Экономика п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: К?сіпорын- экономиканы? негізгі буыны. К?сіпорын т?рлері.


Пән:Нарықтық экономика негізі
Сабақ тақырыбы: Кәсіпорын- экономиканың негізгі буыны. Кәсіпорын түрлері.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты білімділік: студенттерге кәсіпорын туралы түсінік беру. Кәсіпорын түрлері, кәсіпкерге тән қасиеттер туралы, кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы студенттерді алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
дамытушылық:Қазақстандық даму жолының мән-мағынасын ашып, даму бағытын көрсету болып табылады.Осы тұста қарастырылатын сұрақтар:
Нарықтық экономиканың негізгі модельдері
Қазақстанда нарықтық экономикаға өтудің негізгі модельдері
«Қазақстандық даму моделінің» арығарай жетілдіру жолдары, өзіндік жұмыс істеуін қамтамасыз ету және интерактивті тапсырмаларды көбірек орындату;
тәрбиелік: Адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған. Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
Көрнекті құралдар:
Нарықтық экономика негізі кітабы
Қалқандар
Үлестірмелер
Негізгі әдебиет:1. Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы2. Жүкешев Қ.М. “Адам. Қоғам. Құқық”.Алматы, 2005. 255
3. Жатқанбаев Е.Б. “Аралас экономика негіздері”. Алматы, 1996.
Сабақты жүргізу кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут
1. Білім алушылармен амандасу;
2. Білім алушыларды түгендеу;
3. Зейіндерін сабаққа аударып, оқу-құралдарын тексеру;
Үй тапсырмасы- 10 минут
Американдық үлгі?
Қытайлық үлгі
Шведтік үлгі?
Жапондық үлгі?
Германдық үлгі?
Жаңа тақырыпты баяндау – 20 минут
Кооператив — бүл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Алайда, біздегі кооперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада дамып отыр. Көпшілік жағдайда кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау ағымы байқалады. Мұндай жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға тиісінше ықпал жасамайды, инновациялық процесті тежейді, құрылымдық қайта құру жұмыстарын қиындатады.
Бюджеттік кәсіпорындар. Бүл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстволарға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге де тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.
Мемлекеттік корпорациялар — кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.
Ассоциациялар — шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Ассоциацияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық дербестігін, заңды тұлға құқығын сақтайды, меншік нысанын өзгертпейді, оз қызметін кәсіпорындар (бірлестіктер) туралы заңының ережелеріне сәйкес жүргізеді. Ассоциация құрамына мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен, акционерлік қоғам, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары оз құрылтайшыларымен келіспей-ақ кіре берулеріне құқылы. Ассоциациялар өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін ел аумағында, тіпті шетелдерде де халық шаруашылығының кез-келген салаларында жүзеге асыруларына болады. Түрлі өндірістік, шаруашылық, басқару жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыру мақсатында бүл міндеттер ассоциацияға қатысушының біреуіне немесе бірнешеуіне жүктеледі. Ассоциацияға катысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан (кірістен) оз үлестерін алуға құқылы.
Ассоциациялардың негізгі түрлері мыналар:
концерн;
салааралық;мемлекеттік бірлестік;
шаруашылық ассоциациясы;
консорциум.
1. Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер,         қаржыландыруға,        өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.2.Консорциум — капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субьектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.
Холдинг — басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.
Картель - біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Картельге мүше болу ерікті.
Мына белгілер бойынша жіктеледі:
сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоциация;
баға белгілеу жөніндегі ассоциация;
өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату аумағы мен тұтынушылар бойынша бөлу мақсатында құрылған ассоциация;
бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоциация.
Синдикат - өндірушілердің өнімді біртүтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістік дербестігін жоғалтпайды.Трест — кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, біріңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшеленеді.
Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі мақсаттарына қарай:коммерциялық;коммерциялық емес болып бөлінеді (1-схема).
 
1-схема. Коммерциялық кәсіпорынның жіктелуі 
Коммерциялық емес кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорыннан айырмашылығы — пайдалары негізгі емес нысандардан алынады және ол пайдалар коммерцияға қатысушылар арасында бөлінеді.Мысалы, мұндай кәсіпорындарғаәр түрлі тұтыну кооперативтері;
қоғамдық немесе діни ұйымдар жатады.
 
2-схема. Кәсіпорынды анықтайтын негізгі белгілер 
Кәсіпорын мына түрде жіктеледі (3-схема).
меншікке байланысты;
салалық бағыныштылығына қарай;шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі бойынша;
құқықтық ережелер бойынша.
 
3-схема. Кәсіпорынның жіктелуі 
Кәсіпорынды ашу үшін қажетті құжаттар1. Акционерлік қоғамтіркеу туралы арыз;
құрылтайшылары бекіткен жарғы;құрылтай шарты;
құрылтайшылардың хаттамасы;
мекен-жайы туралы құжат;тіркелгені үшін төленетін төлемақы туралы квитанциясы.
ААҚ үшін жарғылық капитал — 5000 есе айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы тиіс, ал ЖАҚ үшін 100 еселенген айлық есепті көрсеткіш.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктіркеу туралы арыз;
құрылтайшылар бекіткен жарғы;тіркелгені үшін төленетін төлемақы квитанциясы;
Жарғылық капиталы - 100 еселенген айлық есепті көрсеткіш.3. Толық серіктестіктіркеу туралы арыз;
құрылтай бекіткен жарғы;құрылтай шарты;
тіркегені үшін төленетін төлемақы квитанциясы;
Жарғылық капиталы — ең кемі 25 еселенген айлық есепті көрсеткіш.4.Командитті серіктестікЖарғылық капиталы - 100 еселенген айлық есепті көрсеткіш, ал шағын кәсіпорын үшін 50 еселенген айлық есепті көрсеткіш.
5.Өндірістік және тұтыну кооперативтерітіркеу туралы арыз;
құрылтай бекіткен жарғы;құрылтай шарты;
тіркегені үшін төленетін төлемақы квитанциясы.
6. Тұрғын үй құрылыс және тұрғын үй кооперативітіркеу туралы арыз;
құрылтай бекіткен жарғы;құрылтай шарты;
тіркегені үшін төленетін төлемақы квитанциясы.
7. Мемлекеттік кәсіпорынтіркеу туралы арыз;
жарғы;Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі немесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік кәсіпорынды құру жөніндегі шешімі;
құрылтайшылардың хаттамасы;
мекен-жайы;
тіркелу төлемін төлегені туралы квитанция.
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут
Әрбір студенттің алдына экономикалық қатынас жайлы мәліметтер толтыру үшін кестені сәйкесінше толықтыру
Мемлекеттік корпорациялар Бюджеттік кәсіпорындар Синдикат Мемлекеттік корпорациялар Трест
ІV. Жаңа өтілген және бұрынғы өткен сабақты жүйелеу, қорыту – 20 минут
Бақылау сұрақтары
1.Кәсіпорын дегеніміз не?
2.Кәсіпорынның жіктелуі?
3.Кәсіпорын түрлері?
V. Сабақты бағалау – 5 минут
- жалпылама сұрақтар қою;
- сабақ барысындағы белсенділігі мен тәртібіне қарай бағалау;
VІ. Үй тапсырмасы – 2 минут
Реферат жазу, сөздікпен жұмыс жасау.