Кембридж бa?дарламасы негiзінде ал?ан теориялы? бiлімді мектептегi т?жipибемен ?штастыpу
Тиімді тәжірибе
Кембридж бaғдарламасы негiзінде алған теориялық бiлімiмді мектептегi тәжipибемен ұштастыpу мақсaтында өзiм қызмет етiп жүрген А мектебінде 5- сынып оқушыларымен сабақ өткiзу үшiн орта мерзiмді сабақ жоспарын жоспарлaдым. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай тізбектелген 4 сабақтың ортақ тақырыбы: "Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз".
Негiзгі мақсатым - бағдaрламаның жетi модулін сабақта қолданып, ықпaлдастыру арқылы тақырыптар аясында өздігінен талдау, топ ішінде мағынаны ұғыну арқылы тіл белсенділігін арттыру.
Бірінші "Баланың бас ұстазы - ата-ана"сабағында оқушыларды топқа бөлгенде шу болады деп қорыққан болатынмын. Мектебімізде деңгейлік курстан мұғалімдер саны көп, сондықтан топ ережелерін, постерлермен жұмыс жасауды, топ көшбасшысына бағыну қажет екендігін білетін болып шықты. Қазақ тілі бұл балаларға өзге тіл болғандықтан балалар жұмыстарын қорғаған кезде қиналды.
Екінші "Отбасы мүшелерінің мамандықтары" сабағының тиімділігі -оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай ұсынған тапсырмалар және сұрақтарым болды. Сабақта көрнекі материалдар көп және рөлдік ойындар болғандықтан қызықты әрі тартымды өтті. Автор орындығында балалар кім болғысы келетіндерін айтты.
Үшінші сабағымыз "Тазалық" өлеңін өткенде сыныпты топқа бөлген жоқпын. Балалар жұпта, жеке жұмыс жасады. "Стикердегі диалог" әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталап, жаңа сабақтың тақырыбын аштық. Дарынды балаларға эссе, бес жолды өлең жазуға ұсынғанмын, эссенің тақырыбы толық ашылмады. Бірақ бес жолды өлең тапсырмасын балалар толықтай орындап шықты.
Тізбектелген сабақтардың соңғысы - "Қолғабыс" өте тартымды әрі қызықты өтті. Бұл күні сабаққа директордың ОТЖ меңгерушісі қатысты. Балалар өздерін еркін, сезініп көшбасшы бөлген тапсырманы топтың әр мүшесі жауапкершілікпен атқарды.
Өзімнің осы тәжірибемді қорытатын болсам, диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін тереңірек меңгеріп, осы модуль арқылы балалардың тілін жетілдірсем деймін. Өйткені оқушылар аудармасын білсе де, ашық сұрақтарға тиісінше жауап бере алмайды. Жалпы, қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.