Интеллектуалды сайыс Жас географ 8-10 сынып


Қостанай облысы Амангелді ауданы
Байғабыл ауылы
«А. Нұрманов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
география пәні мұғалімі
Кусайнова Қарлығаш Талгатовна
«Жас географ»
интеллектуалды  сайыс
Мақсаты: Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін сынау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын одан әрі дамыту, қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географ» атағын алатын оқушыны анықтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Түрі: Сайыс
Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
Бүгінгі география пәнінен «Жас географ» атты интеллектуалды  сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейін. 
География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы  Эратосфен өзінің  Жерді сиппаттауға арналған еңбегін  «география» деп атаған.  Және, ұзақ уақыт бойы  география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. XIX ғ. басында  бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай  географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі  денелермен
құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай , олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа  түскен  оқушылар  өздерінің  географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы  материктер туралы білімін көрсетеді.

   Бүгінгі интеллектуалды сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 2 оқушыдан   шығады. Сонымен сайысқа 6 оқушы қатысады:
8-сыныптан: Тұрар Ж. Сағынтай Ә.
9-сыныптан: Шөптібай Ә. Сапарғалиева А.
10-сыныптан: Қайыр А. Байқоныс Ж.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайын:
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білімді деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
К е з е ң д е р і:
1 – кезең. Тақтада 1, 2, 3, 4, 5, 6 ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді. Ұпай саны-5
2 – кезең. Тақтада 5 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген. Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.
3 – кезең. «Қара жәшік» ойыны. Жәшік ішіне жасырылған 3 заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 1 көмек болады, көмек алғаны үшін 1 ұпай шегеріледі. Ойлануға 1 минут, толық және дұрыс жауап 10 ұпай.
4 – кезең. «Мозаикалық тапсырма». Кез келген бір материкті жеребе арқылы таңдап, картаның қиындысынан берілген материкті құрастыру. Құрастыруға 1мин. Толық құрастырылған – 5 ұпай.
5 – кезең. Географиядағы грек және латын сөздерінің  аудармасын табу керек. Ұпай саны – 20.
6 – кезең. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек, алдарында берілген қағазға жауабын жазады, содан кейін дұрыс жауабымен тексереді). 
Ұпай саны-10.
Ал, сайыскерлер сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
I-кезең. Тақтада 1, 2, 3, 4, 5, 6 ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді. Ұпай саны-5.
1. Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел  (Исландия)
2. Қазақстандағы шина жасау зауыты орналасқан қала  (Шымкент)
3. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы  (Жел)
4. Аустралияның астанасы (Канберра)
5. Орыс қызының есімімен аталатын өзен (Лена)
 
2.
1. Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («Аяз Атаның мекені»)
2. Қазақстандағы өлшеуіш аппаратура шығаратын зауыт қай қалада (Көкшетау)
3. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)
4. Ұлыбританияның астанасы  (Лондон)
5. Машина маркасымен аталатын өзен (Волга)
3.
1. «Екі өзен аралығы» деп аталатын ойпат, бұл ойпатта қай екі өзен ағып өтеді?  (Месопатамия ойпаты.Тигр және Евфрат өзендері)
2. Қазақстандағы аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала  (Талдықорған)
3. Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі  (Арал)
4. Монғолияның астанасы (Ұлан-Батор)
5. Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы (Ассам)
4.
1.  Пішіні жағынан Етікке ұқсайтын мемлекет (Италия) 
2. Тутсилер мен химилер қандай адамдар? (ең бойшаң адамдар) 
3. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)
4. Египеттің астанасы (Каир)
5. Қарағанды көмірін ашқан кім? (Аппақ Байжанов ) 
5.
1. Еуропадағы бұл елді «Қызғалдақтар елі» деп атайды. (Нидерланды)
2. Қазақстандағы кабель зауыты орналасқан қала (Семей)
3. Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар (Горизонтальдар)
4. Канаданың астанасы (Оттава)
5. Қыздың есімімен аталатын көл (Виктория)
6.
1. «Күншығыс елі» (Жапония)
2. Қазақстандағы толық циклды металлургия комбинаты орналасқан қала (Теміртау)
3. Жер бетінде полюстен полюске ойша жүргізілген сызық  (Меридиан)
4. Бразилияның астанасы (Бразилиа)
5. Ұл баланың есімімен аталатын пайдалы қазба (Алмас)
II-кезең. Тақтада 5 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген. Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.
Қазақстан қорықтары10 20 30 40 50
Әлем саяхатшылары10 20 30 40 50
Елтану10 20 30 40 50
Жануарлар дүниесі10 20 30 40 50
Өсімдіктер дүниесі 10 20 30 40 50
Қазақстан қорықтары10- Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық  (Наурызым)
20- Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қойдың түрі  (Муфлон)
30- Қазақстанда ең алғашқы қорық қай жылы құрылды (1927 ж Ақсу-Жабағылы)
40- Қорғалжың  қорығы орналасқан  облыс (Ақмола)
50- Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдіктер (Аралий мен «алтын тамыр»)
Әлем саяхатшылары10- Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ болып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, әрі қарай жасырын, саудагер ретінде саяхатын жалғастырған.  (Ш.Уәлиханов)
20- Христофор Колумбтан кейін Америкаға саяхатқа аттанады. Ол осыдан соң қызықты оқиғаға толы жазбаларында өзінің болған жерлерін жаңа дүние бөлігі ретінде сипаттаған. Сондықтан жұртшылық оны Американы ашушы ретінде қабылдады. (Америго Веспуччи)
30- Су асты зерттеулерінің негізін қалаушы және алғаш акваланг ойлап тапқан француз  теңіз саяхатшысы. Экспедицияның материалдары бойынша мұхиттағы тіршілік  туралы көптеген фильмдер түсірілді. (Жак Иф Кусто)
40- Бұл адам өзінің бірінші саяхатында Жаңа Зеландияның екі арал екенін анықтап, Үлкен Тосқауыл рифті тапты. Аустралияның шығыс жағалауын ашқан ағылшын теңіз саяхатшысы. (Джеймс Кук)
50- Екінші рет (1545-1596) жер шарын айналып шыққан теңіз қарақшысы. Экспедиция нәтижесінде Жаңа және Ескі Дүниенің дәл картасы жасалды. Бұл адамның есімімен Тынық және Атлант мұхиттарын қосатын бұғаз аталды.  (Френсис Дрейк)
Елтану
10- «Бостандық статуясы» орналасқан мемлекет. (АҚШ)
20- «Эйфель мұнарасы» орналасқан мемлекет (Франция)
30- Жерінің ауданы бойынша дүниежүзінде 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. (Аустралия Одағы)
40- Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін созылып жатыр. (Қазақстан)
50- Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстары негізінде халықаралық туризм дамыған. Әлемдегі ең ірі, ұзын өзеннің атырауында тұрғандықтан жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысады.Мақта-ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.  (Египет)
Жануарлар дүниесі10- Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, еш уақытта  су ішпейді.Тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянады, баяу қозғалады,оны қалталы аю деп те атайды.  (Коала)
20- Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар (Марал)
30- Анд тауының символы  (Лама)
40- Еуразияның тайгасында тіршілік ететін Қиыр Шығыста ерекше қорғауға алынған жыртқыш   (Уссурий жолбарысы)
50- Солтүстік Американың арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен  бері  сақталып қалған жануар тіршілік етеді.Оның қалың, әрі ұзын қара-қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды. Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген. (Қойөгіз)
Өсімдіктер дүниесі10- Африка материгіндегі Намиб шөлінде өсетін бұл өсімдік 2000 жылға дейін тіршілік етеді. Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап, сабағынан өсіп отыратын өте сирек кездесетін өсімдік.  (Вельвичия)
20- Амазонка бассейнінде жапырағының диаметрі 2 метр, 50 кг дейін жүк көтере  алатын гүлді өсімдік өседі.Ол қалай аталады.(Виктория-регия)
30- Бұл ағаштың биіктігі 100 м-ге дейін жетеді, қабығы қалың, отқа тез жана қоймайды.Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды.  (Эвкалипт)
40- Оңтүстік Американың саваннасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын  ағаш  (Кебрачо «балта сынар»)
50-  Ява  аралындағы вулкан шыңында 3 мың метр биіктікте өсетін гүл-вулкан атқылау ошағының жақын екендігін көрсетеді екен. Жергілікті халық бұл өсімдікті қалай атайды?(«Өлім гүлі»)
 III-кезең. «Қара жәшік» ойыны. Жәшік ішіне жасырылған 3 заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 1 көмек болады, көмек алғаны үшін 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, толық және дұрыс жауап 10 ұпай.
1-зат. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған.
Көмекші сұрақ: Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы.
Жауабы: Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
2-зат.   HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80" \o "Жер" Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, ХҮ ғасырда жасалған.
Көмекші сұрақ: бұл құралды алғаш неміс картограф Мартин Бехайм жасаған.
Жауабы:Глобус.
3-зат. Көлемі шағын, өте жинақы жинақталған, алып жүруге қолайлы, пәннің тілі болып саналады.
Көмекші сұрақ: Әр елдің географиялық орны көрсетілген.
Жауабы: Әлемдік атлас кітапшасы.
ІV – кезең. «Мозаикалық тапсырма». Кез келген бір материкті жеребе арқылы таңдап, картаның қиындысынан берілген материкті құрастыру. Құрастыруға 1мин. Толық құрастырылған – 5 ұпай.
V – кезең. . Географиядағы грек және латын сөздерінің  аудармасын табу керек. Ұпай саны – 20. Алдарында берілген қағазға жауабын жазады, содан кейін дұрыс жауабымен тексереді. 
Географиядағы грек сөздерінің аудармасы. 
Барометр-«салмақ өлшеймін»
География-«Жерді сипаттау»
Карта-«табақ»
Полюс-«білік»
Гигрометр-«ылғал өлшеуіш»
Мантия-«шапан»
Кратер-«тостаған»
Метаморфоз-«өзгеру»
Озон-«аңқыған»
Планета-«кезбе»
Географиядағы латын сөздерінің аудармасы 
Вегетация-«ояну»
Глобус-«шар»
Орбита-«жол»
Конденсация-«қоюлану»
Меридиан-«талтүстік»
Компонент-«құраушы»
Экватор-«теңестіруші»
Абсолют-«толық»
План-«жалпақ»
Промиль-«мыңға шаққанда»
 VІ-кезең. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек, алдарында берілген қағазға жауабын жазады, содан кейін дұрыс жауабымен тексереді). 
Ұпай саны-10.
ИАНМЕДРИ – МЕРИДИАН
РТОКВЭА – ЭКВАТОР
СОПМАК – КОМПАС
ЛАПЬРЛЕАЛ – ПАРАЛЛЕЛЬ
ЮПЛОС – ПОЛЮС
САПТАС – ПАССАТ         
НОСМУС – МУССОН
ФАЙТНУ – ТАЙФУН
ДОНАРОТ – ТОРНАДО
ЛАНКУВ – ВУЛКАН
Қорытынды.
Осымен кезеңдеріміз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша көрермендермен ойын ойнайық:
А) «жұмбақ сауалнама» 1. Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде.(Солтүстік, Оңтүстік Корея)
2. Жер бетінде халқы көп,    Кім айтады елді дөп. (Қытай)
3. Шығыс Азиялық мемлекет,    Тұрады 5 мың аралдан.    Әлі күнге HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/geographia/3577-geografiyalyk-alan-synyptan-tys-sabak.html" пират көп,    Қажетін тонап таба алған.(Индонезия)
4. Өзі - қала, ел - өзі, дамыған үлгі үрдісі.    Азиялық болса да, Еуропалық тұрмысы.(Жапония)
5. Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді.     Мұнайда қалқып байыған, бұл арабтың қай елі. (Сауд Арабия)
6. Айнымалы телескопты ойлап тапқан, Әлемдік тартылыстың заңын ашқан Ғалым кім еді оптикалық құбылысты, Алғашқы боп дәлелдеп,сырын ұққан? (Исаак Ньютон) 
7. Әлемді алғаш айналып Жерді шар деп жар салып. Кім еді тұңғыш жиһангер Ойын айтқан аңғарып? (Фернан Магеллан) 
Ә) «Ең, ең, ең» Әлемдегі ең ірі материк – Еуразия Әлемдегі ең үлкен шөл – Сахара Әлемдегі ең ірі дүние бөлікм – Азия Әлемдегі ең суық жер – Антарктида Әлемдегі ең биік тау – Гималай Әлемдегі ең ұзын тау – Анд Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий Әлемдегі ең терең көл – Байкал Әлемдегі ең үлкен түбек – Арабия Әлемдегі ең үлкен арал – Гренландия Әлемдегі ең биік ағаш – Секвойя Әлемдегі ең суы мол өзен – Амазонка Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель Әлемдегі ең ылғалды материк – Оңтүстік Америка Құрлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі Әлемдегі ең аласа материк – Аустралия Африкадағы ең терең көл – Танганьика Әлемдегі ең биік жануар – Керік Әлемдегі ауданы жөнінен ең үлкен ел – Ресей Әлемдегі ең кіші мұхит – Солтүстік мұзды мұхиты Әлемдегі ең ірі ойпат – Амазонка ойпаты Әлемдегі ең тұзды теңіз – Қызыл теңіз 
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,Сөз кезегін қазыларға берейікАрамызда тапқыш достар көп екен,Солардың біз нәтижесін көрейік, - дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
 
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Азығы бір күнге жететін айламен емес,
Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!
«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жас географ»
интеллектуалды  сайысы
8-10 сыныптар
География пәні мұғалімі: Кусайнова Қ.Т.
2016 – 2017 оқу жылы