұрақсыз, белсендiлiгi төмен оқушылармен жұмыс жүргiзу;
есте сақтауды мнемоникалық әрекеттер арқылы қалыптастыру;
ойлау әрекетiнiң жасампаздық қасиетiн арттыру;
логикалық тапсырмалар беру арқылы;
көрнекi құралдар қолдану арқылы;
қабылданған нәрселердiң мәнжайын, жалпы ерекше қасиеттерiн түсiнудi дамыту арқылы;
оқушылардың байқағыштық қасиеттерiн жетiлдiру арқылы;
ауызекi сөз бен көргендерiне бағыт беру жөне т.б.
Қорыта келе, мәнерлеп оқуға үйрету жалпы бiлiм беретiн мектептерде әр түрлi аспектерде iске асырылатын оқыту әдiстерiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi екенi айкындалды.
Сонда, мәнерлеп оқу дегенiмiздiң өзi дауыс ырғағы арқылы автордың ойын бiлдiру, мазмұндық ой екпiнiн дұрыс қоя бiлу, ақырында оқығанды түсiнiп, кейiпкердiң көңiл-күйiн сезiне оқи бiлу.
Сонымен, бұл бөлiмдi аяқтай келе мәнерлеп оқуға үйрету жұмыстарына байланысты ғылыми-теориялық әдебиеттердi зерттей келе, бiз мынандай қорытындыға келдiк. Мәнерлеп оқу ғылыми әдебиеттерде көптен берi орын алып, зерттелiнiп келген. Бүл мәселеге К.Д. Ушинский, В.А. Крутецкий, С. Рахметова, С. Желдербаева, С. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Қ. Жарықбаев, А.С. Выготский, А.Әуелбаев, Д. Н. Богоявленский, Г.К. Бочарев, И.Д. Буртавой, .А. Буяльский, В.П. Острогорский, Д.Б. Эльконин, С.А. Рубинштейн және тағы басқалар көңiл аударған.
Ғалым педаготардың пiкiрiнше, мәнерлеп оқуды меңгерту арқылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнерi екендiгiн, ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан-дүниесiн тебiрентерлiк құдiреттiкүшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып, бағалай бiлуге үйренедi.
Ал ғалым психологтар оқушылардың мәнерлеп оқу дағдылары мен икемдiлiктерiн арттыру үшiн алдымен оқушылардың зейiнiн, есте сақтауын, ақыл-ойын, қиялын және т.б дамытуға көнiл бөлу керек дейдi.