Д?ние ж?зі тарихы п?нінен Феодалды? ??рылысты? негізгі белгілері ж?не ерекшеліктері та?ырыбы бойынша саба? жоспары
Пәні Дүние жүзі тарихы 7 а класс 17.10.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктеріСабақтың мақсаты Ертедегі орта ғасырдағы феодалдық қоғамның шаруашылығы және оның өзіне тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Ертедегі орта ғасырдағы феодалдық қоғамның шаруашылығы және оның өзіне тән ерекшеліктерін ажырата біледі.
Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Тарихи ұғымдарды талдауға үйренеді.
Салыстырып, қорытынды жасау қабілеттері дамиды.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеп, назарына сабаққа аудару.
Психологиялық тренинг.
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар психологиялық тренингке қатысады. Түстер арқылы 3 топқа бөлінеді. Түсті қағаз
Үй тапсырмасы Ерте орта ғасырдағы славяндар
«Қар лақтыру» әдісі Оқушылар үй тапсырмасын пысықтау үшін бір-біріне сұрақ қояды. Бас бармақ арқылы Қарлы кесек
Қызығушылықты ояту Оқушыларға «Феодал», «Король», «Шаруалар» сөздеріне кластер жасауды ұсынады.
«Феодал», «Король», «Шаруалар» сөздеріне қатысты ақпаратты әуелі әр оқушы жеке жазады, содан соң тобында таныстырады, топтың атынан ортақ пікірлерін жариялайды Үш шапалақ Оқулық
Мағынаны ашу Инсерт әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.
V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе) - «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) + «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе ? «сұрақ белгісі» (егер
бір нәрсе анық емес,
көбірек білуге
құштарлық
пайда болса)
- - - -
- - - -
1 топ. Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері
2 топ. Ерте орта ғасырдағы федалдар
3 топ. Орта ғасырдағы шаруалар Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу.
Мәтінді оқи отырып, оқушылар жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді. Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады.
Критерий арқылы бағалау Кесте
Оқулық
Бағалау парағы
Ой толғаныс «Ыстық орындық» әдісі Әр топтың бір оқушыдан шығып орындыққа отырып сұрақтарға жауап береді. Екі жұлдыз, бір тілек Бағалау Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалауды Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Өзін-өзі бағалау Бағалау парағы
Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма:
§9-11 Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. Оқулық