Саба?ты? та?ырыбы: Негізгі т?сініктер мен ?рекеттер.


Информатика 8 сынып (презентация)Сабақтың тақырыбы: Негізгі түсініктер мен әрекеттер.MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру1. Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD - ты іске қосу, мәтіндік құжат құру туралы білімдерін қалыптастыру;2. Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау арқылы түсіндіруСабақтың типі: практикалықСабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақтаСабақтың өту барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде?2. Мәтін дегеніміз не?3. Мәтіндік құжат деген не?4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер?6. Гипермәтін деген не?7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?8. Абзац деген не?III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.Microsoft Word - ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.Пуск – Программы – Microsoft Word1. Тақырыптық қатар. Бұнда бағдарламаның аты, файл аты, басқару белгілері «- □ х»орналасқан.2. Меню қатары. Бұл қатарда Файл, Главная, Вставка, Разметка страницы, Ссылки, Вид, Рассылки, Рецензирование командалары бар. Әр команда бірнеше командалар тобынан тұрады.3. Стандартты саймандар қатары. Онда әртүрлі команданы меншіктейтін белгілер орналасқан.4. Форматтау саймандар қатары.5. Жұмыстық қатар - негізгі жұмыс орындалатын аудан. Мұнда жұмыс парағы орналасады. Осы ауданда сонымен қатар мынадай екі сайман бар. Олар:1. Көлденең және тік сызғыш (Линейка)- Парақтың жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақтарынан қалдыратын орындарды өзгертуге мүмкіндік береді.2. Көлденең және тік айналу сызығы - құжаттың экран бетінде көрінбейтін жоғарғы немесе төменгі, оң немесе сол бөлігін қарау.6. Қалып - күй қатары - жалпы жұмыс жағдайы көрсетіледі.