Коучинг та?ырыбы: «Жа?а білімге заманауи к?з?арас»


Коучинг тақырыбы: «Жаңа білімге заманауи көзқарас»
Мақсаты: Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру,кеңесу,әріптестердің жаңа тәсілдерге көзқарастарын байқау.
Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбер» бас әрпіне байланысты бір сын есім айту.Мысалы: Айжан-айдай сұлу т/б.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға»
Абай.
  Мұғалімнің көзқарасы:
1 )Оқыту мен зертеуге ынта жігерін салып,белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып,ықпал ететін және бағдар беретін;
2)оқушының білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлерінің ілгері жылжыуы мақсатында мазмұнға сәйкесті байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар;
3)оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін;
4)бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастыратып,жандандыра алатындай етіп жинақтап,толықтырып,тереңдете бере алатын ,дайын білім мен идеяларды ұсынбай ,сол білім мен идеяларды оқушыларың өздері құруына түрткі болатын де сәйкес келетіндігін білетін қазіргі заман мұғалімі.
1-тапсырма. Эссе -жазу МҰҒАЛІМ НЕЛІКТЕН ӨЗГЕРУІ КЕРЕК? (5минут) Талдау жасау.

Оқу –оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысу
Мұғалім Оқушы
Оқыту ортасын құруОқу ептілігін арттыруБелсенді қатыстыру Талаптарды түсінугеЖұмыс қағидаттарын зертеуге Стратегияларды әзірлеу және ойластыру “Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады”
Д. И. Менделеев
2-тапсырма. Мағынаны ашу: “Мінсіз ...” ( бейнесін көрсету) (әр топ постер қорғау) 7-8 мин

1-топ “Мінсіз оқушы”
2-топ “Мінсіз ата-ана”
3-топ “Мінсіз мұғалім”
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі -оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Бейне фильм- 2минут Рефлексия